Жылантіл папоротниктері қазіргі кезде кездесетін папоротниктердің ішіндегі ең қарапайым құрылыстысы. Олар шамасы ертедегі палеозой папоротниктерінен шыққан болса керек. Алайда жылантіл папоротниктерінің геологиялық тарихы бізге белгісіз. Сыртқы т‰ріне, ішкі құрылысына және тағы басқа бірқатар биологиялық ерекшеліктеріне қарай жылантіл папоротниктерінің басқа папоротниктерден біршама айырмашылығының болатындығын оңай аңғаруға болады. Сондықтанда болар жылантіл папоротниктерінің басқа папоротниктермен байланыспай жеке дара тұруы.
Жылантіл папоротниктері кішкентай шөптесін өсімдіктер. Олардың сабағы (тамырсабағы) жердің астында болады. Көлбеу өскен тамырсабағынан жоғары қарай жапырақтары, ал төмен қарай біршама жуандаған көптеген тамырлары кетеді. Жапырақтары спора т‰зетін және жасыл, жеміссіз болып екі бөлікке бөлінеді. Бұлардың екеуіде бір сағаққа орналасқан. Бұл класқа бір қатар Ophіoglossales және бір ғана тұқымдас Ophіoglossaceae жатады. Онда ‰ш туыс бар: жылантіл папоротник (ужовник- Ophіoglossum), шоқшабас папоротник (гроздовник –Botrychіum) және гелминтостахис, немесе червоколосник (Helmіnthostachys). Жылантіл папоротник туысында 45 т‰р бар, олардың көпшілігі тропикалық орманда эпифит ретінде кездеседі 75,2-сурет). Ал қоңыржай климатты облыстарда аздаған т‰рлері өседі. ТМД-нің Европалық бөлігінің солт‰стік және орталық аудандарында кәдімгі жылантіл папоротнигі (O.vulgatum,60,1-сурет) м‰кті шалғындарда кездеседі. Басқа т‰рлері секілді кәдімгі жылантіл папоротниктің де жапырағының жеміссіз бөлігі сопақша келген тұтас
пластинкадан тұрады. Жапырақтың спора т‰зетін бөлігі сабақ тәрізді, оның жоғарғы жағы масақпен аяқталады. Масақтың өсінде спорангийлері екі қатар т‰зіп орналасады. Әр қатардың спорангийлері бір-бірімен бірігіп өсіп синангийлер т‰зеді. Олар масақтың өсінің ұлпасына біршама еніп тұрады.
Тамырсабағының құрылысы диктиостельді болады (61,1,2-сурет). Стельдің жекелеген бөлігі (меристель) коллатеральді өткізгіш шоқтары т‰рінде берілген.
Шар тәрізді спорангийлері көп қабатты қабықшалармен (қабырғалармен) қапталған болып келеді. Оларда көптеген тең споралары жетіледі. Спорангийлерінің сақинасы болмайды және тіке жарықшақтары арқылы ашылады.
Жылантіл папоротнигінің өскіншелері (заростки) т‰ссіз болады, олар жердің астында 2-10 см тереңдікте дамып жетіледі. Олардың ұзындығы 5-6 см жетеді, ал қалыңдығы 0,5- 1,5см болады.
Өскіншенің құрылысы радиальды болады және паренхималық клеткаларадан тұрады. Өскіншеде ризоидтар болмайды, оның сыртын саңырауқұлақтың гефалары (микориза) орап жатады.
Өскішеде көптеген антеридийлер мен архегонийлер пайда болады (61,3- сурет). Сперматозоидтары көп талшықты. Ұрықтанудың нәтижесінде пайда болған ұрық алғашқы кезде өскіншенің есебінен дамиды. Өйткені ол өскіншенің ұлпасына еніп жатады. Ұрықтан сабақ жетіледі, оның төменгі жағы тамырға ұласады. Тамырдың ұшы тамыр оймақшасымен қапталған болып келеді. Өскіншенің ұлпаларын жырта отырып, тамырланып бекіп, өсімдік дербес өмір с‰ре бастайды. Жас өсімдіктің жетілуі өте жай ж‰реді. Жапырақтың жақсы жетіліп қалыптасуына 5-6 жыл қажет.
Шоқшабас папоротник туысына (Botrychіum) жер бетінің барлық жерінде кездесетін 35 т‰р жатады. Ол жылантіл папоротниктерінен жапырағының жыныссыз бөлігінің тілімделген, ал спора т‰зетін бөлігінің бұтақтанған болып келуімен ажыратылады. БОР-дың ормандарында, ылғалы мол шалғынды жерлерде, жапырақ тақтасы бір рет қауырсындалған B.lunarіa деген т‰рі жиі кездеседі (60,2-сурет) сиректеу ‰ш рет қауырсындалған жапырағы бар B.matrіcarіae деген т‰рі кездеседі. Спорангийлері бос орналасқан, бірікпеген болып келеді.
Botrychіum-ның сабағында камбий шеңбері бар. Камбий сабақтың ортасына қарай соңғы ксилеманы, сыртқа қарай соңғы флоэманы бөледі. Сонымен шоқшабас папоротнигінің сабақтары екінші рет қалыңдайды. Олар жылантіл папоротниктерін қазіргі кезде кездесетін басқа папоротниктерден айқын ажыратады. Helmіntostachys туысында H.zeylanіca деген бір ғана т‰р бар. Ол Шри-Ланка мен Индияның тропикалық ормандарынан бастап Австралияның Солт‰стік Шығысына дейін кездеседі (60,3-сурет).
Жылантіл папоротниктерінің қазба т‰ріндегі қалдықтары, тек кайнозой эрасының ‰шінші дәуірінің бастапқы кезінен белгілі. Алайда бұл өсімдіктердің тобының өте ертеде пайда болғандығына к‰мән жоқ. Оған жылантіл папоротниктердің өскіншелерінің құрылысының псилоттардың өскіншелерінің құрылысына ұқсас болуы және тек ертедегі
папоротниктердің тобына тән, сабақтарының екінші рет қалыңдауы дәлел бола алады.
Жапырақтарының спора т‰зетін және жеміссіз бөліктерге бөлінуі жоғары да көрген ертедегі Archaeopterіdopsіda -ларда да болған.