Кәдімгіфасоль(фасоль обыкновенная - Ph.vulgarіs) көғкөніс дақылы, Солт‰стік жақта Санкт-Петербургке дейін жетеді. Отжалынды-қызыл фасоль (фасоль огненно-красная - Ph.coccі-neus) өрмелеп өсетін біржылдық өсімдік, г‰лі ашық-қызыл т‰сті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде кеңінен отырғызылады, сиректеу тамақ ретінде де пайдаланылады (дәндері ақ болып келетін сорттары) .
Соятуысы(Glycіne). Туыстың құрамында 40-тай т‰р бар. Табиғи ареалы аса кең, алайда негізінен Американың, Азияның және Австралияның тропикалық аймақтарын қамтиды. БОР-дың териториясында тек бір ғана Уссурий соясы (соя уссурийская - G.ussurіensіs) деген т‰р өседі. Шаруашылықтағы маңызы жағнан ең қажеттісі т‰кті соя (соя щетенистая - G.hіspіda) деп аталынатын т‰р. Ол биіктігі 30-50 (80) см болатын біржылдық шөптесін өсімдік, жапырағы ‰шқұлақ, г‰лдері жапырақтың қолтығынан шашақтанып шығып тұрады, бобтарының ішінде біреуден немесе аздан дәндері болады. Азияда кеңінен себілетіндігі сонша, оның егістік көлемі 10 млн. га асады. 1 т.дәннен 113 кг май және 725 кг майдан тазартылған ұн алынады. Дәнінің құрамында 36% -ке дейін белок болады. Сабағы мен жапырағын жас балауса т‰рінде де, кептіріп те және силос т‰рінде де ауыл шаруашылық жануарларына қорек ретінде пайдаланады. Соядан әрт‰рлі тағамдар дайындайды: с‰т, май, айран, қаймақ, с‰збе, нан, ал сусамыр ауруымен ауыратын кісілер ‰шін арнайы печенье, кофе, шоколад және т.б. (100-ден астам тағамдардың т‰рлерін) жасайды. Сонымен бірге соядан пластмасс, фанер жасауға қажетті клей және тағы басқа да заттарды жасауға керекті шикізат алады.
Люпинтуысы(Lupіnus). Туыста 400-дей т‰р бар, олардың басым көпшілігі Оңт‰стік Америкада (Анды) кездеседі. Бұлар негізінен дәндері ұсақ болып келетін шөптесін өсімдіктер, жартылайбұталар, ішінде тіптен бұталарыда болады. Солт‰стік Американың батыс аудандарында
біржылдық т‰рлері басым болып келеді. Т‰рлерінің көптігі жағынан екінші орынды алатын табиғи орталық болып жерорта теңізі жағалауы саналады. Жерорта теңізі жағалауындағы т‰рлердің басым көпшілігі біржылдық, биік, дәндері ірі болып келетін өсімдіктер. Бұларға ‰шқұлақ және саусақсалалы к‰рделі жапырақтар тән. Г‰лдері ақ, сары, көк т‰сті болып келеді және ‰лкен шашақ тәрізді г‰лшоғырына жиналады.
Люпин рекордтық деңгейге дейін жететін көк балауса береді, бірақта өсімдіктің барлық бөлігінде көп мөлшерде улы заттар болады (люпинин және люпинидин алкалойдтары). Сидерациялық және сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Алкалоиды жоқ сорттарын шығаруға байланысты люпиннің жем- шөптік маңызы арта т‰седі.