Дәріс №1. Кіріспе. Генетика пәні,оның маңызымен, мақсаты мен міндеттері


-сурет. Клетканың генетикалық элементтері. Ген жұмысы



бет2/39
Дата28.04.2023
өлшемі398,48 Kb.
#88078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
1-сурет. Клетканың генетикалық элементтері.


Ген жұмысынәруыз (нәруыз немесе ақуыз) синтезі рибосомада ДНҚ-да (генде) түзілген иРНҚ-ның және тРНҚ-ның қатынасуымен іске асады.


3. Хромосома
Морфологиялық құрылысы: митоздың метафазасында жақсы байқалады және алғашқы тартылысқа байланысты. Алғашқы тартылыстың белгiлi бiр бөлiгiнде клетка бөлiну кезеңiнде хромосома қозғалысын меңгеретiн арнайы зат – центромера орналасады. Тартылыс хромосоманы екi иыққа бөледi. Центромераның орналасуы әр түрлi хромосомалар үшiн тұрақты және соған байланысты хромосоманың үш морфологиялық типiн ажыратады: Метацентрлi хромосомада центромера оның орта бөлiгiнде орналасқан, мұндай хромосоманың иықтарының ұзындығы бiрдей немесе шамалас болып келедi 2А-сурет. Субметацентрлi хромосоманың иықтарының ұзындығы әр түрлi болады 2Б-сурет. Акроцентрлi хромосоманың бiр иығы өте ұзын, екiншi иығы өте қысқа болады, қысқа иығы жарық микроскопында байқалмайды 2В-сурет. Жалғыз қана иықтан құралған хромосомалар өте сирек кездеседі. Олар телоцентрлі деп аталады 2Г-сурет.
1 2



3



1) Интерфазалық хромосома

2) Метафазалық хромосома
2-сурет. Хромосоманың морфологиялық типтері:
А – метацентрлі; Б – субметацентрлі; В – акроцентрлі; Г – телоцентрлі;
1 – центромера; 2 – қысқа иық (р); 3 – ұзын иық (q); 4 – спутник.
Тұжырым

  1. Генетика пәні белгілердің, соның ішінде малдың генетикалық аурулары мен туа біткен гендік кемістіктерінің ұрпаққа тұқым қуалау заңдылықтарын зерттейді. Бұл үшін оның бірнеше зерттеу әдістері қолданылады.

  2. Ағзалардың басты қасиеттері тұқым қуалаушылық пен өзгергіштігі клетка ядросында, атап айтқанда хромосомаларда орналасқан генге байланысты. Ген немесе ДНҚ негізінен ядрода шоғырланған (ядролық тұқым қуалаушылық), сонымен қатар цитоплазмада (жануарларда – митохондрияларда, өсімдіктерде – пластидаларда) ДНҚ-ның кішігірім мөлшері бар (цитоплазмалық тұқым қуалаушылық).

  3. Әрбір мал түрі өзіне ғана тән хромосома санымен, мөлшерімен, құрылысымен және құрылымымен сипатталады. Олардың кез келгенінің ауытқуы мал үшін зиянды әсерге әкелуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет