Мектеп жасына дейінгі балалрдың бейнелеу шығармашылығын дамтудың теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы
Дәріс 1 Пәнге кіріспе, пәннің мақсаты мен міндеттері Пәннің қысқаша сипаттамасы: Мектеп жасына дейінгі балаларды шетел және отандық қолданбалы және бейнелеу өнерінің әдістемесімен таныстыру. Құрастыру, еңбек түрлері, бейнелеу іс-әрекеттерін қалыптастырудың әдістемесі. Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрлері. Сабақтан тыс ұйымдастрылған оқу қызметінің мазмұны.
Пәнді оқытудың мақсаты білім алушылардың мектепке дейінгі жастағы балалардың бейнелеу шығармашылығын дамытудың теориясы мен әдістемесінен игерген білім, білік дағдыларын болашақ кәсіби іс-әрекетінде қолдана алу.
Пәнді оқытудың міндеттері:
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу шығармашылығын дамыту теориясының негіздерін меңгерту, мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық дағдыларын қалыптастырудың әдістемесін игеру барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерін үйрету;
балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру және балалар бейнелеу шығармашылығын дамытуда сын тұрғысынан ойлауға үйрету, балаларды өнертануға және бейнелеу шығармашылығын дамытуда талантты және дарынды балаларды оқыту дағдыларын меңгерту;
балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу әдістерін меңгеру, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану, кері байланыс жасауға дағдыландыру
Пәнді оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері
Пән бойынша оқыту нәтижелері
Нәтиже жетістіктерінің индикаторы
ОН 6 – ерте жасатағы және мектеп жасына дейінгі балаларды денсаулықсақтау, кіріктірілген, тұлғаға бағытталған, дамыта оқыту негізінде әртүрлі топтардың тәрбиелеу-білім беру үдерісінде әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетуді жүзеге асырады.