Дәріс 1 Пәнге кіріспе, пәннің мақсаты мен міндеттері Пәннің қысқаша сипаттамасы


Аппликацияға қолданылатын құралдар



бет27/32
Дата16.06.2022
өлшемі1,53 Mb.
#36939
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Аппликацияға қолданылатын құралдар: Түрлі - түсті қағаз, табиғи заттар түрлі түсті қатты қағаз, мата, салфетка, түрлі жіптер , желім , т.б.Аппликацияны үйретудің техникасымен түсті қағаздардың маталарын қиындыларына ұлттық композицияның сюжетін ,көлемін анықтау, бастапқы эскізін басып салу,фигуралар салу, фонын анықтау,фигуралардықағаздан ою, фигураларды кішкентай бөлшек- термен желімдеу,үлкен фигураларды және басқа да деталдарды фонға желімдеу.
Коллаж – техникасы бір қаттылау дененің бетіне әр түрлі бейнеде желімдеу.
Аппликацияның бірнеше түрлері бар:
Заттық аппликация

Симметриялы аппликация

Сюжетті аппликация
Сәнді аппликация

Бірінші сәбилер тобындағы аппликация.
2-3 жастағы балалрдың жапсыру іс –әрекетіне қатысты ерекшеліктер:
1. Ересектермен бірлесіп желімсіз жапсыруды түсінуге және құрылымына қарай жеке бөліктерден құрастыруға үйренеді.
2. 2-3 бөліктен тұратын түрлі заттарды құруға үйрету
3. жапсыру барысында фланелеграф, қағаздың бетін дұрыс қолдануға үйрету.
Жапсыру кезінде бала үйренеді:
1.Дайын пішіндерді орналастыруға
2.Қарапайым композиция құруға

Желімсіз аппликация.

Екінші сәбилер тобындағы аппликация
Аппликацияны үйретудің міндеттері :
1.Бұл жаста қайшы берілмейдібарлық формалар мен силуэттерді дайын күйінде алады.
2.Негізгі түрлерімен танысады, түстерді салыстырып айыра білуге және дұрыс атауға үйренеді.
3.Сәндік аппликация сабағында балаларда ырғақ пен симметрияны сезініп дамытады.
4.Жоғарыда ,төменде, бұрышында, ортасында,жанында,қатарында,
бір – бірінің кейін сияқты кеңістік
ұғымдарын меңгереді.
5.Негізгі бағдарламалық міндеттерге формаларды қағазға салу мен жапсыру тәсілдерін үйрену кіреді. Аса ауыр тиетіні жапсыру тәсілін меңгеру болып табылады.

Аппликацияны үйретудің әдіс- тәсілдер: Дайындықта ақпараттық-рецепциялық және заттардың түсін, формасын ажырату үшін жаттығып жатқанда репродукциялық әдісті пайдаланған жөн. Балалардың түйсіктерін дамыту, затты көре білуге үйрету, сезу және көру талдауларын жетілдіру. Сабаққа дейін иллюстрацияларды,картинкаларды қарауға болады.Дидактикалық ойындарды жүргізгенде заттардың формасы мен көлемін, түсін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді.
Формасының қандай бөліктен құралғанын, көлемін, түсін, құрылысын анықтайды. Түрлі қасиеттеріне олардың зейінін бағыттай отырып сұрақ береді. Ыммен түсіндіріп, бейнелі сөздерді қолданады. Кейде үлгілер пайдаланылады, тек заттың өзін көрсетуге мүмкіндік болмаған кезде ғана пайдаланылады және балаларға таныс болу шарт. Маңызды нәрсе жапсыратын заттарды ретімен қою мен жапсыру тәсілдерін көрсету болып табылады, жақсы көрінетіндей етіп көрсеткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет