Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет17/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   215
Классификациясы. Жасыл балдырлар мынадай бес класқа бөлінеді: вольвоксты балдырлар класы (Volvocophyceae), протококты балдырлар класы (Protococcophyceae), улотриксті балдырлар класы (Ulothrіchophyceae), сифонды балдырлар класы (Sіphonophyceae), тіркеспелі немесе коньюгациялы балдырлар класы (Conjugatophyceae).


ВОЛЬВОКСТЫ БАЛДЫРЛАР КЛАСЫ


(ВОЛЬВОКСОВЫЕ) -VOLVOCOPHYCEAE

Вольвоксты балдырлар класына жасыл балдырлардың ең қарапайым, монада құрылысты өкілдері жатады. Вегетативті жағдайда олар өмірінің соңына дейін қозғалғыш болып келеді.


Вольвоксты балдырлардың басым көпшілігі бір клеткалы организмдер, сонымен бірге ценобиальды және колониялы (Volvox туысының т‰рлері) формалары да болады.
Жаз кезінде ақпайтын көлшіктердің беті ашықкөк т‰ске боялып тұрады. Олай болатын себебі мұндай суларда көптеген бір клеткалы планктон т‰рінде
өмір с‰ретін балдырлар болады екен және олар осы суға изумруд секілді көкшіл өң береді. Шалшық сулардың немесе кішілеу көлшіктердің беттері жасыл бояуға боялған кездерде мұнда ең жиі кездесетін балдыр хламидомонада (chlamydomonas) болады екен. ”Хламидомонада" деген сөзді грек тілінен аударар болсақ " сырты қабықшамен қапталған қарапайым организм" деген ұғым береді. Хламидомонада тек
микроскоппен қарағанда ғана анық байқалатын бірклеткалы жасыл балдыр. Хламидомонада суда денесінің алдынғы жағынан кететін екі талшығы арқылы қозғалысқа келеді. Барлық тірі организмдер секілді хламидомонада, суда еріген оттегімен тыныс алады.
Хламидомонаданың сыртын жұқа мөлдір қабықша қаптап тұрады, оның астында цитоплазма мен ядро орналасады. Сонымен бірге жарықты оңай сезетін кішкентай қызыл "көзшесі", іші клетка шырынына толы ‰лкен вокуольясы және кішкентай екі қозғалғыш вокуольясы болады. Хламидомонаданың хлорофилі және басқада бояғыш пигменттері хромотофорасында (грек тілінен аударғанда "т‰с беретін") болады. Ол жасыл т‰сті, өйткені құрамында б‰ткіл клеткаға жасыл өң беретін хлорофилл бар. Клетка қабықшасы арқылы хламидомонада судан минералды заттармен көмір қышқыл газын бойына сіңіреді. Жарықта храмотофорасында фотосинтез процесінің нәтижесінде қант (одан крахмал) т‰зіледі және ауаға оттегі бөлініп шығады. Сонымен бірге хламидомонада өзін қоршаған ортадан суда еріген дайын органикалық заттарды сорып қабылдайды. Сондықтанда хламидомонаданы басқа бірклеткалы жасыл балдырлармен бірге суды тазартуға салынған құрылыстарда (сооружениях) арнайы өсіреді. Бұл жерде хламидомонада суды зиянды қоспалардан тазартады.
Хламидомонаданың жыныссыз жолмен көбеюі оның жазда қолайлы жағдайларда бөлінуі арқылы ж‰зеге асырылады. Бөлінер алдына хламидомонада қозғалуын тоқтатадыда, талшықтарын тастайды. Аналық клеткадан 2-4, ал кейде 8 клетка босап шығады да жекелеген особьтарға айналады. Қолайсыз жағдайларда (оттегі жетіспегенде, салқында, су қоймасы кепкенде) хламидомонада талшықтарын тастап, сыртына кілегей бөліп шығарады, алайда клетка бөліну арқылы көбеюге қабілеттілігін сақтап қалады. Осы ерекшелігіне байланысты хламидомонаданың пальмеловидтік сатысы қалыптасады. Қолайлы жағдай туысымен оның клеткалары талшықтарын шығарып, қайтадан қозғалғыш хламидомонадаға айналады.
Жыныстық жолмен көбейгенде хламидомонаданың клеткасынан мөлшері жағынан бірдей бірнеше (изогаметалар) зооспораға ұқсас ұсақ гаметалар (жыныс клеткалары) пайда болады (8-16, кейде 32-64). Гаметалар суға шығып екеу-екеуден қосылады. Бұл жағдайда зигота т‰зіледі, ол қалың қабықшамен қапталып қыстап шығады. Келесі жылы көктемде зигота бөлінеді. Нәтижесінде төрт клетка пайда болады. Олар жас хламидомонадалар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет