Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Трубкаг‰лділер тұқымдастармағы (подсемейство трубкоцветные)–



бет196/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   215

Трубкаг‰лділер тұқымдастармағы (подсемейство трубкоцветные)–


Tubіflorae

Г‰лдері негізінен трубка тәрізді, кейде тек шеткі г‰лдері ғана жалған тілше немесе воронка тәрізді болады.


Кнбағыс туысы (Helіanthus). 60-дей т‰рі бар. Шыққан жері - Америка. Табиғи ареалынан тыс 2 т‰рі кеңінен себіледі: біржылдық к‰нбағыс (H.annuus) - мал азығы ретінде өсірілетін, май алынатын және тамаққа пайдаланылатын, бал беретін д‰ниеж‰зілік маңызы бар дақыл; тапинамбур, немесе тапинамбур к‰нбағысы (тапинамбур, или земляная груша - H.tuberosus) - көпжылдық өсімдік, оның жер асты т‰йнектерінде 15 %-ке дейін инулин болады; тамаққа және малға азық ретінде пайдаланылатын өсімдік.
Жусан туысы (полынь - Artemіsіa). 400-дей туысы бар, БОР-дың территориясында 134 т‰рі, ал Қазақстанда 81 т‰рі кездеседі. Туыстың ареалы негізінен Европаның, Азияның және Солт‰стік Американың қоңыржай климатты облыстарын алып жатады. Шөптесін (көпжылдық, екіжылдық, біржылдық) өсімдіктер немесе жартылайбұталар. Бұтақтары тік немесе жоғары қарай өседі, жапырақтары кезектесіп орналасқан болады. Жапырақтары қатты тілімделген, сиректеу тұтас (б‰тін), көп мөлшерде эфир майын шығарады. Г‰лдері тек трубка тәрізді.
Дәрмене жусан (полынь цитварная - A.cіna) - дәрілік өсімдік, құрамында сантонин болады, ол ішек құртты айдағыш дәрі ретінде жиі қолданылады. Ащы жусан (полынь горькая - A.absіnt-
hіum) жапырақтары ‰ш рет қауырсынды тілімделген болып келетін өсімдік, сыртын қалың к‰міс т‰сті т‰ктері жауып тұрады және өзіне тән эфир майының иісі болады. Медицинада және ликер арақ жасау өндірісінде пайдаланылады. Арам шөп ретінде кең тараған. Жусанның көптеген т‰рлері шөлейт аймақта, рабидайдың ішінде көк г‰л-кекіресі (василек синий - C.cyanus) жиі өседі.
Сарықалуен туысы (бодяк - Cіrsіum). Т‰рлерінің жалпы саны 200-ден асады, БОР-дың флорасында 111 т‰рі, ал Қазақстанда 19 т‰рі кездеседі. Туыстың өкілдері негізінен солт‰стік ендіктің қоңыржай және субтропикалық климатты облыстарында таралған. Бір ‰йлі сиректеу екі ‰йлі өсімдіктер. Тамырлары жақсы жетілген, көптеген горизонталь бағытта өсетін б‰ршіктер беретін, терең кететін өсімдіктер, сондықтанда жойылуы қиын арамшөптер. Кейбір т‰рлері бал беретін және сәндік өсімдіктер ретінде құнды болып келеді. Егістік сарықалуен (бодяк полевой - C.arvense) биіктігі 60-120 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, сабағы мен жапырағы тікенектермен жабылған, г‰лдері трубка тәрізді, көкшілдеу-қызғыш т‰сті, дара жынысты; екі ‰йлі өсімдік, желайдарының т‰ктері қауырсынды болып
келеді. Орманды және шөлейт аудандарды тыңайту мақсатында пайдаланбай қалдырған жерлерінде (залежаный) және егістіктерінде арам шөп ретінде өседі. Бозғылт сарықалуен (бодяк седой - C.іncanum), осыған дейінгі т‰рге жақын, шөлейт аймақтың оңт‰стігіне таман және тауларда өседі (Кавказда, Орта Азияда). Кәдімгі сарықалуен (бодяк обыкновенный - C.vulgare) екіжылдық өсімдік, тамыры ұршық тәрізді, сабағының биіктігі 100-150см , жапырағы сызықты-ланцет тәрізді, оның ‰стінгі беті тікенекті-т‰кті, ал астынғы беті ақ киіз секілді қалың т‰кті болып келеді. Арамшөп ретінде кең тараған және егістіктен бос қалған жерлерде де көптеп өседі.
Тұқымдастармағының басқа туыстарынан мына т‰рлер аса кең тараған: дала өгізкөзі (пупавка полевая - Anthemіs arvensіs) биіктігі 25-40 см болатын біржылдық шөптесін өсімдік көп жағдайда құрғақ жерлерде және егістіктерде өседі (БОР-дың Европалық бөлігінде, Кавказда); кәдімгі нивяник (нивяник обыкновенный, или поповник -Leucanthenum vulgare) биіктігі 25-80 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, жапырағы тұтас, себеті (корзинка)
‰лкен, жалғыздан немесе 2-5-тен біріккен, жалғантілше г‰лінің к‰лтелерінің т‰сі ақ, шалғындықтарда аса көп таралған; оны сәндік өсімдік ретінде өсіреді; кәдімгі т‰ймешетен (пижма обыкновенная - Tanacetum vulgare). Көлденең өсетін тамырсабағы бар көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 60- 150см-дей болады, себеті (10-20 және көп) қалқаншаға (щиток) жиналған, Арктикадан бастап (басқа жақтан алып келінген) Орта Азияға, Кавказға және Қырымға дейін таралған, инсектицидті және дәрілік, ал кейде тіптен сәндік өсімдік ретінде өсіреді;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет