1. Қоян түгi түсiнiң генетикалық анықталуы
Аллель
|
Генотип
|
Фенотип
|
жатқызылады. Қоян түгi түсiн жауапты локус 4 түрлі ген бойынша әр түрлі күйде болады: С – сұр агути тип, ссh – шиншилла немесе мардер, сh – гималай, са – альбинос. Доминанттылығы бойынша аллельдер мынадай тәртiппен орналасады: С ссh сh са 1-кесте.
|
С
|
СС, Сссh, Ссh,Сса
|
Агути
|
ссh
|
ссhссh
|
Шиншилла
|
|
ссhсh, ссhса
|
Ашық шиншил мардер
|
сh
|
chсh, сhса
|
Гималай
|
с а
|
саса
|
Альбинос
|
Көптiк аллелизмнiң басқа мысалына қан топтары жүйелерiнiң тұқым қуалауы жатады. Осы күнге дейiн адам эритроцитiнде қан тобының 15 жүйесi ашылды: АВО, МN, Р, Rh, т. б. Адам қан тобы жүйесiнің АВО локусында 3 түрлі генді ажыратады: IА, IВ және I0. IА және IВ аллельдерi I0 алелiнен басым, ал өзара кодоминантты. Олардың үйлесуі төрт қан тобын анықтайды: О (I), А (II),В (III) және АВ (IV). Олар бiр локустың үш түрлi аллелімен анықталады. Локустың үш аллелі алты түрлi генотиптi анықтайды.
Көптік аллелизмге үлгі есеп. Сайраның қан тобы АВО жүйесі бойынша I топқа жатады, оның інісі Саматтың – III, папасының – I. Мамасының қан тобы нешінші топ? Саматтың генотипін анықтау керек.Есептің берілгенінен Сайраның және оның әкесінің қан тобын қиындықсыз табуға болады,өйткені олардың генотипі – рецессивті (I0I0). Самат әкесінен I0 аллелін, ал мамасынан IВ аллелін алады, сондықтан оның генотипі гетерозиготалы – IВI0, олай болса балалардың мамасының генотипі де IВ локусы бойынша гетерозиготалы болады. Оның IВ аллелі ұлына, ал I0 аллелі қызына тұқым қуалайды. Есептің шешімі: Балалардың мамасының қан тобы III топқа жатады, оның генотипі гетерозиготалы – IВI0. Саматтың генотипі де гетерозиготалы – I ВI 0.
2. Полигибридтiк будандастыру
Мұндай будандастыруда бастапқы формалар екi және одан көп белгiлерi бойынша айырмашылығы болады. Полигибридтiк будандастырудың ең қарапайым түрi дигибридтiк будандастыру, мұнда екi белгiнiң тұқым қуалауы талданады.
Гендердiң тәуелсiз таралуы үшiн мiндеттi түрде мынадай шарт қойылады: аллель жұптарының әрқайсысы әр түрлi жұп хромосомаларда орналасады. Сондықтан да мейоз кезiнде аллельдiң бiр жұбы екiншi жұбынан тәуелсiз, еркiн күйде тарайды.
Сонымен Мендельдiң III заңы жөнiнде мынадай қорытынды жасауға болады. Әр гомологты хромосомада орналасқан түрлi гендер бiр-бiрiне тәуелсiз тұқым қуалайды.
Мысал. Тауық қауырсынының қара түсі (Е) қоңырдан (е), ал шашақ айдардың бар болуы (С), оның жоқ болуынан (с) доминантты. Қауырсыны қара, айдары шашақ тауық пен әтештен 60 балапан алынды: 30-ы қара қауырсын, айдары бар, 13-і қара қауырсынды, айдары жоқ, 10-ы қоңыр қауырсынды, айдары бар және 7-еуі қоңыр қауырсынды, айдары жоқ. Тауық пен әтештің генотипі қандай? Белгілердің тұқым қуалау типі қандай? Ұрпақтың фенотип бойынша ажырауын табыңыз және оны тексеріңіз.
Ген
|
Фенотип
|
Генотип
|
Ген
|
Фенотип
|
Генотип
|
Е
|
Қара
|
ЕЕ, Ее
|
С
|
Шашақ айдар
|
СС, Сс
|
е
|
Қоңыр
|
ее
|
с
|
Айдарсыз
|
сс
|
Қара қауырсын, шашақ айдар Қара қауырсын, шашақ айдар
P ♀ ЕеСс ♂ ЕеСс
ЕС
Ес
еС
ес
ЕС
Ес
еС
ес
-
Гамета
|
ЕС
|
Ес
|
еС
|
ес
|
ЕС
|
ЕЕСС
қара,айдарлы
|
ЕЕСс
қара,айдарлы
|
ЕеСС
қара,айдарлы
|
ЕеСс
қара,айдарлы
|
Ес
|
ЕЕСс
қара,айдарлы
|
ЕЕсс
қара,айдарсыз
|
ЕеСс
қара,айдарлы
|
Еесс
қара, айдарсыз
|
еС
|
ЕеСС
қара,айдарлы
|
ЕеСс
қара,айдарлы
|
ееСС
қоңыр,айдарлы
|
ееСс
қоңыр, айдарлы
|
ес
|
ЕеСс
қара,айдарлы
|
Еесс
қара,айдарсыз
|
ееСс
қоңыр,айдарлы
|
еесс
қоңыр,айдарсыз
|
4-сурет. Құс қауырсынының түсі мен айдары пішінінің тұқым қуалауы
Алдымен "Ген – фенотип – генотип" кестесін толтырып, берілген фенотиптердің қайсысының генотипін бірден анықтау мүмкіндігін қарастырамыз. Есеп шартында берілген екі жұп белгі бойынша рецессивті ұрпақ алынған (қауырсыны қоңыр, айдары жоқ, олардың саны – 7). Демек, олардың генотипі – еесс, басқадай болуы мүмкін емес, олай болса олардың ата-анасының генотипінде е және с аллельдері бар.
Тауық пен әтеш домиыантты белгімен сипатталады және де олардың генотипінде е және с аллельдері болуы керек, сондықтан ата-аналық формалардың генотипі гетерозиготалы екеніне күмән болмаса керек (4-сурет).
Қорытынды: Тауық пен әтештің генотипі – ЕеСе. Талданған екі жұп белгінің гендері әр түрлі хромосома жұптарында орналасқан, сондықтан олар Мендельдің III заңына сәйкес бір-біріне тәуелсіз тұқым қуалайды. Ұрпақта байқалынған ажырау 9:3:3.1 ажырауға дөп келеді.
Тұжырым
Бір локуста бірнеше аллельдерді ажыратуға болады, олар гендік мутация нәтижесінде пайда болады. Жеке ағзада олардың біреуі немесе екеуі ғана болады (гомозиготалы немесе гетерозиготалы).
Полигибридтік будандастыруда әр түрлі гендер бір хромосома жұбында емес әр түрлі хромосома жұптарында орналасса, онда олар келесі ұрпаққа бір-біріне тәуелсіз тұқым қуалайды, өйткені ұрпаққа жеке гендер емес хромосомалар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |