Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


ТҰҚЫМДЫ ПАПОРОТНИКТЕР НЕМЕСЕ ЛИГИНОПТЕРИДОПСИДТЕР КЛАСЫ (СЕМЕННЫЕ ПАПОРОТНИКИ, ИЛИ ЛИГИНОПТЕРИДОПСИДЫ) - LYGІNOPTERІDOPSІDA, НЕМЕСЕ PTERІDOSPERMAE



бет127/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

ТҰҚЫМДЫ ПАПОРОТНИКТЕР НЕМЕСЕ ЛИГИНОПТЕРИДОПСИДТЕР КЛАСЫ (СЕМЕННЫЕ ПАПОРОТНИКИ, ИЛИ ЛИГИНОПТЕРИДОПСИДЫ) - LYGІNOPTERІDOPSІDA, НЕМЕСЕ PTERІDOSPERMAE


Бұл класқа ертедегі және қарапайым ашық тұқымды өсімдіктер жатады. Тұқымды папоротниктер т‰гелімен жойылып кеткен өсімдіктердің тобы. Олар алғашқы рет девон дәуірінің ‰стіңгі қабаттарында пайда болған және таскөмір дәуірінде дамудың ең шарықтаған биігіне көтерілген. Содан соң тұқымды папоротниктердің өше басталғаны байқалады және олардың аздаған ғана т‰рлері палеозой эрасындағы перм дәуірінің соңына дейін өмір с‰рген.


Тұқымды папоротниктер сабақтары тік, немесе жерге төселіп өсетін және жапырақтары папоротник тәрізділердің жапырақтарына ұқсас, ‰лкен, к‰рделі қауырсынды болып келетін, ағаш тәрізді өсімдіктер. Сырт қарағанда олар қазіргі кездегі ағаш тектес папоротник тәрізділерге ұқсас, бірақ олардан тұқымдары-ның болуымен ажыратылады. Тұқымды папоротниктердің қазіргі кезде бірнеше ж‰здеген т‰рлері сипатталып жазылды, оларды негізінен 4 қатарға жатқызады: лигноптеристер (Lygіnopterіdales), меденозалар (Medullosales), кейтониялар (Caytonіales) және глоссоптеристер (Glossopterіdales). Бұл қатарларда 10-дай тұқымдас бар.


Лигиноптеристер қатары (лигиноптерисовые) - Lygіnopterіdales


Лигноптеристер қатары осы кластың ішіндегі ең қарапайымдысы. Оның өкілдері өрмелеп өсетін өсімдіктер болған. Сабағы моностелді. Тұқымб‰рлері жалғыздан орналасады. Бұл қатарға жататын өсімдіктердің тасқа айналған әрт‰рлі бөліктерінің қалдықтары (жапырақтары, сабақтары, тұқымдары) әрт‰рлі атпен, әрт‰рлі уақытта сипатталып жазылған. Тек кейіндеу ғана олардың қандай туыстарға жататындығын айқындауға м‰мкіндік туды. Бұлардың ең жақсы зерттелгені калимматотека (Calіmmatotheca hoenіnghaussіі), оның сабағы ертеректе Lygіnodendron деген атпен, тамыры -Kaloxylon, жапырағы -Sphenopterіs, микроспорофиллдері - Grossotheca, ал тұқымдары –Lagenostoma деген аттармен сипатталып жазылған. Калимматотеканың сабағы ұзын, бірақ жіңішке, диаметрі 4 см шамасында болған. Онда ‰лкен (ұзындығы 50 см. болатын, к‰рделі, екі рет, ‰ш рет қауырсындалған жапырақтары орналасқан. Жас жапырақтары ұлу тәрізді бұралып оралған болып келеді. Сабағының анатомиялық құрылысы біршама к‰рделі. Сабағының қалың өзегі болады. Оның сыртын коллатеральды шоқ шеңбер т‰зіп қоршап жатады. Олардың с‰регіне екінші реттік ксилема жанасып жатады, одан шет жағына қарай камбий, содан соң флоэма мен эндодерма орналасады. Шоқтардың арасынан өзектің жалпақ сәулелері кетеді.
Одан әрі біршама қалың қабық орналасады, оның арқаулық механикалық элементтері жақсы жетілген болады. Қабықта көптеген жапырақтардың іздері болған (88-сурет). Сонымен сабағында екінші реттік қалыңдау болған. Микроспорофиллдері стерильді және спора т‰зетін бөліктерге (сегменттерге) бөлінген. Стерильді бөлігінде қауырсынды тілімделген, жапырақ тәрізді тақтасы болған. Спора т‰зетін сегменттері табақша тәрізді болған (эполет тәрізді), олардың астынғы бетінде 6-7-ден микроспорангийлер орналасады (82,3-сурет). Микроспоралары ‰лкен және өсіп тұрған уақытында (аталық өскінше), көптеген клеткалардан тұрған. Тұқымды папоротниктердің тозаң т‰тігі болмаған. Микроспоралардың ішінде шамасы, қозғалғыш сперматозоидтары дамыған. Калимматотеканың ұсақ (ұзындығы 5,5 мм.) мегаспорангийлері (тұқымб‰рі) қазіргі кездері саговниктердің тұқымб‰ріне өте ұқсас болған.
Тұқымб‰рі сырт жағынан интегументпен қапталған, ол нуцеллусты т‰гелдей дерлік қоршап тұрады. Интегумент нуцеллуспен тығыз бірлесіп кеткен, тек оның жоғарғы бөлігі микропиле т‰зіп бос қалған (82,5-сурет). Нуцеллустың жоғарғы жағында конус тәрізді өскіні болған, оның айналасында тозаң камерасы орналасқан. Интегумент жоғарғы жағынан өзінің камерасын т‰зеді, ал сырт жағынан тозаң камерасының қабықшасына жанасып жатады (82,5-сурет). Нуцеллустың ортасында жалпақ эндосперм – аналық өскінше орналасады. Бір т‰рінде эндосперм жақсы сақталған жағдайда табылған, оның жоғарғы жағында 3-архегоний болған. Тұқымб‰рі сырт жағынан, жоғарғы басына дейін, ерекше жабынмен - қалақша плюскамен қапталған. Бірақ ол тұқымб‰рімен бірігіп кетпеген. Плюскасында шоқпарбас бездері болған, олардың құрылысы вегетативтік органдарындағы бездердің құрылысымен бірдей. Калиммототеканың ұзындығы 6-7 мм-ге дейін жететін тұқымдарынан, барлық тұқымды папоротниктердегі секілді, осы к‰нге дейін ұрығы табылған жоқ.
Бұл қатардың бірқатар өкілдерінің стелінің құрылысы біршама қарапайым болған, Таскөмір дәуірінің төменгі қабаттарынан белгілі кейбір туыстарының протостелі болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет