Дәріс 1: Оқыту әдістері туралы түсінік


Дәріс 12: «Миға шабуыл» әдісі



бет14/19
Дата15.01.2022
өлшемі98,75 Kb.
#24040
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
4. darister, ok tud n belsendi adisteri

Дәріс 12: «Миға шабуыл» әдісі
1. «Миға шабуыл» әдісінің сипаттамасы

2. «Миға шабуыл» әдісінің пайдалану ерекшелігі
1. Миға шабуыл әдіс күрделі мәселелерді шешу бойынша ой туындауға бағытталған, күрделі тапсырмаларға пікір таластар ұйымдастыру барысында қойылған тапсырмаларды бірігіп шешу үрдісіне негізделген. Тапсырмада пәнаралық сұрақ немесе кәсіби маңызы бар тапсырма болуы мүмкін. «Миға шабуыл» әдісі білім алушылардың жоғарғы белсенді санының тартылып қатысуына мүмкін береді. Берілген әдісті сабақтың әртүрлі кезеңдерінде қолдануға: жаңа білімді енгізу үшін, білімдерін аралық бақылауда сапалы меңгеруге, алған білімдерін шыңдауға мүмкіндік беред

Миға шабуыл барысында идеяларды сынамаңыз, бағаламаңыз, талқыламаңыз және қорғамаңыз. Топ ішіндегі жұмыс барысында Сіз тек: «Бұл керемет идея екен?», деп қана айта аласыз. ал жеке-дара жұмыс жасағанда өз-өзіңізге тым сыни көзбен қарамаңыз: «Айналадағылардың күлкісін келтіретін ақымақ идея ғой!» деген сипаттағы өзіңізді - өзіңіз сынауыңыз креативтікпен жанаспайды әрі жолыңызда түрлі кедергілерге соқтырады.

2. Топ мүшелері мейлі ол қандай болсын, әйтеуір ойларына келген кез келген идеялардың, шешімдердің, мысалдардың барлығын ортаға тастауы қажет. Әрбір идея толық айтылуы тиіс. Келесі кезеңде жаңа идеяларды ойлап тапқанша, айтылғандарды електен өткізіп, ішінен ең ақылға сыйымдысын таңдау оңай болады.

3. Бұл кезеңде идеялардың сапасынан гөрі санының көп болуына назар аударылады. Идеялар саны көп болған сайын, олардың ішінен кейбіреулерінің ең орынды болады дегендеріне сенімділік те арта түседі. Егер жеке-дара жұмыс жасаған болсаңыз, өз ой-пікірлеріңізді қағазға түртіп жазып отырыңыз.

4. Айтылғандардың ішінен енді өзге жаңа идеяларды ажыратып алыңыз. Оларға түсінік беру мен түзетулер енгізу де шығармашылық шабыт қажет. Топ мүшелерінің қай қайсысы да идеяларды жетілдіруге, басқа нұсқаларын ұсынуға құқылы. Сондықтан қолыңызда бар идеяларды тағы бір екшеп қарау артық болмайды, мүмкін олар тағы да бір жаңа идеялардың тууына алғышарт қалыптастыруы ғажап емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет