мектепинформатикасыдеп атайды.
Кеңестік дәуір кезіндегі әдебиетке бұл термин алғаш рет 1979 жылы А.П. Ершовтың жетекшілігімен жарық көрген: «Мектепинформатикасы–тұжырымдамалары,жағдайы жәнеболашағы»атты іргелі еңбегі арқылы енгізілді [9].
Онда мектеп информатикасы мектептегі оқу процесінде ЭЕМ-ді қолдануды зерттейтін және бағдарламалық, техникалық, оқу-әдістемелікжәнеұйымдастыруарқылықамтамасызететінинформатиканың бір тармағы ретінде анықталды. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады.
Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде
Жалпы білім беретін орта мектепте «Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсының енгізілуімен қатар педагогикағылымыныңжаңасаласы– информатиканыоқытуәдістемесі(ИОӘ) қалыптаса бастады. «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінің зерттейтін нысаныинформатиканыоқытуболып табылады.
Ғылыми мамандықтардың ресми жіктелуі бойынша, қоғам талабына сәйкес, қазіргі даму кезіндегі информатиканы оқу заңдылықтарын зерттейтін, педагогиканың бұл бөлімі
«Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» деген жаңа атауға ие болды. Әйтсе де қалыптасқан, «Информатиканыоқытуәдістемесі» атауы оқулықтарда, нормативті құжаттарда әлі де қоланылылуда.
Информатиканыоқытуәдістемесіжас ғылым болғанымен, негізсіз қалыптаспаған. Жеке ғылыми пән бола тұра, қалыптасу кезеңінде басқа ғылымдардан білім жинақтап, өз дамуында осы білімдерден алынған нәтижелерге сүйенеді. Ол ғылымдар – философия, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы, информатика, сондай-ақ орта мектептің басқа да жалпы білім беру пәндерінің жалпыланған практикалық тәжірибесін атауға болады [27]. Н.В.Софронова 1 [44,16-б.] айтқандай, «информатиканы қазіргі деңгейде оқыту ғылыми білімнің алуан түрлі салаларының
мәліметтеріне сүйенеді:
биологияға(өздігінен басқарылатын биологиялық жүйелер, мысалы, адам немесе басқа да тірі организм),
тарихпенқоғамтануға(қоғамдық әлеуметтік жүйелер),
орыстіліне (грамматика, синтаксис, семантика және т.б.),
психологияға(түйсікпен сезіну, ойлау қарым-қатынас)».
Адамзат әрекетінің барлық саласы ғаламдық жағынан ақпараттандырылып, информатика ғылымы басқа ғылымдардың барлық салаларына енген заманда, информатиканыоқытуәдістемесіде кез келген ғылыммен байланысы бар екендігін ашық айтуға болады. Қазіргі уақытта Э.И. Кузнецов, М.П. Лапчик, С.А. Жданов,
М.В. Швецкий, И.А. Румянцев, А.А. Малева және т.б. өткізген
зерттеулердің нәтижесінде педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындауқұрылымықалыптасты.
А.М. Пискунов, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенина, Н.Ф. Талызина және басқа да дидактиктер мен психологтардың жұмыстарында мұғалімдерді дайындап жетілдірудің негіздері көрсетілген. Бұдан информатика пәнінің мұғалімдерін әдістемелік дайындау мазмұны мен құрылысын жетілдірудің негізгі бағыттарын тұжырымдап шығаруға болады:
мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесін дамытуда қазіргі заман талаптарына сай келетін әдістемелік дайындау бағдарламаларын құру;
информатиканы оқыту әдістемесінде жеке тақырыптарының мазмұнын, әдістемелік оқыту жүйесінің элементтерімен толықтыру және дамыту.
Информатикамұғалімініңкәсіптікдайындалуыныңүлгісінегізгіүшбөлімнен құрылады. Олар:
Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық және әдістемелік дайындығын арттыру.