Гамета: Х Х Y Z W Z Ғ ♀ ХХ ♂ ХY а) Ғ ♀ ZW Бал арасы Р ♀ 2n = 32 ♂ n = 16
Гамета: n=16 n=16 n=16 партеногенез Ғ ♂ n = 16 ♀ 2 n = 32 б) 5-сурет. Әр түрлi жануарлар жынысының хромосомалық анықталуы.
Сүтқоректiлерде және кейбiр қосқанатты жәндiктерде ұрғашылардың кариотипi бiрдей жыныс хромосомалардан ХХ тұрады. Олар гомогаметалы деп аталады. Еркекте жұп жыныс хромосомалардың бiрi ұрғашыдағыдай Х, ал екiншiсi кiшiрек болады Ү. Әр түрлi жыныс хромосомалары ХҮбар жыныс гетерогаметалы деп аталады (5а-сурет). Құста, көбелекте және балықта жыныстың хромосомалық анықталуы керiсiнше (5ә-сурет): гомогаметалы жыныс – еркек (ZZ), гетерогаметалы – ұрғашы (ZW).
Жыныстың анықталуының мүлде басқа механизмi ара мен құмырсқада кездеседі. Бұл насекомдардың жыныс хромосомалары жоқ. Ұрғашы (патша, және жұмысшы аралар – диплоидты, ал еркектерi трутеньдер – гаплоидты Ұрғашылар ұрықтанған жұмыртқадан, ал ұрықтанбаған жұмыртқадан жалқау ара – трутень дамиды (партеногенез). Трутеньдердiң әкесi жоқ, ал шешелерi жағынан аталары бар. Ұрықтанған аналық клеткадан не көбеюге қабiлеттi iрi аналық не тұқымсыз жұмысшы ара дамиды, бұл жұмысшы аралардың личинканы әр түрлi қоректендiру жағдайына байланысты.
Жыныстың анықталуының гендiк механизмi. Ұрықтың бастапқы даму сатысында аналық та, аталық та емес көбею мүшелердiң бастамалары – гонадалар пайда болады. Бұлардан не дамитыны жыныс хромосомаларға байланысты. Гетерогаметалы дара гонадаларының айрықшалануы ерекше ақуыз – НҮ-антигеннiң әсерiмен жүредi. Бұл ақуыздың НҮ-генi Ү-хромосомада орналасқан. НҮ-антигеннiң қатысуымен көбею мүшелердiң бастамаларынан аталық без дамиды. Аталық без өз кезегiнде еркек жыныс жолдарының айрықшалануына себепкер болатын жыныс гормондарын түзедi. Кейiнiрек басқа хромосомада орналасқан көптеген гендердiң әсерiнен аталық жыныстың әрi қарай дамуы iске асады. НҮ-генiнiң өнiмi жоқ болса Ұрық дамуының 6-аптасында аталық без түзiлмейдi де, келесi аптада гендердiң әсерiнен айрықшаланбаған гонадалардан аналық без дамиды. Арнайы тәжiрибеде НҮ-антигендi алып тастағанда НҮ-гонодалық клеткалардан аналық бездiң морфогенезi басталды. Сонымен жыныс көптеген гендердiң әсерi арқылы дамитын, күрделi полигендi белгi, оның анықталуы жыныс хромосомаларда орналасқан гендерге тiкелей байланысты, соның iшiнде ең басты рөлдi Ү-хромосоманың НҮ-генi атқарады.+ Генетикалық бисексуалдылық. Кез-келген дараны гендік тұрғыдан қосжынысты (бисексульды) деп санауға болады, өйткені оның генотпінің жартысы анасының (ұрғашының) жартысы әкесінің (еркектің) гендерінен құралған. Организмнің интерсексуалдығын ірі қарада кездесетін фримартинизм құбылысынан көруге болады. Әр түрлі жынысты егіздерден алынған ұрғашы бұзаулардың 90-95 -ы жыныс мүшелерінің қалыпты дамуының бұзылуына байланысты өсе келе ұрпақ бермейді. Мұндай фримартин деп аталатын бұзауларда өз жынысының белгілерімен қатар, ересек жыныстың белгілері, яғни гермафродитизм түрлі дәрежеде дамиды: жойылуға жақын аналық безден ұрық шығару жолдары мен қуық үсті безі қалыптасқан аталық безге дейін. Клеткалық теориябойынша тамырлардың жалпы анaстомозы арқылы ұрғашы бұзауға серігінің ХҮ –клеткалары енеді де ұрғашы бұзаудың әдеттегідей дамуы бұзылады. Фримартин бұзауда жыныс хромосомалар бойынша ХХ/ХҮ химеризмі байқалады: біраз клеткалар – ХХ хромосомалы, біршамасы – ХҮ хромосомалы. Бөтен Ү-хромосоманың фримартин бұзау клеткаларында болуының өзі оның жыныс белгілеріне әсер ететінін және ұрғашы белгілерін еркек жағына қарай өзгерте алатындығын көрсетеді. Фримартинмен бірге туған еркек бұзауда да ХҮ/ХХ-хримеризмі байқалады, бірақ оның фенотипі әдеттегідей, алайда кейбір зерттеулерге қарағанда мұндай бұқаның ұрықтандыру қабілеті әлдеқайда төмен. Тұқымға қалдырылған еркек бұзаулардың кариотипін зерттеу аса қажет.