Дәріс 1: Оқыту әдістері туралы түсінік



бет19/19
Дата15.01.2022
өлшемі98,75 Kb.
#24040
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
4. darister, ok tud n belsendi adisteri

Дәріс 15: Ұжымдық оқыту
1. Ұжымдық оқытудың сипаттамасы

2 Ұжымдық оқытуды ұйымдастыру
1. Соңғы жылдары пайдаланып жүрген сабақтың жаңа түрлерінің бірі – сабақтағы жұмыстың топтың түрі. Яғни ұжымдық тәсіл. Топтық жұмыс кезінде оқушылар бірінің білмегендерін екіншісінен біледі, біріне-бірі айтады, сыныпта өзінің қабілеттерін көрсетеді. Бұл бара – бара әдетке айналса жақсы. Мұғалім даярлап келген қиындықтары бар әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, тәжірибелерді қайталап жасап, түсінік беруге қалыптасады.

Мұғалімнің іс-әрекеті сабақта оқушылардың жұмыстарын ұйымдастырушы ретінде мақсатқа жету жолында жаңа, озық әңгімелерді кеңінен қолданып, оқу-тәрбие ісін ұтымды етуден жеткізуге түседі, нақты жағдайларды ескеріп түрлендіріп отыруға үйретеді.

Сабақтарда оқушылармен топтық жұмыстарды ұйымдастыра және жүзеге асыра келе, белгілі мақсаттарға жете отыра бірнеше қағидалы мәселелерді шешеді. Олар мынандай қағидаларға жіктеледі:


  1. Пәндерді оқыту барысында сабақтағы топтың әр түрлі мүмкіндіктері бар екендігін ескеру қажеттілігін талдаулар көрсетеді, атап айтқанда:

  • оқу материалдарын талдауға, салыстыруға және бірін-бірі толықтыруға қатысты тапсырмалар таңдай білу;

  • жаттығулар мен есептеулер жүргізілетін тапсырмалар;

  • бірнеше варианттық жауаптарынан дұрысын дәлелдеулер арқылы ақиқатын анықтау;

  1. Бірін-бірі түсінетін, бірігіп оқу материалдарын пысықтайтын, қайталайтын жауаптарына дәлелдер келтіріп, талдау жүргізіп, сапалы еңбек ететін топты ұйымдастыру. Бұл арада оқушылармен ақылдаса, білім деңгейлерін ескеріп, жеке психологиялық ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қабілеттерін ұмытпаған абзал;

  2. Оқушылардың білімдері мен қағидаларына бағалау жасауда олардың оқу, еңбек ету, талпыну-ұмтылуларын есепке алып, басқа пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен ақылдасып, еңбек нәтижелерін салыстыру арқылы тапсырмаларды жүйелі жалғастыру.

Әрбір топта үлгерімдері әртүрлі, талаптары, ынталары түрліше, ер және қыз балалардың 4 және 5-тен алынып бірге ойласа жауап беретін сұрақтар жауаптары тыңдалып, сапалы сұрыптау, талдау жасалып, түсініктеме беріліп, таоптардағы табыстарына қажетті шарттарына талдау жүргізіліп, қорытынды тұжырымдар жасалады.

Үйге берілген тапсырма және жаңа сабақ материалдары негізінде дайындалған 3 сұрақтан тұратын тапсырмаларға 4 оқушыдан топтасып 6 топ 10-15 минут бойына бірлесе отыра, жазбаша жауаптарын даярлайды. Әрбір топтың жауптарын басқа топ мүшелері оқып, бүкіл сынып болып талдап, қорытындылай келе бағалайды. Ұжымдық жұмыс барысында басты нәтиже: күнделікті оқып, қайталауға мәжбүр болып, жүйелі оқуға қалыптасады, тәрбиесі жақсарады.



Маңыздысы жауаптары жүйелі, формула, түсініктер, мысалдар, есептеулер түсіне оқуға ұмтылғандарын білдіреді. Ұжымдық оқыту, жұмыс істеу барысында алда туындайтын қиындықтар жоқ емес, атап айтқанда бұл жұмысты әдістемелік ұйымдастыруда:

  • оқушыларды үлгерімі, тәртіптері, талаптары, ынталары бойынша бөлуде;

  • оқушыларға даярланатын сұрақ тапсырмаларды даярлауда және нәтижелерін талдап бағалауда;

  • сабақтың тақырыптарына байланысты әрбір жеке оқушыға нақты сұрақтар даярлауда күрделі және қарапайым, қиын және жеңіл, жай және ойландыратын, дәлелдеуді қажет ететін, қорытып шығаратын, түрлендірулер;

  • жұмыстың әрбір кезеңдерін де уақытша ұйымдастырулар, түрлендірулер;

  • әрбір топтың жұмысына объективті және негізделген бағалау;

  • жұмыс барысында оң нәтижелерді бөліп алу және оны игеру, ұжымды болса дамыту, жетілдіру, іс-жүзінде пайдалануға жету жолында еңбек ету.

Сабақты топтық оқытудың педагогикалық мақсаты оқушылардың өз бетінше, әрбір оқушының жеке өзінің оқуын жүзеге асыруда, олардың танымдық белсенділігін арттыру, әрбір жеткіншектің қайырымдылығын дамыта түсу, бірін-бірі түсінуге жеткізіп, сезімталдықтарын жетілдіріп, қол ұшын беруге әзір екендігін күшейте беру.

2. Ұжымдық оқытуды ұйымдастыруы:

  1. Білім беру мекемелерінің кез келген пәнінде оқулық бойынша мәтіндік оқу материалын оқыту жоспарланады. Ол үшін берілген оқу материалы бірнеше бөлікке бөлінеді. Әр оқушы өз бетінше жеке жұмыс істейді.

  2. Бір партада отырған екі оқушы бірігіп мәтіннің бірінші бөлігін оқуға кіріседі. Біреуі мәтінді ақырын дауыспен оқыса, екіншісі мәтіннің дұрыс оқылуын қадағалап отырады. Содан соң екеуі бірігіп мәтіннің мазмұнын талдайды, демек, біреуі мазмұнын айтып, екіншісі толықтырып отырады. Сонымен қатар басқа оқу материалдарынан да үзінділер келтіруге болады. Оқушылар мәтіннің осы бөлігіне ат қойып, оның жоспарын құрады. Жоспар құру барысында талас туындап, мәтін жан-жақты талданып, оқушылардың ойлау қабілетіне жағымды жағдай туады.

  3. Жаңа жұптарда оқушылар бірінші бөлімнің қысқаша мазмұнын қайталайды. Олар жоспарды салыстырып, өзгертіп, түзетеді. Содан соң олар бірінші жоғарыдағыдай мәтіннің екінші бөлімін талдайды. Осылайша мәтін аяқталғанша жұптарын ауыстыра отырып, жұмыс істейді.

  4. Мәтінді талдау барысында ақырға жұптың жұмысы маңызды. Мәтіннің ақырғы бөлігін талдаған жұп кезекшіге немесе мұғалімге жұмысты аяқтағаны жөнінде айтады. Осыоайша оқушы оқылған тақырып бойынша кіші немесе үлкен топта жұмыс істеуге дайын.

  5. Мәтіннің барлық бөлімін талдаған оқушылар 4-6 адамнан кіші топтар құрайды. Олар өздеріне жүргізушілер тағайындайды. Жүргізуші өзіне және әр оқушыға материалды айтып шығу үшін сөз береді. Топ әр оқушыға баға қояды.

Тапсырмалармен өзара алмасу, бірыңғай тапсырмаларды орындау оқушыларының білім білік, дағдыларын игеруде таптырмайтын әдіс.

Оқытудың ұжымдық тәсілінің ерекшелігі келесі үрдістердің сақталуына байланысты:



  • Оқушылардың жұптарының ауысып отырыуы.

  • Олардың өзін-өзі оқытуы.

  • Өзара бақылау.

  • Өзара басқару

Ұжымдық оқытудың ерекшелігі:

1 Жекелей оқыту;

2 Жұпттық оқыту;

3 Топтық оқыту;

4 Ұжымдық оқыту.

Оқушы-оқушы, оқушы-оқытушы, оқушы-үйретуші міндетін атқарады.

Ұжымдық оқытудың талаптары:


  • Әр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек,

  • Өзінің ғана емес басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау,

  • Өзі оқи отырып, өзгені оқыту,

  • Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту.

Ұжымдық оқыту технологиясының жүргізілу кезеңдері:

1. Тапсырмаларды даярлау кезеңі:

- берілген тапсырмалармен танысу;

- шағын бөлімдерге бөлу;

- әр бөлімдерге ат қою;

- жоспар құру;

- жоспарға сүйене отырып текст мазмұнын меңгерту;

- тексеру сұрақтарын даярлау;

2. Тапсырманы екінші оқушыға түсіндіру кезеңі:


  • Тақырыптың мақсаты не?

  • Жоспармен таныстыру;

  • Мазмұнын түсіндіру;

  • Бақылау сұрақтары бойынша түсінгенін зерттеу.

3. Өз бетінше жаттығу жазу, тәжірибе жасау, есеп шығару, шығарма жазу, түсінгенін баяндау кезеңі.

Тәрбиелік мәні:



  1. өзін-өзі басқару;

  2. өзіне-өзі қызмет ету;

  3. жауапкершілікті сезіну;

  4. басқаның еңбегін бағалай білу;

  5. ұқыптылық;

  6. белсенділік;

  7. адалдық;

  8. байқампаздық;

  9. зейінділік;

  10. ынтымақтастық;

  11. ұжымдық;

  12. Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін принципінің орындалуы

Сондай – ақ А.Г.Ривин әр түрлі жағдайларда қолданылатын оқытудың ұжымдық тәсілінің бірнеше әдістемесін атап көрсетті:

- кез келген оқу пәні бойынша мәтіндік материалды оқу;

- мәтінді өзара алмасу;

- тапсырмаларды өзара алмасу;

- оқулық бойынша есеп пен мысалдарды шығару;

- өзара диктанттар жазу;

- жұптасқан түрде өлең тақпақтар жаттау;

- жұптасқан түрде жаттығуларды орындау;

- сауалнама бойынша жұмыс;

- шет тілін оқу.



Қорыта келе, оқушылардың үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы, ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, қатынасына, көзқарасына, шеберлігіне байланысты. Бала мектеп табалдырығын оқып-үйренуге деген үлкен ынтамен ықыласпен аттайды. Оларды қабілетті және қабілетсіз деп бөлуге болмайды. Ал мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру деп емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.

Қандай әдіс-тәсіл болса да әр оқушыны ойлануға жетелеумен бірге, оны ортаға салуға, басқалармен пікір таластыруға тиіс. Өз ойымен тұйықталған баланың ойлау қабілеті еркін дамымайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет