Қызылбасбеде(клевер луговой - T.pratense) биіктігі 30-50см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, мамыр айының екінші жартысынан к‰зге дейін г‰лдейді. Г‰лдерінің т‰сі қызыл, шоқпарбас шоғырға жиналған, бобтарында біреуден ғана дәні болады. мәдени жағдайда көп өсіріледі. Қызғылт беденің (клевер розовый или шведский - T. hybrіdum) к‰лте жапырақшасының т‰сі солғын қызғылт болып келеді, оны негізінен орманды аудандарда көптеп себеді, жабайы қалпына ауысуы жиі байқалады. Ақ беденің (клевер ползучий или белый - T. repens) к‰лте жапырақшасының т‰сі ақ болады, ол мал азығы ретінде аса құнды өсімдік, әрі малдың таптап-жаншуына шыдамды. БОР-дың барлық жерлерінде кеңінен таралған.
Жоңышқатуысы(люцерна - Medіcago). 100-дей т‰рі бар. Табиғи жағдайда жер шарының екі ендігініңде тропикалық аймақтарында, жерортатеңізі жағалауында, Европада, Кавказда, Орта Азияда кездеседі. БОР- дың флорасында 36 т‰рі кездеседі, олар негізінен Орта Азияда өседі, ал Қазақстанда 18 т‰рі бар. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жапырақтары ‰шқұлақ болып келеді, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәнді (немесе аз дәнді), формасы б‰йрек немесе орақ тәрізді. Құрғақшылыққа, сортаң және сор топырақтарға жақсы бейімделген тамырының ұзындығы 1,5м -ге дейін жететін, кіндік тамырлы ғсімдік. Агромелиоративтік маңызы зор. Мал азығы ретінде аса құнды, құнары жоғары және жақсы желінетін пішен беретін өсімдік.
Сарбас жоңышқа(люцерна серповидная, или люцерна желтая- M.falcata) биіктігі 100-120см болатын, к‰лте жапырақ-шасының т‰сі сары, құрғақшылыққа, ыстыққа және суыққа төзімді өсімдік. Табиғатта (Европада,
Сібірде, алдынғы және Орта Азияда) және мәдени жағдайда кең таралған өсімдік. Кәдімгі жоңышқаның(люцерна посевная, или синяя - M.satіva) г‰лі қою-к‰лгін т‰сті, бобы спираль тәрізді бұралған болып келеді. Табиғи жағдайда Кіші Азияда, Тибетте, Индияда кеңінен таралған. БОР-дың териториясында, әсіресе құрғақ шөлейт аудандарда тек мәдени жағдайда ғана өседі, кейде жабайы жағдайға ауысқандығы байқалады.
Фасольтуысы(Phaseolus). Т‰рлерінің жалпы саны 200-дей. Табиғи жағдайда негізінен Азия мен Американың тропикалық аймақтарында өседі. Біржылдық шөптесін өсімдік, сабақтары тігінен жайылып, көп жағдайда тіптен шырмалып өседі. Жапырақтары ‰шқұлақ к‰рделі болып келеді. К‰лте жапырақшалары сары, ақ, қызғыштау-сары, қоңыр-қызыл және сия-көк т‰сті болып келеді. БОР-дың териториясында 20-дай т‰рі белгілі. Олардың барлығы тек мәдени жағдайда көкөніс дақылы ретінде және сәндік өсімдіктер ретінде ботаникалық бақтарда, парктерде, скверлерде өсіріледі.