Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


ҚЫЛҚАНЖАПЫРАҚТЫЛАР КЛАСЫ ( ХВОЙНЫЕ) PІNOPSІDA



бет134/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

ҚЫЛҚАНЖАПЫРАҚТЫЛАР КЛАСЫ ( ХВОЙНЫЕ) PІNOPSІDA


Қазіргі кездегі ашық тұқымдылардың ішіндегі ең ‰лкен топ, олардың геологиялық тарихы карбонның алғашқы кездеріне барып тіреледі. Осы кездегі формаларының жапырақтары ұсақ (микрофиллия) қондырмалы, тұтас, ланцет тәрізді, ине тәрізді, қабыршақ тәрізді, сиректеу жалпақ және


‰лкен болады. мегаспорофиллдері қатты өзгерген, олар сирек, немесе аса тығыз стробилге (шишка) жиналған.
Қылқанжапырақтылар класы екі клас тармағына бөлінеді: жойылып кеткен кластармағы кордаиттер (Cordaіtіdae) және қазіргі кездегі кластармағы қылқанжапырақтылар (Pіnіdae).

Кордаиттер класс тармағы (кордаитиды) - Cordaіtіdae


Кордаиттер қатары (кордаитовые) - Cordaіtales

Кордаиттер тұқымдасы (кордаитовые) – Cordaіtaceae


Кордаиттер т‰гелімен ертеде жойылып кеткен өсімдіктер. Олардың қазба қалдықтары карбоннан бастап пермнің соңына дейін (мезозой) кездеседі. Мезозой эрасындағы триас дәуірінің басында олар жойылып кеткен. Кордаиттер таскөмір дәуірінде дамудың шарықтаған биігіне көтерілген. Олар солт‰стік және оңт‰стік ендіктерде кеңінен таралып орман т‰зген. Кордаиттердің қалдықтары таскөмірдің қалың қабаттарына бастама берген.


Ең жақсы зерттелген туыстары Cordaіtes және кордайантус (Cordaіanthus) (99-сурет). Кордаиттер діңінің биіктігі 30 м, диаметрі 1 м болатын ‰лкен ағаштар. олардың т‰зу діңдері тек жоғарғы жағында ғана бұтақтанған болады. Сабақтары екінші рет қалыңдаған. С‰регінің құрылысы бойынша бір өкілдері қылқанжапырақтыларға, ал екіншілері жақсы жетілген өзегі арқылы саговниктерге ұқсас болады.
Жапырақтары спираль тәрізді орналасады. Кордаиттердің жапырақтары көн тәрізді, жалпақ таспалы, немесе жіңішке ланцет тәрізді болып келеді; олар ұш жағына және т‰п жағына қарай жіңішкереді. Бір т‰рлерінің жапырақтары ұсақ 3-4 см аспайды, ал екіншілерінікі - ‰лкен, ұзындығы 1м, ені 20 см болады. Ж‰йкеленуі параллельді. Ж‰йкелері аздап, дихотомиялы бұтақтанған.
Кордаиттер екі ‰йлі өсімдіктер болған. Олардың аталық және аналық стробилдері (шишка) әрт‰рлі экземплярларында орналасқан.
Аталық стробилдері (микростробилдері) тығыз орналасқан сырғашалар жиынтығы тәрізді. Аталық стробилінің өсінде стерильді қабыршақтары және микроспорофиллдері орналасады, соңғысының жоғарғы жағында 1-6 микроспорангийлері болады (100,1,2-сурет).
Микроспораларының көлемі 0,5 мм аспаған, олардың бір ғана ауа қуысы (қапшығы) болған, ол микроспораның сыртын т‰гелдей қоршап жатқан (100,5-сурет). Өнген микроспорадан көптеген клеткалар табылған (шамасы, проталлиальдық,100,6-сурет). Сонымен аталық гаметофиті қазіргі кездегі қылқан жапырақты өсімдіктермен салыстырғанда редукцияға аз ұшыраған.
Аналық стробилі сырт қарағанда аталық стробиліне ұқсас, бірақ құрылысы біршама к‰рделі болған. Аналық стробилінің өсіне, спиральдың бойымен, қабыршақ тәрізді жапырақтары, ал олармен алма кезек қысқа сабақтары орналасқан. Бұл сабақтарының т‰п жағында 1-2 жапырағы болған. Сабақтарының ұшында бір мегаспорангий (тұқымб‰рі) орналасқан (100,3- сурет).
Тұқымб‰рлерінің сыртын, жоғарғы жағында тозаң саңылауы бар интегумент жауып тұрады. Одан әрі нуцеллус орналасады. Тұқымб‰рінің ортасын эндосперм алып жатады, онда архегоний жетіледі (100,4-сурет).
Нуцеллустың жоғарғы жағында тозаң камерасы болған, оған микроспоралар келіп т‰скен. Ұрықтануы шамасы қозғалғыш сперматозоидтары арқылы ж‰рген. Ұрығы белгісіз.
Шамасы ұрықтың дамуы, тұқымб‰рі жерге т‰скеннен кейін ж‰ретін болса керек.
Кордаиттер (Cordaіtales) қатарына көптеген ертедегі ашықтұқымдылар жатады. Мысалы, девон дәуірінің соңына таман өмір с‰рген Archaeopіtys, Callіxylon туыстары және карбон дәуірінің соңына таман өмір с‰рген Pіtys туысы. Бұл туыстардың барлығы Pіtyaceae тұқымдасына жатады. Бұлардың барлығы ‰лкен ағаштар болған (Callіxylon-ның сабақтарының диаметрі 2 м-ге дейін жеткен), с‰регінің құрылысы жағынан (өзегі қалың, жапырақтарының іздері сабақты жарып өткен) олар тұқымды папоротниктерге жақындастырылады, ал жапырақтарының құрылысы жағынан қылқанжапырақтыларға ұқсас. бірақта бұл өсімдіктердің көбею органдары белгісіз.
Кордаиттердің басқа ашық тұқымдылармен туыстық қатынасы т‰сініксіздеу. Шамасы, олар дамудың бөлек тармағы болса керек. Бір ғалымдардың пайымдауынша кордаиттердің тұқымды папоротниктермен арғы тегі бір болған, яғни олар осылардың екеуінеде ортақ бір өсімдіктен шыққан. Кордаиттер гинкголарға және қылқанжапырақтыларға бастама берген. Белгілі ботаник Адольф Энглер кордаиттерді қылқанжапырақ- тылармен теңдей жеке класқа бөлген (Cordaіtopsіda). Осы кезге дейін ғалымдардың көпшілігі кордаиттерді қылқанжапырақты-лардың арғы тегі болуы м‰мкін, немесе олармен бір тектен шыққан деп қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет