Мемлекетгік жер кадастрын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығы және Жер кодексі негізінде жүргізіледі..
Кадастр мәліметтерін есепке алу және сақтау бірлігі болып, тұйық шекарада ерекшелінген, жер қатынастары субъектісінін атынан белгіленген тәртіппен бекітілетін жер учаскісі болып табылады.
Жер учаскесі жөніндегі мәліметтер жер кадастрлық карталарымен сәйкестендіріледі, онда «карта» жер учаскесі нөмері, орналасу мекен-жайы, шекаралар және мәтіндік сипатгамалар көрсетіледі.
Кадастр мазмұны :
- дайындық жұмыстар;
- шығыс мәліметтерін жинақтау мен ондеу;
- ақпараттық жүйені құру мен жүргізу.
Кадастрдың картографиялық негізі болып жер-кадастрлық карталар саналады, олар жер учаскелерінің сызыктық және аудандық сипаттамаларының өзгерісін енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
Кадастрды автоматтық түрде жүргізу барысында картографиялық негіз электрондық карта түрінде қалыптасады, ол геоақпараттық технологиялар мен қағаз түріндегі көшірмелер шығаруды пайдаланылады.
Егер жер учаскесініц белгіленген шекаралары және оған жер кадастырлық ісі жүргізілсе ол толық қалыптаскан болып саналады.
Жер кадастырлық іс - жер учаскесінің қалыптасу жөніндегі іс, онда жер учаскесі жөніндегі қүжаттамалар орын алады.
Қалыптасқан жер-кадастрлық іс жер-кадастрлық кітапқа жер учаскесі жазбаларын енгізуге негіз болады.
Жерлердің жер-кадастрлық картасы жер учаскелерінің мекен-жайын, мөлшерін және шекараларын көрнекті көрсету, оларды біріктіру және бөлу кезіндегі озгерістерді есепке алу мақсатымен құрылады және жүргізіледі.
Кадастр қағаз жүзінде және ақпараттарды жинақтау, өңдеу және сақтау электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.
Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мамандандырылган программ-малық-техникалық кешендер базасына негізделіп, қалыптасады.
Жер-кадастрлық құжаттама келесі талаптарға сай болуы қажет:
бланкінің бекітілген үлгісін қолданып келесі мәліметтермен толтырылуы керек (орган, мекеме, ұйым атауы, олар шығарған қүжат мерзімі, номері, ққжат алушының тапсырысы);
жер учаскелер шекараларының жоспарлары (сызбалары) Жер ресурстарын басқарудың орталық атқарушы органымен бекітілген техникалық талаптарға сәйкес орындалуы қажет.
Кадастр мәліметтерін пайдаланушылар төмендегідей:
• мемлекеттік басқару органдары - аумақтың даму сұрақтары бойынша, жерлерді аймақтау, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану жөніндегі бағдарламасы және де басқа жер ресурстарын басқару жөніндегі мәселелері бойынша:
• жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу кұқықығы саласындағы құзыретті органдар және олармен мәміле жасау;
• мемлекеттік статистика саласындағы органдар:
• құрылыс және басқа да объектілерге тапсырыс берушілер - құрылыс жүргізу үшін берілетін жер учаскілерін таңдау және ұсыну сұрақтары бойынша;
• жобалық-іздестіру, ғылыми-зерттеу ұйымдары жобалық іздестіру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін шығыс мәліметтерін алу жөніндегі сұрақтар;
• сәулеттік, "қала құрылыс бағытындағы құзырлы органдар;
• мемлекеттік қала құрылыс кадастрі, қала құрылыс және басқа да құжаттамаларды оңдеу және жүргізу жөніндегі сұрақтары;
• қоршаган ортаны қорғау саласындағы құзырлы органдар;
• табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаган ортанің жағдайына бақылау жүргізу табиғатты қорғау шараларын өндеу сқрақтары бойынша;
• салық қызметі органдары - жер салығын есептеу сұрақтары бойынша;
• басқа да жеке және занды тұлғалар.
Белгілі жер учаскесі жөніндегі кадастрлық мәліметтер қағаз және магнитті сақтағыштар түрінде және жер учаскілерін жергілікті жері бойынша есепке алу жоніндегі техникалык және телекомунникациялық құралдарын колдану мен кадастр мәліметтер банкісіне санкция арқылы кіру жолы түрінде болады. Жер учаскелері жөнінде кадастрлық мәліметтер жер кадастрлық карталармен (жоспарлармен) сәйкестендіріледі.
Мемлекеттік құпиясы жоқ және баска да шектеулері жок кадастрлық мәліметтер жалпыга ортақ және қызығушылық танытқан жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі.
Мемлекеттік органдарына кадастр мәліметтерін ұсыну ақысыз негізде болады. Кадастр мәліметтеріне кіру режимінің бұзылуы немесе жалған ақпараттарды ұсыну заң актілерінде көзделген жауапкершілікке тартады.
Жер-кадастрлық ісі - жер учаскесін қалыптастыру туралы іс, онда жер учаскесінің құжаты кіргізілген.
Жер учаскесінің кадастрлық ісі бір данадан дайындалады және жер ресурсын басқару бойынша облыстық орган техникалық мұрағатында сақталады.
Қажеттілік туындағанда жер-кадастрлық істерінің жеке құжаттарының көшірмесін жер учаскесінің меншік иесіне және жерге пайдаланушыларға олардың өтініштері бойынша берілуі мүмкін.
Кадастрлық істердің құрамы және мазмұндық, жер учаскесінің мақсаты нысанына байланысты меншік формасы және оны рәсімдеу келесі тәртіпте (тіркеме):
1. титул беті;
2. ақпарат тізімі;
3. жер - кадастрлық ісінің мазмұны;
4. жер кадастрлық бөлімнің нөлдік болуі;
5. жеке басты куәландырушы құжаттың көшірмесі (жеке бас куәлігі, паспорт, СТН, жарғы, статкарточка және т.б);
6. жер учаскесіне тиісті құқықты ұсыну туралы немесе басқа да материалдар;
7. жер бөлуге негіз болатын алдын-ала келісім материалдарын немесе басқа да материалдар;
8. жер бөлудің заңды материалдары;
9. шекараларды техникалық рәсімдеу материалдары;
10. тапсырыс бланкасы;
11. координат ведомосы;
12. жер учаскесіне кұқық куәландырушы құжаттар көшірмесі
13. корректуралық бет.
Қалыптастырылған кадастрлық іс жер-кадастрлық кітабына жер учаскесін жазу үшін негіз болып табылады.
Жер-кадастрлвіқ кітабы - жер учаскесі көрсетілген, жердің шаруашылық және табиғи жағдайында кеңістік туралы нақты мәліметтер көрсетілген. Барлық деңгейдегі мемлекеттік жер кадастрының деректер базасын қалыптастыру шығыс мәліметтерін жаңартуды талап етеді, бұл көлемнің көбеюіне әкеледі. Сонымен бірге, кұжаттардың құрамын бір ізділеу бойынша жұмыстарды және кадастрлык деректерді анықтау тиісті кұжаттармен және формаларымен жалғастыру кажет.
Электрондық тасығыштағы жер-кадастрлық ісінің тізімі және құрамы:
1. жер қатынастары бөлімінің титулдық парағы.
2. жерді заңдастыруға берілетін етініш.
3. шекараларды анықтау жоспары.
4. жеке куәлік, СТН, мекен-жай анықтамасы. Техникалық Түгендеу бюросының анықтамасы, Жер қатынастарыньң анықтамасы, жерге беретін негіздеме.
5. тізім.
6. «Шымкент жер кадастры» ЖШС-нің жер телімін беру үшін, топография-геодезиялық жер зерттеу-бейнелеу жұмыстарын орындау істері титулдық парағы.
Жер - кадастрлық істе тігілген құжаттар тізімі:
1. Жер кадастрлық істі дайындауға өтініш.
Мысалы: «Шымкент жер кадастры» ЖШС-і жер-кадастырлық істі өңдеп шығару үшін инженерлік жер телімдеріндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындайды. Сондықтан ұйым материалдық-техникалық МЖКААЖ уақытша режиміндегі материалдық-техникалық жүргізу базасымен қамтылған. Жер учаскелерін біріншілік рәсімдеумен қайта рәсімдеу жөніндегі ақпараттар олардың мәліметтер базасын түзеді. Ұйым мөрімен мөрленген қалыптасқан жер-кадастырлык іс жер-кадастырлық кітабінде жазба жургізуге толық қүқықтык негіз болып саналады.
2. Түсіндірме парағы. Жер телімінің, нақты шекараларын белгілеп көрсету ісінің түсіндірме парағы.
3. Зерттеу актісі. (іргелес жер пайдаланушының бар-жоғы женіндегі акті). Келісім актісі (келісім хаітамасы)-
Жер учаскелерінің шекараларын қалпына келтіру үшін құрылады.
4. Ситуациялық жоспар. (1:1000 масштабта орындалады)
Нәтижесі:
электрондық тасығышта қалыптаскан жер-кадастрлық іс көрнекті және сапалы көрінеді;
ЕГРЗ бағдарламалық өнімді пайдалану жер учаскелерінің аудандарын тез есептеуге және қала картасына нақты енгізуге мүмкіндік береді;
Жер-кадастрлық ісінің компыотерлік өнделуіне жұмсалатын уақыт шығыны екі есе қыскартылады