Дәріс 8: Тренинг - интерактивті әдіс ретінде
1. Тренинг әдісінің сипаттамасы
2. Тренингтік әдістердің маңызы
1. Интерактивті оқыту әдісінің тағы бір жаңа түрі тренинг болып табылады. Тренинг әдісінің батыста психокоррекцилық жұмыс ретінде дамуына қарамастан бізде бұл әдісті ұзақ уақыт бойы білмеді. Алайда, әлеуметтік психология оқытуда тұлға аралық қарым-қатынас процесін жаңартуда практикалық сабақ әдісі ретінде қолданылады. Топтық тренингте пайда болатың ситуациялар білім алушылар үшін нақты ситуация ретінде болады. Онда білім алушылар әрекеттің нәтижесіне жету үшін жауапкершілік сезімі- тек өзіне ғана емес, жалпы топтағы серіктестері үшін де болуы керек. Оқу практикасындағы жаңа әдіс, сабақта бұл әдісті қолдану көп еңбекті талап етеді. Топтық тренингке әлеуметтік психологияның қандай проблемаларын қою керек екендігі оқытушылар мен студентер үшін түсінікті болуы керек.
Топтық тренинг жүргізу оқытушының жоғарғы дайындығын талап етеді. Бұл дайындыққа жататындар:
а) тренингтің жоба-жоспарындағы жұмысты орындау;
ә) проблеманы шешуде оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
б) мұғалімнің өзіндік дайындығы;
в) студенттер үшін рөлдерді бөлу.
Тренинг топпен психологиялық жұмыс жүргізудің ыңғайлы, конструктивті, жылдам әрекет етуші формаларының бірі. Тренинг арнайы іскерлік және рөлдік ойындарды, шешімді топпен бірігіп табудың пікірталастық әдістерін, сонымен қатар адамның бойындағы тұлғалықты қалыптастыруға бағытталған түрлі тәсілдерді қамтиды. Мысалы, ресей ғалымы Ю.Н. Емельянов: «Тренинг – кез келген күрделі әрекетті, әсіресе қатынасты білуге және игеруге бағытталған қабілетті дамытатын әдістер топтамасы», – деп айтқан.
2. Тренингтік әдістердің маңызы: Тренинг барысында индивидуалдық және топтық үрдістер араласып отырады. Сондықтан тренинг әдістері негізінен үш деңгейде жүзеге асады:
– топ арасындағы жеке қатысушымен болатын қатынас әдісі: әдетте, ол индивидуалдық психологиялық кеңес беру жұмыстарының техникаларын көрсету мақсатында топтың бір мүшесі мен жүргізушінің диадалық өзара әрекеті;
– топпен бірге – біртұтастық әдіс: мұндай жағдайда ұстаз топтың барлық мүшесі біріге отырып орындайтын тапсырма береді. Сонымен қатар шағын топтарға да тапсырма берілуі әбден мүмкін;
– топтың құралдары арқылы жекелеген қатысушыға бағытталады. Бұл деңгейдегі жұмыс әуеліде бірінші әдіске ұқсауы мүмкін, бірақ, бұл жерде оқытушы топтың ресурстарын қатысушылардың бір немесе бірнешеуіне ықпал етуі үшін жасырын қолданады .
Мысалы, тренингте түрлі оқиғаларды бастан кешіру қажет. Оқиғасыз тренингтің мәні де жоғалады. Ал дін тақырыбында оқиға жетерлік. Оқиғамен жұмыс істеу үшін кейбір ғалымдар мынадай кезеңдерді бөліп көрсетеді:
– идентификация, оқиғаны өмір ағымынан ажыратып алу, яғни, қандай оқиға және ол қайда орын алды? деген сияқты сұрақтарға жауап беру;
– интерпретация, оқиғаның себебін, шарттарын, салдарын анықтау, түсіндіру;
– квалификация, оқиғаны келешек контекстіне қойып көру. Оның пайдасы мен зиянын салмақтау.
Тренинг барысында рөлдерді басқа да студенттер сомдауы мүмкін. Рөлдер тақырыпқа байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, тақырыбы «ұжым» атты тренингтің девизі «конфликтісіз қарым-қатынас» немесе «конфликтімен» не істеуге болады. Онда мынандай рөлдер болуы мүмкін.: «мұғалім», «заңгер», «сот торағасы», «адвокат», «куәгер», «тергеуші», «жолаушы», «қылмескер», «сот орындаушы», «атқарушы», «әкімшілік» және т.б. Әлеуметтік - психологиялық тренинг - бұл сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында белсенді әлеуметтік - психологияны оқыту, тұлғаның адамдармен қарым-қатынасындағы белсенділік пен бағыттылық және топты әлеуметтік - психологиялық обьект ретінде жоғары деңгейде дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |