Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Медуллозалар қатары (медуллозовые) - Medullosales



бет128/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   215

Медуллозалар қатары (медуллозовые) - Medullosales


Бұл қатардың өкілдернің тік өсетін, жуандығы 2-ден 20 см.-ге дейін баратын, құрылысы полистельді болып келетін сабағы болады. Тұқымб‰рінің интегументі т‰біне дейін бос орналасады. Аса кең таралған туысы медуллоза (Medullosa). Медуллозаның сабағынан бірнеше жекелеген меристельдер табылған, олардың әрқайсысының өзінің ксилемасы, флоэмасы және перициклы болған.
Әрбір меристельдің, алғашқы ксилемасы, екінші реттік ксилемамен қоршалған, олар діңнің шет жағына таман жақсы жетілген болады (83,3- сурет). Медуллозаның қатты тілімделген, жапырақтары ертеректе Neuropterіs және Alethopterіs туыстары ретінде сипатталып жазылған. Микроспорофиллдерінің құрылысы, осыған дейінгі қатардың құрылысына қарағанда біршама к‰рделі болған.
Медуллозаның спора т‰зетін сегменттері табақша тәрізді қуыстардан тұрады, олардың т‰бінде қатар-қатарымен көптеген микроспорангилері орналасады. Қарапайым формаларында, олар бос орналасқан (мысалы, Potonіea), ал к‰рделілерінде - ұзына бойында бірігіп синангий т‰зеді (мысалы,Whіtteleseja-да, 89,4-сурет). Микроспораларының ауа қуыстары болмайды. Тұқымб‰рлері жалғыздан. Нуцеллусының жоғарғы жағында тозаң камерасы (қуысы) болады.
Тұқымды папоротниктер өзінің шығу тегінде папоротниктердің қарапайым формаларына барып тіреледі (Prіmofіlіces), немесе олар тіптен
псилофиттерден шыққан болуы да м‰мкін. Өз кезегінде тұқымды папоротниктердің тобынан саговниктер мен беннеттиттер шыққан.


Кейтониялар қатары (кейтониевые) – Caytonіales


Бұл қатарға қазба т‰рінде белгілі тұқымды өсімдіктердің аздаған, бірақ өте қызық және жұмбақ тобы жатады. Бұлардың өкілдері юра дәуірінің ортаңғы кездерінде өмір с‰рген. Оларды 1925-1926 жылдары сипаттап жазып, алғашқы кездері жабық тұқымды өсімдіктерге жатқызған.
Бұған екі туыс жатады: кейтония және гристорпия. Бұл өсімдіктердің тек жапырақтарымен көбею органдары ғана белгілі. Сабақтары мен тамырлары осы уақытқа дейін табылған жоқ.
Бұлардан басқа, жапырақтары мен спорофиллдерінің арасындағы байланысын көп уақыттар бойы таппаған, сондықтанда оларды әрт‰рлі туыстар ретінде сипаттап жазған: жапырағын- Antholіtіs ретінде, микроспорофиллдері Sagenopterіs ретінде, мегаспорофиллдері Caytonіa және Grіstorpіa ретінде. Кейтониялар ұсақ, шамасы жағалық судың өсімдіктері болған, олардың сырт кескіні марсилеялар қатарына жататын су папоротниктеріне ұқсас. Олардың қауырсынды жапырақтары 3-6 ланцетті жапырақшалардан тұрған. Орталық ж‰йкесінің болуы және торлы ж‰йкеленуі негізгі ерекшелігінің бірі (90,1-сурет).
Микроспорофиллдерінің жалпақ өсі болады, оның бұтақшаларында 3- 6-дан топтасып синангийлері орналасады, ал олардың әрқайсысында төрттен микроспорангийлері болады. Сонымен төрт ұялы микроспорангий т‰зілгендей болады (90,2-сурет). Микроспораларының екіден ауа қуыстары (қапшықтары) болады. Мегаспорофиллдеріде қауырсынды болған. Оның б‰йірлік бұтақшаларында г‰л т‰йініне ұқсас денешік пайда болады. Олар мегаспорофиллдің бөліктерінің оралуының нәтижесінде пайда болады. Осы жерде “г‰л т‰йінінің” жоғарғы жағында “аналықтың” аузы т‰зіледі (90,2в-сурет). Мұндай “г‰л т‰йінінің” ішінде 6-30 тұқымб‰рі болады. Тұқымб‰рі тік орналасады. Олардың интегументі т‰біне дейін бос болған. “Г‰л т‰йінінің” ішіне т‰тік өтеді. Сол арқылы “г‰л т‰йінінің” қуысына микроспоралар өткен, оларды тұқымб‰рінің микропилесінде жиі кездестірген.
Сонымен, кейтониялар біржағынан азда болса да жабық тұқымды өсімдіктер болған, бірақта олардың “г‰лді өсімдіктерге ешқандай қатысы жоқ. Бұл жерде олардың “жабық тұқымдылығы” басқаша сипатталады, өйткені мегаспорофиллдерінің шеттерінің барлығы бірдей емес, оның тек жекелеген бөліктері ғана қайрылған. Кейтониялардың систематикалық жағдайы белгісіз. Ботаниктердің бірқатары бұларды (А.Криштофович) марсилеялармен жақындастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет