Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Циатеялар қатары (циатейные) - Cyatheales)



бет119/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Циатеялар қатары (циатейные) - Cyatheales)


Циатеялар қатары осы кластың ішіндегі ең ‰лкен қатарлардың бірі. Бұл қатарға мынадай тұқымдастар жатады: циатеялар (Cyatheaceae), гименофиллдер (Hymenophyllaceae), асплениумдар (Asplenіaceae), даваллиялар (Davallіaceae). Бұл тұқымдастардың ішінде тек асплениумдардың өкілдері ғана БОР-дың территориясында, оның ішінде


Қазақстанда да кеңінен таралған өсімдіктер. Циатеялар мен даваллиялардың өкілдері БОР-дың территориясында м‰лдем кездеспейді, ал гименофиллдерге келер болсақ олардың санаулы т‰рлері ғана кездеседі. Қазақстанда бұл тұқымдастардың өкілдері м‰лдем кездеспейді, сол сабепті де біз оларға тоқталмауды жөн көрдік. Тек қысқаша әр тұқымдасқа қанша т‰р жататынын және олардың қанша тұқымдас тармақтарынан тұратындығын айтумен шектелеміз. Сонымен циатеялар тұқымдасына 1000-нан астам, негізінен тропикалық т‰рлер жатады, олардың жартысынан астамы ағаш тәрізді папоротниктер. Бұл тұқымдас алты тұқымдас тармағынан тұрады. Гименофиллдер тұқымдасына 700-дей т‰р жатады, олар гименофилл (Hymenophyllum) мен трихоманес (Trіchomanes) деген екі ‰лкен туысқа шамамен тең бөлінген (67;2,3;75;4,5-суреттері). Даваллиялар тұқымдасына 230-дай т‰р жатады, оларды екі ‰лкен топқа немесе екі тұқымдас тармағына бөледі.


Асплениумдар тұқымдасы (асплениевые)-Asplenіaceae


Асплениумдар тұқымдасына 4000-дай топырақтың бетінде және эпифит ретінде, негізінен ылғалы мол жерлерде өсетін папоротниктер жатады. Олардың негізгі белгілері мынадай: тамырсабақтары диктиостельді, сырты қабыршақтармен қапталған, сорустары дорсальды, жақсы жетілген жамылғысы болады (индузий), споралары биллатеральды жақсы қауырсындалған.


Асплениумдар тұқымдасы мынадай 7 тұқымдас тармағынан тұрады: асплениумдар (Asplenіoіdeae), усасыр папоротниктер (Dryopterіdoіdeae), таға папоротниктер (Athyrіoіdeae), элафоглоссумдар (Elaphoglossoіdeae), ломариопсистер (Lomarіopsіdoіdeae), телиптеристер (Thelypterіdoіdeae), блехнумдар (Blechnoіdeae).
Бұл тұқымдас тармақтарының алғашқы ‰шеуінің ғана өкілдері БОР-дың территориясында, оның ішінде Қазақстанда кездеседі, ал қалған төртеуінің өкілдерінің барлығы тропикалық аймақтардың өсімдіктері. Сондықтанда біз алғашқы ‰ш тұқымдас тармағына толығырақ тоқталуды жөн көрдік.
Асплениумдар тұқымдас тармағы (Asplenіoіdeae). Асплениумдар тұқымдасының ішінде т‰рлерінің саны жағынан бұл тұқымдас тармағы басқаларынан әлде қайда басым болып келеді. Тұқымдас тармағында 9-12 туыс бар, олардың ішіндегі ең ‰лкені асплениум немесе костенец (Asplenіum) туысы, онда 700-дей т‰р бар. Бұл туыстың өкілдері жер шарының барлық облыстарында дерлік кездеседі, дегенмен олар тропикалық аймақтарда ерекше басым болып келеді. Туыстың өкілдері өзінің формасы жағынан алуан т‰рлі (76,2а-сурет). Бұған қоңыржай климатты зонаның тауларындағы жар тастардың бетінде өсетін биіктігі 10-15 см аспайтын кішкентай т‰рлерінен бастап, тропикалық ормандарда өсетін жапырақтарының ұзындығы 2 м-ге жететін және қатты болып келетін ‰лкен өсімдіктер жатады. Олардың сорустары ұзынша, ұзындау-сопақша болып келеді және
жапырақтың жанама б‰йірлерінің бір жағында ғана орналасады, ‰стінде жіңішке ғана жамылғысы болады.
Тропикалық аймақтардың таулы, сиректеу тегістіктегі ормандарында асплениум туысының т‰рлері эпифит ретінде ағаштардың діңдерінде өседі. Басқа эпифиттер секілді оларда гумусты жинауға, суды абсорбциялауға және өз бойындағы суды шамамен тыс буланудан сақтауға м‰мкіндік беретін әрт‰рлі бейімденушілік қасиеттеріне ие болған.
Тропикалық эпифиттердің ішінде асплениум туысына жататын ұялы папоротниктер деп аталынатын тұтас т‰рлердің тобы бар. Ұялы папоротниктер тобының ішінде Ескі жердің тропикалық ормандарында ең көп тарағаны ұялы асплениум, немесе құс ұясы (Asplenіum nіdus, 75,3-сурет) болып келеді. Оның жапырақтарының ұзындығы 2 м-ге, ені 20 кейде тіпті 60 см-ге дейін жететін өсімдік. Қалың тұтас болып келетін жапырағы, тығыз жертаған т‰ріндегі тамырсабақтарының ‰стінде өседі және өзіндік сиымдылығы бар ерекше кәрзіңке т‰зеді. Оның ‰стіне жапырақтар, қабықтың сынықтары және шаң-тозаңдар т‰сіп тұрады. Келешегінде олар қара шіріндіге айналады да, көген тамырларын жауып тұрады және өсімдікті қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Кейде мұндай ұяларда тіптен жауын құрттары пайда болады. Ұялы папоротниктер табиғатқа ерекше көрік береді. Сондықтанда оларды тропикалық аймақтардағы елдерде сәндік өсімдіктер ретінде жиі өсіреді.
Қоңыржай климатты елдерде, олар папоротниктер өсірілетін оранжереяның негізгі компоненттері болып саналады. Европада аспленумның 20-дай т‰рі белгілі. БОР-дың территориясында бұлардың 20- дай т‰рі кездеседі. Олардың көпшілігі (20-дайы) өзара будандаса алатын өсімдіктер. Табиғатта гибридті формалары да, будандасуға қабілетті т‰рлері де жиі кездеседі.
Асплениумның аздаған т‰рлерінің ғана практикалық маңызы болады. Олардың кейбіреулері халықтық медицинада жараларды жазуға, безгек ауруларына қарсы, денені сергітуге, ауруды жеңілдетуге, қажетті дәрі ретінде, цинга және сары ауруларын емдеуге т.б. пайдаланады. Аспленум сәндік өсімдіктер ретінде аса құнды.
Вегетативтік жолмен көбеюі аспленумға ғана емес, сонымен бірге басқада көптеген т‰рлеріне тән. Мысалы, камптосорус (Camptosorus) туысына (екі т‰рі белгілі: C.sіbіrіcus; C.rhіzophyllus) және басқаларға.
Систематикалық жағынан асплениумға ең жақын туыс листовик (Phyllіtіs). Оның солт‰стік жарты шарда таралған (Европа, Кавказ, Шығыс және Оңт‰стік Азия, Солт‰стік Америка) төрт т‰рінің ішіндегі ең белгілісі кәдімгі листовик (Ph.scolopendrіum) немесе бұғы тіл папоротник. Оның жапырағының астыңғы беті ұзындығы әрт‰рлі болып келетін т‰зу сорустармен сызылған. Сорустарының орналасуы ерекше болып келеді; олар қарама-қарсы және бір-біріне тығыз болып, жапырақтың екі көршілес ж‰йкелерінде жұп т‰зіп орналасады. Жас кезінде жамылғыларының бос жатқан шеттері бірінің ‰стін бірі жауып орналасады, соған байланысты сорустарының құрылысы сырт қарағанда тұтас бір ғана сорус секілді болып
көрінеді. Тұқымдастың ксерофильді өкілдеріне тарақ папоротнигі (скребница
- Ceterach ) туысы жатады. Бұл туысқа 2 немесе 3 т‰р жатады, олардың барлығы Европаның, Азияның, Африканың, Мадагаскардың таулы облыстарында кеңінен таралған өсімдіктер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет