Дәріс 1: Оқыту әдістері туралы түсінік


Дәріс 5: Оқытуда қолданылатын проблемалық әдістер



бет5/19
Дата15.01.2022
өлшемі98,75 Kb.
#24040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
4. darister, ok tud n belsendi adisteri

Дәріс 5: Оқытуда қолданылатын проблемалық әдістер
1. Проблемалық оқытудың жалпы сипаттамасы

2. Проблемалық оқытуды қолданудың негізі ерекшеліктері
Проблема (гректіліндеproblema-есеп, тапсырма) – бұлдайын жауабы жоқ, сондықтан оқу және зерттеуді талапететін теориялық және практикалық сұрақ болып табылады.

Проблемалық оқыту технологиясының негізгі айырмашылығы оқушының дайын мәліметтерді қолданудан сол мәселелерді қажет ететін, ізденуші адамға айналуында.

Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, оқушының таным  дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б. ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан  мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.

Оқытушы проблемалық мәселені қою арқылы оқытушыларды проблемалық жағдайға алып келеді. Бұл жерде бұрынғы меңгерілген білім мен жаңадан пайда болған мәселе арасында қарама-қайшылық пайда болады да, оқушы оқытушының көмегімен осы мәселеге байланысты пайда болатын құбылыс немесе процеске талдау жасау арқылы оны түсінуге, игеруге тырысады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау қабілетінің белсенділігші артады. Сондықтан да проблемелы оқытудың дүниетанымдық маңызы зор. Өйткені, ол құбылыстар мен процестердің бір-бірімен байланысын көре білуге үйретеді, жеке тұлғада диалектикалық ойлау қабілетінің қалыптасуына әсер етеді. Солай дегенмен де, проблемалы оқыту білім беру мен тәрбиелеудің барлық мәселелерін шешіп бере алмайды. Оқу жүйесінде білім беру мен тәрбиелеудің әр түрлі әдістері мен қалыптары болуға тиіс.

Проблемалы оқытудың теориялық мәселелерін М.И.Махмудов, А.М.Матюшкин, И.Я.Лернер, Ю.Н.Бабанский және т.б. ауқымды зерттеген еді. Проблемалы оқытуға арнап жазылған жұмыстардың саны біршама баршылық. Бірақ, соңғы кезде, елімізде бұл әдісті оқу процесінде қолданудың жағдайы қанағаттарлықтай болмай отыр. Бұған негізгі себептердің бірі әдебиетте проблемалы оқыту жайында біртұтас оң пікірдің болмауында және оның мән жайын жақсы білетін оқытушылардың аздығында.

2. Проблемалық оқыту негізінде оқушыларға бейтаныс проблеманың жататыны, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды. Проблемалық жағдайды, проблеманы шешу-зерттеу, іздену еңбегін шығармашылық еңбекті талап етеді. Ал шығармашылық сөзінің мәні – жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Шығармашылық – ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың, жаңа өнімі. Проблеманы шешу проблемалық сұрақ, тапсырмаларға байланысты жүретін үрдіс.

Проблемалық сұрақ –бұл ойлау арқылы шешім табуды талап ететін проблемалық есептің құрамындағы немесе жеке алынған оқу сұрағы.

Проблемалық тапсырмабұл оқушыларды проблемалық жағдайға қою мақсатымен проблемалық есеп немесе проблемалық сұрақ түрінде құрастырылған мұғалімнің, әдіскердің немесе оқулық авторының оқыту тапсырмасы

Проблемалық сұрақ, тапсырмалардың өзі оқушыларды ғылыми-ізденіс, зерттеушілік іс-әрекеттерге баулиды. Себебі ол оқушылардың белсенді дербес еңбегі, шығармашылық ізденісіне негіздел

Проблемалық оқытуға негізделген зерттеу-іздендіру бағытындағы тапсырмалардың ерекшелігін төмендегі салыстырмалы кесте арқылы дәлелдеуге болады.

Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін проблемалық сұрақтар баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек.

Сабақты өткізу барысында келесі проблемалық жағдайды туғызу тәсілдерін қолдану қажет:

- Оқушыларды, сабақта өтетін жаңа материалды игеруге бағыттылған қорытындыға әкелу;

- Меңгерілген және меңгерілетін материалды бір бірімен салыстыру және қарсы қою;

- Оқушыларға, бар шешімдер қатарынан дұрыс шешімдерін іріктеп алу мүмкіншіліктерін туғызу;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет