Шатырг‰лдер, немесе сельдерейлер тұқымдасы (зонтичные, или сельдерейные)-Umbellіferae, Apіaceae
Тұқымдасқа 3 мыңнан аса т‰р (300туыс) жатады. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 800-дей т‰рі, ал Қазақстанда флорасында 230 т‰рі кездеседі. Олар жер шарының барлық жерінде, негізінен солт‰стік ендіктің қоңыржай және құрғақ климатты зоналарында, сонымен бірге тропикалық елдердің тауларында кеңінен таралған. Көптеген алқаптарда, өсімдіктер қауымдастығының негізгі компоненттері болып табылады, әсіресе климаты құрғақ аудандарда. Өмірлік формалары: негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар немесе жартылай бұталар. Сабағының іші қуыс, биіктігі 4 м., ал диаметрі 6см. дейін барады. Жапырақтары көп жағдайда кезектесіп орналасады, жапырақ қынапшасы және тілімделген тақтасы болады. Г‰лшоғыры к‰рделі шатыр, сиректеу қарапайым шатыр, немесе шоқпарбас т‰рінде болады. Г‰лдері актинеморфты немесе бір г‰лшоғының деңгейінде аздап зигоморфты, 5 м‰шелі. Тостағанша жапырақшалары редукцияға ұшыраған және 5 тіс немесе көмкерме т‰рінде болады. К‰лтесі ‰стіңгі жағында аздаған ойығы бар 5 жеке жапырақшалардан тұрады. Аталығының саны 5, олардың жіпшелері аталықтың ішкі шеңберінен т‰зілетін нектарниктің дискісіне бекініп тұрады. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшасынан тұрады, г‰лт‰йіні төменгі 2 ұялы. Г‰лінің формуласы мынадай: Ca (5-0) Co 5 A 5 G (2).
Осы ‰лкен және кең таралған тұқымдастың туыстарының барлығы бір- біріне өте жақын. Ол бұлардың сыртқы ұқсастығынан, әсіресе вегетативтік органдарының құрылысынан айқын байқалады. Тұқымдастың классификациясын жасағанда және анықтағанда, жемісінің құрылысы ең маңызды роль атқарады. Жемісі пісіп жетілген кезде, екі ашылмайтын (қақырамайтын), бір дәнді жартылай жеміске бөлінеді. Мұндай жемісті
тұқымша деп атайды, ол екіге бөлінген карпофораның басында ілініп тұрады. Тұқымшаның сыртында 5 тікесінен орналасқан қабырғалары болады. Жеміс қапта оларға, бес өткізгіш шоғы сәйкес келеді. Бұл алғашқы қабырғалар. Олар барлақ т‰рлерде айқын байқалмайды. Қабырғаларының арасында бороздкалары орналасады, олардың арасында май жолдары болады. Кейде бороздкалардың орнына, екінші реттік қабырғалары пайда болады. Олар алғашқы қабырғалардан, жеміс қаптарында өткізгіш шоқтарының болмаумен оңай ажыратылады. Май жолдары тұқымша жағында да болады. Бірақ ол әдетте, жемістің қақырайтын жағынан басталады. Жемістің қақырайтын жағындағы бөлігіндегі, дәннің эндоспермінің ‰сті жалпақ немесе дөңес, орақ тәрізді немесе ойыс болуы м‰мкін. Бұл жемістің көлденен кесіндісінен жақсы байқалады.
Көптеген т‰рлері ертеден овощтық, жем шөптік және қош иісті өсімдіктер ретінде өсіріледі. Олардың кейбіреулерінде, организмге қатты әсер ететін, улы алколоидтар болады. Олар мал шаруашылығына ‰немі қауып туғызады.