Классификациясы. Көк-жасыл балдырлар ‰ш класқа бөлінеді: хроококкалар класы (Chroococcophyceae), хамесифондылар класы (Chamaesіphonophycae), гормогониялар класы (Hormogonіophyceae).
Хроококкалар класына (Chroococcophyceae) мына туыстар жатады: глеокапса (Gloeocapsa), микроцистис (Mіcrocystіs), мерисмопедия (Merіsmopedіa); хамесифондылар класына (Chamaesіphonophycae) – дермокарпа (Dermocarpa), паширенема (Pascherіnema - Endonema), хамесифон (Chamaesіphon); гормогониялар класына (Hormogonіophyceae) – осциллатория (Oscіllatorіa), спирулина (Spіrulіna), лингвия (Lyngbya), анабена (Anabena), носток (Nostoc), толипотрикс (Tolіpotrіx), ривулярия (Rіvularіa), глеотрикия (Gloeotrіchіa).
Таралуы және шаруашылықтағы маңызы. Көк-жасыл балдырлар өте өзгергіш және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына тез бейімделеді. Олар тұщы және теңіз суларында, топырақтың бетінде, топырақта, жалаңаш жар тастардың бетінде, қардың астында және ыстық қайнар бұлақтарда да өмір с‰реді. Кейбір планктонды т‰рлері ыластанған сулардың көкшіл т‰ске боялуына ("цветение") әкеліп соқтырады (анабена туысы- Anabena), ал екінші біреулері, шіру процесінің өнімдерін минерализациялап, суды тазартады. Көк-жасыл балдырлардың топырақта кездесетің т‰рлері- формидиум (Phormіdіum) және плектонема (Plectonema) ауадағы азотты бойына сіңіруге қабілетті келеді. Ностоктың (Nostoc) колониясын қоршап тұратын шырышты заттарға, ауадағы азотты бойына сіңіретін бактериялар қоныстанады. Көптеген т‰рлері саңырауқұлақтармен селбесіп, қыналар т‰зеді.
Дәріс 3. Тақырып: ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ (ЗЕЛЕНЫЕ ВОДОРОСЛИ)- CHLOROPHYTA 1 сағат.
Дәрістің мақсаты. Студенттерді жасыл, хара, эвгленалы, диатомды балдырлар бөлімдерінің өкілдерімен таныстыру. Көбею жолдарына мән беру.
Қарастырылатын мәселелер.
Жасыл балдырлар бөлімі.
Хара балдырлар бөлімі.
Эвгленалы балдырлар бөлімі.
Диатомды балдырлар бөлімі.
Т‰рлерінің жалпы саны 15 мыңдай. Әлемнің барлық жерлерінде, негізінен тұщы суларда, кейбіреулері теңіздерде, аздаған т‰рлері оқтын- оқтын су басудың нәтижесінде ылғалдығы артып отыратын топырақтарда, ағаштардың діңдерінде, дуалдарда (заборах), г‰л отырғызылған қыш құмыраларда (горшках) және т.б. жерлерде кең таралған өсімдіктер.
Осы бөлімнің өсімдіктерін мысалға ала отырып эволюцияның екі бағытын аңғаруға болады. Бірінші бағыт, бір клеткалы бір ядролы формаларынан бастап, көп клеткалы көп ядролы формаларына дейін жеткен, бұл бағыттың ең жоғарғы сатысы каулерпа (Caulerpa). Екінші бағыт, бір клеткалы формаларынан бастап, колониялы формалары арқылы, көп клеткалы жіптәрізділерге және одан әрі көп клеткалы, талломдары сыртқы құрылысы жағынан жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік органдарына біршама ұқсас болып келетің формаларына дейін жеткен, бұл бағыттың ең жоғарғы сатысы- хара (Chara).
Қозғалғыш организмдерді қозғалысқа келтіретін органдарына, олардың ұзындығы мен формасы бірдей болып келетін екі, сиректеу төрт талшығы жатады. Клеткалары бір ядролы, бірақта көп ядролы болуы да м‰мкін (кладофоралар тұқымдасы- Cladophoraceae). Хроматофораларында көп жағдайда пиреноидтар болады. Хроматофораларының формасы, мөлшері және клеткадағы саны алуан т‰рлі болып келеді. Пигменттеріне хлорофилл, каротиноидтар жатады. Артық қор заттарына крахмал және шынымайы жатады. Вегетативтік, жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныстық процесі барлық т‰рлерінде белгілі және алуан т‰рлілігімен ерекшеленеді: изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия (коньюгация).
Достарыңызбен бөлісу: |