Дәріс 7 Тақырыбы: Жерді сандық және сапалық есепке алу Қарастырылатын сұрақтар: 1. Жерді сандық және сапалық есепке алу теориялық негізі 2. Жерді сандық және сапалық есепке алудың түрлері Дәріс мәтіні: 1. Жерді есепке алу – жер ресурстарының ауданы, орналасуы, шаруашылық пайдалануы және жай-күйі жайында деректерді жинау, жүйелендіру, талдау жөніндегі мемлекеттік шаралар жиынтығы.
Жер есебі жер кадастрының құрамына кіреді және ұлттық байлықты есептеудің маңызды бөлігі болып табылады.
Ұлттық экономикамызда жер ресурстары әртүрлі салаларда көптеген мақсаттарға пайдаланылады, яғни қолданылу бағыттары бойынша оның есебі жүргізіледі. Мысалы, құрылыс ғимараттары орналасқан, өндіріс күштері, өндіріс құралы есебінде есепке алуға тиіспіз. Осыдан барып, жер ресурстарының сапасы мен пайдаланылуы жөніндегі деректерді алудың қажеттілігін алға тартады. Еліміздегі 6 ауыл шаруашылық зоналарындағы егістік жерлердің құрамы және сапасын анықтайтын көрсеткіштер жүйесінің мәліметтері кіреді.
Негізінен жерлерді есепке алудың басты мақсатымемлекетіміздегі жер қорын ұтымды да тиімді пайдалану және қорғау үшін қажетті пайдаланылатын жердің мөлшері, сапасын сипаттайтын мәліметтерді дер кезінде алуға, өңдеуге, талдауға және сақтауға бағытталған.
Жерді есепке алу мемлекетіміздің маңызды ісіне жатады және бұны жүзеге асыру мен негізгі бағыттарын тек үкімет анықтайды. Яғни жер есебін мемлекетіміз анықталған жүйе бойынша жүзеге асырып, оған жер ресурстарынң сандық және сапалық есебі енеді.
Мемлекетімізде жер есебін ҚР АШМ жоспарлы-картографиялық материалдары негізінде жердің нақты жағдайы мен пайдаланылуы бойынша жүргізеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бекіткен жерді есепке алудың тәртібі республикадағы елді мекендердегі барлық жерлеріне міндетті болады.
Жерді есепке алуда:
– құнарлы топырақ қабаты;
– топырақ құрамы;
– балл бонитеті;
– егістік, жайылым, шабындық аудандары;
– егістік түсімі;
– бүлінген жерлердің аудандары;
– су алып жатқан жерлердің аудандары;
– орман, тоғай жерлерінің аудандары;
– ерекше қорғалаттын аумақтар ауданы;
– рельеф;
– суғару жүйесінің болуы, т.б. көрсеткіштердіңмәліметтері жинақталады.
Аталған көрсеткіштер (сандар, кестелер, ғарышықсуреттер, графиктер, диаграмалар, картограммалар, электронды карталар) мәліметтерін есепке алу жердіңжағдайы және нақты өлшемімен, оны қағаз бетіне түсірген уақытпен дәлме-дәл келуі тиіс, себебі жинақталғандеректердің іс жүзіне асырылу маңыздылығы мен құндылығын арттырады.
Ең бастысы жерді есепке алуда, сол жерлердегі нақты жер учаскесі мүмкіндігінше өте дәлдікпен және нақтылықпен анықталуы керек.
Еліміздегі жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес 7 санаттарға бөлінеді. Жерді есепке алуды жоспарлы және тұрақты түрде үнемі жүргізіп отырғанда ғана еліміздегі жер есебі деңгейін біліп отыруға мүмкіндік аламыз. Мұндай мәселе мемлекетіміздегі жер ресурстарын пайдалануда болып жатқан сандық және сапалық көрсеткіштердің өзгерісінен туындап жатыр.
Жер есебінің мәліметтерін дер кезінде ала отырып, әртүрлі экологиялық дағдарыстар мен экономикамыздың әртүрлі саларына бөлініп жатқан жерлердің аудандарын азайтуға, егістіктің құнарлығының төмендеуіне жол бермей, жоспарлы түрде жер ресурстарын қорғау шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік аламыз. Жер ресурстарын есепке алу мемлекетіміздің ең басты шараларының қатарына жатады.
Жер ресурстарын түгендеу бұл жер есебі құрамының ажырамас бөлігі және бір жолғы есепке алуға жатады. Оны көбінесе, тиісті мәліметтерді жинау қажеттілігі болғанда жүзеге асырады. Жинақталған мәліметтер кадастрлық деректерге, ең бастысы есеп алуға қолданылады. Мұндай түгендеуде сондағы картографиялық және сол жерлерді тексеру жүргізгендегі мәлметтер алынады.
2. Елімізде қабылданған жерді есепке алу жұмыстары: мазмұнына, міндетіне, ерекшеліктеріне қарай: негізгі, ағымдағыболып екіге бөлінеді.