Дәріс №1. Кіріспе. Генетика пәні,оның маңызымен, мақсаты мен міндеттері



бет14/39
Дата28.04.2023
өлшемі398,48 Kb.
#88078
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
4-Д әрістер жинағы, генетика (2)

Жынысты реттеу әдістері. Гино- және андрогенез. Жынысты қолдан реттеу мәселесін Б.Л.Астауров тұт көбелегінде жасанды партеногенез әдісі арқылы толық шешті. Тұт көбелегінің ұрықтанбаған жұмыртқаларына температурамен әсер етіп, мейоздың редукциялық бөлінуі тоқтатылады: нәтижесінде ZW-жыныс хромосомалы диплоидты жұмыртқалар түзілді. Мұндай жұмыртқалар әрі қарай партеногенез арқылы дамып, тек ұрғашы жынысқа айналады. Бұл гиногенез әдісі деп аталады. Тұт көбелегінің еркек жұлдызқұрты ұрғашыға қарағанда жібекті 25-30-ға артық береді. Сондықтан мұндай еркек жұлдызқұрт алу үшін андрогенез әдісі қолданылады. Мұнда қыздыру мен радияция әсерімен жұмыртқа ядросындағы ZW-хромосомалар жойылады, ары қарай жұмыртқаға Z-хромосомалы екі сперматозоид енеді де, ZZ-хромосомалы зиготалар дамиды.
Мал жынысын реттеу. Мал жынысын реттеудің үлкен практикалық маңызы бар. Сүт немесе жұмыртқа өндіру үшін аналықтардан кілең ұрғашы ұрпақтың туылғаны, ал ет, жүн немесе тері өндіру үшін – еркек ұрпақтың туылғаны тиімді.Мал жынысын реттеудің бірнеше әдістері белгілі, олар гетерогаметалы еркектің ұрығын Х және Ү бөліктерге айыруға бағытталған.
Электорофорез әдісінде аталықтан алынған спермадан электр өрісін өткізеді. Ортаның t = 25º болғанда анодға (+) жиналған қоян спермаларын қолданғанда көбінесе (75 %) еркек ұрпақ алынды, ал катодтан (–) – ұрғашы (80 %). Седментация әдісі сперманы анабиоздық жағдайға (“ұйқылы”) түсіріп, тұнбада Х және Ү спермалардың меншікті салмағы бойынша жоғары және төмен бөліктерге ажыратуға сүйенеді. Төменгі (ауыр) фракцияны қолданғанда ұрғашы (71 %), жоғарыны (жеңіл) – еркек ұрпақтың (79 %) көбірек туылатыны байқалды. Иммунологиялық әдіс еркек эмбрионның НҮ-антигенін табуға негізделеді. Бұл үшін НҮ-антизаттар (денелер) қолданылады. Ол арқылы Брамерер (1983) 6–7 тәуліктік эмбриондардың 85%-дан астамының жынысын анықтай алды. Мал жынысын реттеудің жаңа бір әдісінде ДНҚ-зонд пайдаланылады. Арнайы құрастырылған ДНҚ-зонд арқылы эмбрионның Ү-хромосомасын оңай табады.
Жоғарыда қаралған әдістердің ғылыми маңызы бар, алайда тиімділігі төмен, сондықтан кең практикалық қолдануға ие бола алмауда. Дамыған елдер бұл бағытта нәтижелі еңбек етуде, дегенмен олар өз жұмыстарының шешуші кезеңдерінің құпиясын жарияламайды. Кейбір компаниялар ұрғашыға не еркекке дамитын спермаларды немесе эмбриондарды нарық базарында сатылымға қоюда. Қазақстанда әзірше осындай дайын ұрықты сатып алумен шектелуде. Қазір кезде лазерді пайдалану жолдары қарастырылуда: Х-хромосомада ДНҚ көп, сондықтан электр зарядын өткізу Ү-клеткаларға қарағанда өзгеше болады, нәтижесінде олар әр түрлі бөліктерге ажырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет