«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін (бұдан әрі - кадастрлық құнның актісі) беру болып табылады.
Процесс құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы
қызмет көрсетушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) қызметкері немесе ХҚКО қызметкері қызмет алушымен ұсынылған құжаттар келіп түскен күні оларды 15 минут ішінде қабылдайды, тексереді және тіркеуге алады;
Қызмет алушы ХҚКО-на өтініш білдірген жағдайда, ХҚКО қызметкері құжаттар келіп түскен күні курьер арқылы оларды қызмет берушіге жолдайды.
қызмет көрсетушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) қызметкері құжаттар келіп түскен күні 30 минут ішінде оларды жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және кадастрлық құнының актісін дайындау үшін қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөліміне береді;
қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөлімінің қызметкері қабылданған құжаттарды 12 жұмыс күні ішінде тіркейді, жер учаскесін Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - МЖК ААЖ) деректер базасы бойынша сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда қызмет көрсетушінің құжаттарды сақтау және жүйелеу бөлімінен (техникалық мұрағаттан) инвентарлық жер-кадастрлық істерді сұратады, бағалы аймақтарды және аймақтылық коэффициентін анықтайды, кадастрлық құнының актісін дайындайды;
дайындалған кадастрлық құнның актісін қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөлімінің қызметкері 30 минут ішінде қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға береді;
қызмет көрсетушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде кадастрлық құнның актісіне қол қояды және қызмет көрсетушінің кеңсесіне (құжаттарды қабылдау және беру бөліміне) береді;
қызмет көрсетушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) қызметкері 4 сағат ішінде кадастрлық құнның актісін елтаңбалық мөрмен куәландырады және тіркеуге алады.
қызмет көрсетушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қызмет алушыға 1 жұмыс күні ішінде немесе ХҚКО курьеріне 4 сағат ішінде береді. Бұл ретте, ХҚКО-ның курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды.
Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
кеңсенің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) немесе ХҚКО-ның құжаттарды қабылдауы және тексеруі, оның нәтижесі кіріс нөмірі бар тіркелген құжат болып табылады (15 минут);
қабылданған құжаттарды жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және кадастрлық құнының актісін дайындау үшін жерді бағалау бөліміне беру (30 минут);
қабылданған құжаттарды жерді бағалау бөлімінде тіркеу, жер учаскесін МЖК ААЖ деректер базасы бойынша сәйкестендіру, қажет болған жағдайда құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінен (техникалық мұрағаттан) инвентарлық жер-кадастрлық істерді алу, бағалы аймақтарды және аймақтылық коэффициентін анықтау, кадастрлық құнының актісін дайындау (12 жұмыс күн);
дайындалған кадастрлық құнның актісін жерді бағалау бөлімінің қызметкерінің басшыға қол қоюға беруі (30 минут);
басшының кадастрлық құнның актісіне қол қойып, кеңсеге (құжаттарды қабылдау және беру бөліміне) беруі (1 күн);
кеңсенің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) қызметкерінің кадастрлық құнның актісін тіркеуі (4 сағат);
мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қызмет алушыға (1 жұмыс күні) немесе ХҚКО курьеріне (4 сағат) беру.