Дәріс №1: Тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесі курсының оқу пәні және ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы



бет48/54
Дата09.06.2022
өлшемі22,6 Mb.
#36588
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
Байланысты:
әдебиет дәрістер

2. Батырлар жырын оқыту әдістемесі.
Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Оның оқытуға қиындығы – ұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық ерекшелігінде.
Оқушыларға ерлік, патриоттық, отан, туған ел, өскен жер, тұлпар ат жөнінде мақал-мәтелдер жаттату, айтқызу, сөзжұмбақтар, жұмбақтар шешкізу, әртүрлі танымдық ойындар ұйымдастыру, жыраулар сайысын өткізуде т.б. жұмыстар жүргізіледі. Оқушының сөздік қорын байыту мақсатында сөздік жұмысын жүргізу көнерген сөздер, оның мән мағынасын түсіндіру, синоним, омоним, антоним сөздерді тапқызып отыру қажет. Әсіресе, батырлар жырын оқыту 3-4 сыныптар арасында мұғалімге көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Батырлар жырын оқытуда мұғалім басты-басты мына мәселелерге көңіл бөлуі керек:
Кіріспе жұмыстар.
- «Батырлар жыры» туралы (эпостық жырлар) алғашқы әдеби-теориялық (оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып) ұғым беру.
- Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататыны туралы түсінік беру.
Мазмұнын меңгеру бағытындағы жұмыстар:
1. Жырдың сюжеттік-композициялық жоспарын жасап, оны балалардың көз алдына іліп қою. Мысалы, бастауыш сыныптағы «Қамбар батыр» жырына мынадай жоспар жасауға болады:

  • Жыршының баяндауы (Әзімбай туралы).

  • Қыз Назымның сұлу сипатын суреттеуі.

  • Қыз Назымның күйеу таңдауы,ешкімді ұнатпауы.

  • Қамбарға ғашық болуы.

  • Қамбардың сипаты.

  • Қамбардың халқы үшін аңшылықпен айналысуы.

  • Аң аулап жүргенде, жолбарыспен шайқасуы.

  • Назым ауылының үстінен өте шығуы.

  • Назымның өкпесі, назы.

  • Қамбардың жолына тор құруы.

  • Қамбар мен Назымның тілдесуі, бір-біріне мұң шағуы.

  • Назым ағаларының ашуға булығуы.

  • Алшыораздың араша түсуі, ақылы.

  • Қалмақ ханының Назымға құда түсуі.

  • Алшыоразбен Келмембеттің соғысы.

  • Қараман ханның қаһары. Әзімбай ауылына жорығы.

  • Әзімбайдың қысылуы, Қамбарға кісі салуы.

  • Қамбардың елімен қоштасып, көмекке аттануы.

  • Қараманды іздеп баруы, сөзбен айқасуы.

  • Қараманның жекпе-жекке шығуы.

  • Соғыс сипаты.

  • Қараманды, қалмақтардың жеңуі.

  • Қамбардың Назымға үйленуі.

2. Ұзақ жырға, әрі оқиғалары да күрделі жырға осындай жоспар құру балалардың жырдағы басты оқиғаларды тез қабылдауы, аңғаруы, әрі сол бойынша мазмұнын жүйелі түрде тұжырымды етіп айтып беруіне көмек-нұсқау рөлін атқарады.
3. Жырды күйтабақтан тыңдатып басқа жырды да оқытуға болады, жырдың мәнерімен таныстыру.
4. Жырды мәнерлеп оқу. Басты-басты эпизодтарға бөліп оқып, ізінше мазмұндатып отыру. Мазмұндауды сұрақ-жауап әдісімен жүргізу, басты оқиғаларын айтқызу. Аннотация жаздыру.
Мына үлгіде жүргізуге болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет