Дәріс 1: Оқыту әдістері туралы түсінік



бет13/19
Дата15.01.2022
өлшемі98,75 Kb.
#24040
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
4. darister, ok tud n belsendi adisteri

Алдын ала дайындық кезеңі

Егер сабақтың қорытынды кезеңі ерекше дайындалуды қажет етпейтін болса, онда шәкірттер өз сұрақтарын ауызша қояды, сонымен қатар жазбаша түрде де сауал қоюды да жоққа шығаруға болмайды.

Егер пресс-конференция белгілі бір пәндік проблема бойынша өткізілетін болса, онда алдын ала мынандай дайындық түрлері керек: 


  • Проблемаларды түйіндеу 

  • Сұраққа жауап беретін респонденттерді іріктеу 

  • «Пресс-конференцияның» анонсы 

  • Сынып бөлмесі мен техникалық құралдарды дайындау 

  • Лайықты көрме ұйымдастыру 


Өткізу кезеңі – пікірталас 
Тұсау кесуді өткізу 

  • Жетекшімен, респонденттермен таныстыру 

  • Қатысушылармен таныстыру 

  • Жетекшілердің қорытынды жасауы 

Бұл арада ең бастысы пресс-конференцияның өткізілу және уақыт тәртібін сақтау.

Енді пресс-конференцияны өткізу барысында әр кезеңге қанша уақыт бөлінетін көрсетейік:



І кезең

ІІ кезең 


ІІІ кезең


IV кезең
V кезең 



Жүргізушінің Пресс конференцияның мақсатын, өткізілу технологиясы мен таңдалынған әдістеменің негізін ұғындыруы
Қатысушылардың жүргізушіге жазбаша сауалдарын дайындауға көшуі

Пресс конференцияға қатысушылар мен жүргізушінің сауалдарға жауап беруі

Сараптамалық топтың (бір мезгілде қатарлас) нәтиженің қортындысын шығаруға дайындығы

Жүргізуші мен сарапшылардың алдын ала қорытындыны шығаруы 


15 мин 
5 мин 


90 мин


10 мин 

120 мин


Пресс-конференция өзінің өткізілу функциясы жағынан сан алуан болып келіп, кең көлемде басқарушылық және мынандай педагогикалық функциялар атқарады

Ақпарат функциясы 

Пресс-конференция түрлі сипаттағы проблемалардың (пәндік және жеке бастық) ақпараттық ізденісі өңделеді, жіктеледі, жөнге келтіреді, сарапталады да негізгі ақпарат екінші дәрежедегілерден бөлініп алынып, соның негізінде шешім қабыданады, әрі оны енгізудің әдісі мен формалары анықталады. Пресс-конференцияда ресми және ресми емес, ауызша және жазбаша, жеке адамдық және жасырын, динамикалық түрдегі ақпараттар қолданылады. Оларды Пресс-конференцияға қатысушылар ішінде бүгіп қалмай, педагогикалық ұжыммен, сыныптастарымен бөліседі. 



Қарым-қатынас функциясы 

Пресс-конференцияда тиімді қарым-қатынас орын алып, респонденттерден алынған ақпараттың арқасында қойылған сауалдарға орнықты жауаптар алынып, соның негізінде педагогикалық ұжымда, сыныпта туындаған проблемаға қатысты негізгі қажетті ақпарат шұғыл жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу мен кері байланыс өте тиімді жолға қойылады.

Пресс-конференция белгілі бір қызығушылық тудыратындықтан, онда қарым-қатынас жасаудың әр түрі қолданылады. Аталған педагогикалық кеңестің негізі жазбаша қарым-қатынас, иесі белгісіз жазбаша сауалдар жүргізушілер мен қатысушылардың өзіне шұғыл назар аударуын талап етеді. Арнайы педагогикалық іс-шарада пресс-конференция өткізу технологиясын түсіндіру мен қорытынды шығару кезінде визуалды қарым-қатынас қолданылады. Респонденттердің сауалға жауап беру реакциясы арқасында жүзеге асатын ауызша қарым-қатынас та үлкен мәнге ие бола түседі. 

Ынталандыру функциясы 

Бұл функция белсенді әрекетке, өз міндетін мақсатты бағытта орындау міндетіне, ұжым мүшелерінің мінез-құлқын реттеуге түрткі болады. Осыған байланысты пресс-конференция әдісі педагогикалық ұжымның алға қойған мақсатына сайкес ұжым қажеттілігін, ұжым ахуалын (психологиялық, имандылық, кәсіби т.с.с.), эмоцияның көрініс беруін зерттеуді, жеке бастық толқуын (ұмтылыс, үміттенуін) айқындайды және жаңа оқу жылында белсенді шығармашылық қызмет етуге жағдай қалыптастыруды бекітеді. 



Маркетинг функциясы 

Бұл функция жоғарыдағы аталған функциялармен көп жағдайда үндескенімен, өзіндік өзгешелігі де бар: мотив, себеп, қызығушылық пен ұжымдық проблемалар айқындалған соң, жетекші эксперттермен бірлесе отырып, өзінің пәндік ұстаздары туралы әсерін қалыптастырады, жаңа оқу жылындағы кадр саясаты , оқытушылар құрамы , пәндік кафедра қызметінің жаңа бағыттары, жаңа міндетке мұғалімдердің лайықтылығы туралы шешім қабылдайды. 



Жоспарлау функциясы 

Педагогикалық кеңесте өткізілетін пресс-конференция қалай болса, солай жүргізілмейді. Оның әр кезеңі алдын ала жоспарланып, жан-жақты ойластырылып алынады. пресс-конференция сценариі іс-шараның өткізілу жоспары болып табылады. Басқа қырынан алғанда, барша іс-шаралар ұстаздық қызметтің түрлі саласының бағдарлары бойынша мектептегі пәндік кеңестердің осы оқу жылында атқаратын жұмыс жоспарына түзетулер енгізуге бағытталады.



Үйлестіру (координация) функциясы 

Сараптау (анализ) функциясы 

Педагогикалық кеңестегі пресс-конференцияда сарапталады?

- педагогикалық кеңестің өткізілуінің жаңа формасы мен әдісіне қатысушылар қалай қарайды;

- ұсынылған тапсырманы (негізгі сауал жазылған жазбаны) мұғалімдер қаншалықты белсенді, дұрыс және бұрыс орындады;

- Пресс-конференцияның ІІ кезеңіне респонденттердің бәрі ат салысты ма;

- Пресс-конференцияның жалпы қорытындысын шығарғандағы сараптама туындаған проблеманың, сауалдың себеп-салдарын табуға көмектесе ме, сонымен қатар ұжымның белсенділік деңгейі қандай дәрежеде екендігін айқындай ала ма;

- сауал жазылған әрбір жазба түрлі көзқарас тұрғысынан сарапталады:

1.Қойылған сауалға кім жауап бере алады?

2. Қандай ақпарат келтіру керек?

3. Қандай дерек пен дәйектемені ұсыну керек?

4. Аталған сауал ұстаздар қауымы үшін қаншалықты қолайлы?

Пресс-конференция қабылданған шешімнің дұрыстығы мен тиімділігі және сонымен бірге, проблеманың ары қарай өз шешімін таба алуы дұрыс жүргізілген жүйелі сараптамаға байланысты болып келеді. 



Болжам жасау функциясы 

Аталған функция алдағыны көре білу деп те аталып, ақпарат пен саралаудың себеп-салдары болып табылады. Сонымен қатар жоспарлау функциясының жалғасы деп те атауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет