АШЫҚ ТҰҚЫМДЫЛАР БӨЛІМІ (ГОЛОСЕМЕННЫЕ) - GІMNOSPERMATOPHYTA, НЕМЕСЕ GІMNOSPERMAE
Ашық тұқымдылар мегаспорофиллдерінде тұқымб‰рлерінің (мегаспорангийлерінің) қорғалмай, ашық орналасуымен сипатталады; мегаспорофиллдері редукцияға ұшыраған жағдайда, тұқымб‰рлері сабақтың ұшында орналасады.
Микроспора (тозаң, тозаңша) өне келе тікелей тұқымб‰ріне т‰седі; нуцеллустың ‰стіне т‰скен тозаң өніп тозаң т‰тігін береді, ол нуцеллустың ұлпасы арқылы аналық өскіншеге өтеді, сөйтіп аталық гаметаларды жұмыртқа клеткасына жеткізеді.
Сонымен ашық тұқымдылар әрт‰рлі споралы өсімдіктер. Даму циклінде папоротник тәрізділердегі секілді, олардыңда спорофиті басым болады (өсімдіктің өзі). Аталық және аналық гаметофиттерінің екеуіде редукцияға көп ұшыраған. Аналық гаметофиті аналық өсімдікпен байланысын ‰збейді, ол тұқымб‰рінің ішінде мегаспораның пайда болатын және оның аналық өскіншеге айналатын (алғашқы эндосперм) жерінде жетіледі.
Аталық гаметофит жақсы дамыған өкілдерінде вегетативтік клетканың толық жойылуына дейін редукцияға ұшырайды.
Бөлімнің деңгейінде тозаң т‰тігінің пайда болуы және оның жетіле т‰скендігі байқалады. Ең жақсы жетілген тозаң т‰тігі қылқанжапырақтылар қатарында болады.
Тұқымды өсімдіктердің споралы папоротник тәрізділермен эволюциялық байланысын айқындаудағы аса қызықты және маңызды белгі, ол ертеректе пайда болған кластардың - Cycadopsіda және Gіnkgoopsіda сперматозоидтарының қозғалғыш болуы. Ал осы кездегі қылқан жапырақтыларда, қылшада (Ephedra), гнетумда (Gnetum) және вельвичияда (Welwіtschіa) қозғалмайтын аталық гаметалар-спермилер
жетіледі. Бөлімнің деңгейінде тұқымның эволюциясын, тұқымды папоротниктердің қарапайым тұқымынан бастап, жоғарғы деңгейде жетілген, дифференцияланған ұрығы бар, осы кездегі қылқан жапырақтылардың тұқымына дейін байқауға болады.
Ашық тұқымдылар т‰гелдей с‰ректі өсімдіктер (ағаштар, бұталар, лианалар). Олардың ішінде біршама жас және жоғарғы деңгейде жетілген жабық тұқымдылар бөлімінің ерекше басым болып келетін өмірлік формасы шөптесін өсімдіктер жоқ. Шөптесін өсімдіктердің болуы жоғары дамығандықтың (прогрессивтік) белгісі. Олар ағашты формалардан шыққан.
Ашық тұқымдылар өте ертеде пайда болған өсімдіктердің тобы. Олардың қазба т‰ріндегі қалдықтары палеозой эрасындағы девон дәуірінің
‰стіңгі қабаттарынан бастап белгілі. Өзінің шығу барысында олар осы кездегі папоротник тәрізділермен (Pterіdophyta) байланысы болмаған және қарапайым девондық папоротник тәрізділерден шығарылады. Ашық тұқымдылар шамасы дамудың әрт‰рлі сатысын көрсетеді. Ашық тұқымдылардың ішінде, тұқымды папоротниктер және кордаиттер палеозой эрасында-ақ (таскөмір және перм дәуірлерінде) ‰лкен к‰рделілікке жеткен. Қалған қатарлары әсіресе мезозой эрасында жақсы дамыған. Мезозойды ашық тұқымдылардың басымдығын көрсететін эра деп атайды. Мезозойда көптеген ашық тұқымдылардың толық (беннеттиттер, кейтониялар) немесе жартылай (саговниктер, гинкголар) жойылғандығын көреміз. Ашық тұқымдылардың біздің уақытымызға дейін өмір с‰ріп келген т‰рлерінің саны көп және олардың біршама кейін (Conіferales) пайда болғандығы байқалады. Бұл жаңа және біршама кейіндеу пайда болған ашық тұқымдылардың дамуы, жер бетіндегі жабық тұқымдылар мен папоротник тәрізділердің осы кездегі топтарының (лептоспорангиаттылардың) пайда болуымен тұстас келеді.
Ашық тұқымдылар бөлімінің ішінде эволюцияның микрофильді
(Conіferopsіda) және макрофильді (Cycadopsіda) жолдары жалғасып келеді.
Ашық тұқымдылар папоротник тәрізділерден (Polypodіophyta) шыққан және өзінің құрылысы жағынан (бұл әсіресе олардың гаметофиттерінің құрылысымен жақсы дәлелденген) папоротник тәрізділер мен жабық тұқымдылардың арасын жалғастыратын буын болып табылады.
Ашық тұқымдылардың кластарының арасындағы өзара туыстық қатынастары және олардың папоротник тәрізділердің (Pterіdophyta) жекелеген кластарымен байланысы жөнінде ғалымдардың арасында бір ж‰йеге келген көзқарас жоқ.
Ғалымдардың бір тобы барлық ашық тұқымдыларды папоротник тәрізділермен (Polypodіophyta) байланыстырады. Бұл жерде олар тек папопротник тәрізділерде ғана “нағыз” тұқым пайда болады дегенді негізге алады. Бірақта дән микрофиллді плаун тәрізділерде де (Lycopodіophyta) болған. Ғалымдардың екінші бір тобы саговник жапырақтыларды өздерінің шығу тегі жағынан папоротник тәрізділермен (Polypodіophyta), ал қылқан жапырақтыларды плаун тәрізділермен (Lycopodіophyta) байланыстырады.
Бұл жағдайда ашық тұқымдылар полифилетикалық жолмен пайда болған өсімдіктердің жасанды тобы ретінде қаралуға тиісті. Ал соңғы кездері шыққан ғалымдардың еңбектеріне с‰йенер болсақ, онда мынадай екі т‰рлі көзқарастың қалыптасып отырғандығын аңғарамыз. Ғалымдардың бір тобының пікірлері бойынша, тұқымды папоротниктер нағыз папоротниктер мен ашық тұқымдылардың арасын жалғастырып тұратын бір буын болып табылады. Ал ғалымдардың екінші бір тобының пікірлері бойынша, бұл топ бұрыннан пайда болып қалыптасқан және нағыз папоротниктермен параллель дамыған өсімдіктер. Тұқымды папоротниктердің жапырақтары, көп жағдайда нағыз папоротниктердің жапырақтарына ұқсас, немесе тіптен олардан айырмашылығы болмайды. Мұның өзі олардың гомологиялық органдарының параллель дамығандығының айқын дәлелі бола алады. Бірақ тұқымды папоротниктердің тұқымдарының болуы, сабағы мен тамырының анатомиялық құрылысының ерекшеліктері және сабағының екінші рет қалыңдап өсуге қабілеттілігінің болуы оларды нағыз папоротниктерден айқын ажыратады. Бұл мәселенің т‰пкілікті шешілуі болашақтың ісі. Ашық тұқымды өсімдіктердің ерте пайда болған уақыты, сол кездегі папоротник тәрізділердің (Polypodіophyta) және плаун тәрізділердің (Lycopodіophyta) әрт‰рлі споралы формаларының өмір с‰рген уақытымен тұстас келеді. Қабықша тұқымдылар (Chlamydospermatopsіda) олардан оқшау тұрады. Қабықша тұқымдылардың ертедегі қазба қалдықтарының болмауы және жекелеген өкілдерінің құрылыстарының бір-бірінен айқын айырмашылықтарының болуы, әзірге олардың басқа ашық тұқымды өсімдіктермен қатынасын (байланысын) нақты белгілеуге м‰мкіндік бермейді.
Ашық тұқымдылар бөлімін мынадай 6 класқа бөледі: тұқымды папоротниктер, немесе лигиноптеридопсидтер (Lygіnopterіdopsіda, немесе Pterіdospermae); саговниктер, немесе цикадопсидтер (Cycadopsіda); беннеттиттер, немесе беннеттитопсидтер (Bennettіtopsіda); гнеттер, немесе гнетопсидтер (Gnetopsіda); гинкголар, немесе гинкгопсидтер (Gіnkgoopsіda); қылқанжапырақтылар, немесе пинопсидтер (Pіnopsіda).