Глоссоптеристер қатарына жататын өсімдіктердің жапырақтары жіңішке сабақтың жуандаған буынында спиральдың бойымен немесе топтасып орналасады (глоссоптерис). Олар біршама ірі, бірақ формасы жағынан алуан т‰рлі – б‰тін, б‰тін жиекті тұтас таспа, ланцет, к‰рек, жұмыртқа тәрізді, қондырмалы және қысқа сағақты болған. Егер біршама ертерек пайда болған туысы гангамоптеристің (Gangamopterіs) айқын көрінетін орталық ж‰йкесі болмаған болса, глоссоптеристе (Glossopterіs) ол жақсы жетілген.
Глоссоптеристер қатарына жататын өсімдіктер, тұқымды папоротниктердің басқа қатарларының өкілдері секілді, тұқымдары арқылы көбейген. Бірақ жоғарыда айтылғандай олардың тұқымдарынан әлі к‰нге дейін ұрық табылған жоқ.
Тұқымды папоротниктердің бірнеше ж‰здеген тұқымдарының қазба қалдықтарын жан-жақты зерттегенмен олардың ұрығының болмауы осы уақытқа дейін құпия болып келеді. Тұқымды папоротниктердің тұқымб‰рлері болғанымен, олардың нағыз жетілген тұқымдары болмаған деген көзқарас бар. Соған байланысты тұқымды папоротниктерді және қазіргі кездегі саговниктер мен гинкголарды тұқымды өсімдіктерге емес, тұқым б‰рі бар өсімдіктерге жатқызып келген. Бірақ ол бұл мәселені шешпейді. Өйткені ұрық тұқымб‰рі өскенге дейін жетіліп қалыптасуға тиісті екендігіне к‰мән жоқ. Шамасы тұқымды папоротниктердің ұрығы, жерге ‰зіліп т‰скен тұқымб‰рінің ішінде жетілетін болса керек. Мұндай жағдай қазіргі кезде кездесетін ашықтұқымдылардың өкілі екі телімді гинкгода (Gіnkgo bіloba) жиі кездесіп тұрады.
Тұқымды папоротниктердің қазба қалдықтары БОР-дың территориясында, оның ішінде Қазақстанда, Батыс Европада және Солт‰стік Америкада таскөмір кендерінің қалыптасуында маңызы ересен зор болып келеді.
САГОВНИКТЕР КЛАСЫ (САГОВНИКОВЫЕ) - CYCADOPSІDA
Саговниктер тропикалық және субтропикалық ашық тұқымдылардың аздаған, оқшауланған тобы. Бұл топтың Азиялық өкілдерінің туыстық аты саговник немесе цикас (Cycas) гректің kykas- пальма деген сөзінен шыққан. Ботаниканың “атасы” аталған Теофрасттан бастап, саговниктерді таза сыртқы ұқсастықтарына қарап, пальмаға жатқызған. Сондықтанда Карл Линней өзінің системасында саговниктердің сол кездегі белгілі екі туысын (саговник, замия), пальмалардың ішіне орналастырған. Саговниктердің жоғары сатыдағы өсімдіктердің филогенетикалық системасындағы орнын белгілеуде шешуші роль атқарған, немістің көрнекті ботанигі Вильгелм Гофмейстердің (1851ж.) классикалық еңбегі болды. Гофмейстер жоғары сатыдағы өсімдіктердің даму циклін (спорадан спораға дейін) м‰к тәрізділерден бастап, қылқан жапырақтыларға дейін жан-жақты зерттеген. Ол ашық тұқымдылардың “корпускулалары” м‰к
тәрізділердің, папоротник тәрізділердің және басқа тұқым т‰збейтін жоғары сатыдағы өсімдіктердің архегониясына, ал тұқым эндоспермінің аналық гаметофитке сәйкес келетіндігін дәлелдеген. Сонымен ол споралы өсімдіктер мен тұқымды өсімдіктердің арасында, шешуге болмайтын алшақтық бар деген көзқарасты жоққа шығарды.
Одан басқа В.Гофмейстер саговниктерде сперматозоид-тардың болатындығын, оның көп ұзамай ашылатындығын, алдын-ала болжап айтып кеткен. Бұл болжам жарты ғасыр өткен соң тамаша дәлелденді. 1896 жылы бір уақытта Жапон ботаниктері С.Хиразе гинкгода, сосын С.Икено еңкіш саговникте (Cycas revoluta) көп талшықты сперматозоидтардың болатындығын тапты. Бұл жаңалықтар саговниктердің жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі, ашық тұқымдылардың ертедегі топтарының бірі екендігін айқындап берді.
Саговниктердің оншақты туысқа біріктірілген т‰рлерінің саны, соңғы мәліметтер бойынша 120-130-ға жуық. Сонымен т‰рлерінің саны жағынан ашық тұқымдылардың ішінде, олар қылқан жапырақтылардан кейінгі екінші орынды алады.
Саговниктер жер шарының Европадан және Антарктидадан басқа бөліктерінің барлығында кездеседі. Саговниктердің Америкалық тобына мына туыстар жатады: замия, цератозамия (Ceratozamіa), диоон (Dіoon) және микроцикас (Mіcrocycas). Африкалық саговниктердің тобына мына туыстар жатады: энцефаляртос (Encephalartos) және стангерия (Stangerіa). Ең соңында, аса кең аймақты (Австралия, Оңт‰стік және Оңт‰стік Шығыс Азия, Индия және Тынық мұхиттың аралдары) мына туыстардың т‰рлері мекендейді: саговник, макрозамия (Macrozamіa), лепидозамия (Lepіdozamіa) және бовения (Bowenіa). Соңғысында тек саговник ғана батысқа қарай Африкаға дейін таралған және Замбези өзенінің алабында да өседі, бірақ оларды бұл жерге кейіндеу әкелген деседі. Сонымен, саговниктердің туыстық эндемизмінің ‰ш ‰лкен облысы бар екен.
Саговниктердің туыстарындағы қатал эндемизм сөз жоқ, тарихи себептермен т‰сіндіріледі.
Саговниктер класы бір қатардан (Cycadales) тұрады, онда бір тұқымдас (Cycadaceae) бар.