Дәріс 2: Оқыту әдістері жіктелуі және оларды пайдалану жолдары
Білім алу көзі бойынша әдістер жіктелуі
Репродуктивтік әдістер.
1. Оқытушы оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беру, олардың тәжірибелік әдістерін ұйымдастырады. Өзінің іс- әрекетін оқушының таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдыңда тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.
Білім алу көзі бойынша әдістер келесі топтарға бөлуге болады:
- сөздік әдістер;
- көрнекілік әдістер;
- практикалық әдістер.
Сөздік әдістерге жататындар: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, кітаппен жұмыс жасау.
- Әңгіме. Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. Сөздік әдісі кәсіби білім берудің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді.
Әңгіме әдісін егер оқу материалдың мазмұны күрделі емес болған кезде қолдануы тиімді: кіріспеде, жалпы тақырыптын мазмұнын айту барысынла.
Түсіндіру – жеке ұғым, заңдарды, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенің тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны
Әңгімелесу әдісінің түрлері:
Катахизиялық;
Эвристикалық.
Әңгімелеу әдісімен сабақ өткізу үшін мұғалім алдың ала сұрақтар дайындайды.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстын кейбір тәсілдері бар. Олар: конспектілеу, мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау; тезистеу; цитаталау; аннотация; рецензиялау; анықтама жазу.
Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқытудың тәжірибелік әдістері
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.
Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі оқу пәніңің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді.
2. Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің есебіне ұқсас есептер шығарып, тіл сабақтарында үлгі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен станоктармен жұмыс істеп, арнайы пәндер бойынша тәжірибе жасайды.
Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушыл ар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады.
Оқушыларға алгоритм беріледі. Алгоритм - оқушыға зат не құбылысты толық білуге көмектесетін бағыт беретін іс-әрекеттердің жүйесі. Оқушыларға конспектілеудің, салыстырудың, есеп шығарудың алгоритмдері беріледі. Алгоритмдер бірнеше операциялары бар дағдыларды қалыптастыруға пайдалы, себебі күрделі іс-әрекеттен оның жеке операциялары бөлінеді.
Репродуктивтік әдіс бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Ол арқылы тәжірибелік жұмыстар атқарылады. Оқушылар өз бетімен меңгере алмайтынын, олар үшін мүлдем жаңа тақырыптарды репродуктивтік әдіспен беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |