Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


ДЕЙТЕРОМИЦЕТТЕР, НЕМЕСЕ ЖЕТІЛМЕГЕН САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР КЛАСЫ (ДЕЙТЕРОМИЦЕТЫ,ИЛИ НЕСОВЕРШЕННЫЕ ГРИБЫ) – DEUTEROMYCETES,FUNGІ



бет62/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   215

ДЕЙТЕРОМИЦЕТТЕР, НЕМЕСЕ ЖЕТІЛМЕГЕН САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР КЛАСЫ (ДЕЙТЕРОМИЦЕТЫ,ИЛИ НЕСОВЕРШЕННЫЕ ГРИБЫ) – DEUTEROMYCETES,FUNGІ


ІMPERFECTІ

Т‰рлерінің жалпы саны 300 мыңдай. Гифалары м‰шеленген (членистый). Көбеюі конидилері арқылы ж‰зеге асады. Жыныстық жолмен көбеймейді. Бұлар парзиттер мен сапрофиттер болып келеді. Көптеген т‰рлері табиғатта аса кең тараған. Жетілмеген саңырауқұлақтар көп жағдайда ауылшаруашылық дақылдарын ауыруға шалдықтырады және оларды өлуге әкеліп соқтырады.


Жетілмеген саңырауқұлақтардың классификациясы конидия сағақтарының орналасуы мен конидилерінің формасына негізделген. Бір т‰рлерінде конидия сағақтары жалғыздан орналасып, онша онша ‰лкен
болмайтын шоқ т‰зеді. Оны кореми деп атайды (ботритис- Botrіtіs туысы). Екінші бір т‰рлерінде гифалары матасып жапырақтың ‰стінде ложе немесе строма деп аталынатын құрлым т‰зеді (коллетотрихум- Colletotrіchum).
‡шінші бір т‰рлерінің конидилері шар тәрізді немесе сопақтау болып келген, жоғарғы жағында тесігі бар қуыстың- пекнидидің ішінде орналасады (диплодина - Dіplodіna туысы).


Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы


Саңырауқұлақтар табиғаттағы зат алмасу процесінде ерекше орын алады. Олар органикалық заттарды ыдыратып минералдық заттарға айналдырады. Әсіресе өсімдіктердің қалдықтарын шірітіп, топырақта қарашіріндінің т‰зілуін қамтамасыз етеді. Спирттік ашу туғызатын саңырауқұлақтар, нан жабуда, спирт алуда, шарап, сыра, квас, айран ашытуда кеңінен пайдаланылады. Сонымен бірге ашытқы саңырауқұлақтары тамаққа, малға азық ретінде және емдік өнім ретінде пайдаланылады. Қалпақты саңырауқұлақтар тамаққа жиі пайдаланылады. Алайда олардың гифаларының қабықшалары нашар қорытылады, сондықтанда мұндағы белоктар т‰гелдей дерлік сіңбейді деседе болғандай. Дегенмен саңырауқұлақтарды негізінен астың дәмін кіргізу мақсатында пайдаланады.


Европаның, Азияның орманды белдеулерінде, Қазақстанның таулы аймақтарында жеуге келетін саңырауқұлақтар көптеп кездеседі. Көкек айының соңынан мамыр айының ортасына дейін алдымен сморчоктар мен строчоктар, содан соң шампиньондар көріне бастайды. Маусымның ортасына таман қара бидайлар бас алған кездерде қайың саңырауқұлақтары шығады. Олардың артынан майқұлақ саңырауқұлақтары, сыроежкалар пайда болады. Жаздың екінші жартысынан алғашқы суық (қазан) ұрғанға дейін саңырауқұлақтардың барлық т‰рлері жемісті дене т‰зеді. К‰зде ең со- ңынан опята көрінеді. Ауа райы құрғақ болған жылдары саңырауқұлақтардың жемісті денесі жаздың соңына қарай пайда болады. Ал салқын ерте т‰скен жылдары олар өсуін тоқтатады. Саңырауқұлақтарды тергенде жеуге келетін саңырауқұлақтарды улы саңырауқұлақтардан ажырата білу қажет. Әсіресе сұр паганка, мухомор, желочты саңырауқұлақ, жалған лисичка және жалған опята улы саңырауқұлақтар. Сұр паганка шампиньонға біршама ұқсас, бірақ оның қалпағының астынғы жағының т‰сі көкшілдеу-ақ болып келеді, ал шампиньонның қалпағының астынғы бетінің т‰сі қызғыш.
Мухоморды қалпағының ‰стіндегі ашық қызыл т‰сті бояуымен және ондағы ақ т‰сті теңбілімен оңай ажыратуға болады. Кейде қалпағының т‰сі сұр болып келетінде мухоморларда кездеседі.
Желочты саңырауқұлақ ақ саңырауқұлаққа ұқсас, бірақ оның т‰біртегінің жоғарғы бөлігі қара немесе қоңырлау-сұр т‰сті торлы өрнектермен жабылған болып келеді, ал етженді жұмсақ бөлігін сындырсақ қызарады. Жалған лисичкалар жеуге келетін лисичкаларға ұқсас, бірақ олардың қалпақтарының
‰сті тегіс, т‰сі жеуге келетін лисичкалардың қалпақтарының т‰сіндей ашық-
сары емес, қызғыштау-сары және жалған лисичканың қалпағының сынған жерінен ақ т‰сті с‰т (шырышты сұйық) шығады.
Опятаны жинағанда, оның т‰біртегіне зер салып қарау керек. Жеуге келетін опятаның т‰біртегінде жыртылған жамылғының қалдығынан т‰зілген сақинасы болады, ал жалған опятаның мұндай жамылғысы болмайды және қалпағының астындағы пластинкаларының т‰сі көкшілдеу болады.
Саңырауқұлақтармен уланып қалмау ‰шін, оларды жинағанда мұқият болу керек. Егер терілген саңырауқұлақ улы саңырауқұлаққа ұқсас болса, егер сіз оның жеуге келетін саңырауқұлақ екендігіне к‰мән келтірсеңіз, онда мұндай саңырауқұлақты жинамағаныңыз жөн. Жеуге келетін саңырауқұлақтардың жемісті денесі де улы болуы м‰мкін.
Сморчоктарды, строчоктарды және бірқатар басқада саңырауқұлақтарды жеудің алдында оларды екі рет қайнату керек, ал әр қайнатқаннан кейінгі суын төгіп тастап отыру керек. Төгілген сумен бірге осы саңырауқұлақтарда болатын улы заттарда шығып қалады. Көптеген саңырауқұлақтардың жемісті денесінде адамға қажетті қоректік нәрлі заттар болады. Олардың ішінде белоктар, минералды тұздар және басқада заттар бар. Сондықтанда көп уақыттан бері кейбір қалпақты саңырауқұлақтарды мәдени жағдайда арнайы өсіреді.
Көкөніс шаруашылығында ТМД-нің ‰лкен қалаларының маңында шампиньонды өсіреді. Арнайы теплицаларда төрт ярусты стелаждар (полкалар) жасалынады. Олардың ‰стіне құнарлы топырақты жайып мицелийлерді отырғызады. Теплицадағы температураны, ауаның және топырақтың ылғалдығын жемісті денесі тез пайда болатындай қалыпта ұстау қажет. Сонда ғана топырақтың 1 кв.м-нен шампиньонның 20 кг. жемісті денесін жинауға болады. Жылына саңырауқұлақтан 5 рет өнім алынады.
Антибиотиктер өндіруде саңырауқұлақтардың маңызы ерекше. Екінші жағынан саңырауқұлақтардың көбісі ауылшаруашылық дақылдарын әрт‰рлі ауруларға шалдықтырады. Ағаштардың діңдерін б‰лдіретін саңырауқұлақтар (трутовиктер) халық шаруашылығына ‰лкен нұқсан келтіреді. Бірқатар саңырауқұлақтар адамдарды және жануарларды әрт‰рлі ауруларға шалдықтырады және оларды уландырады. Саңырауқұлақтар қышқылдық реакциясы бар организмдердің денесінде паразит ретінде өмір с‰реді, оларға көптеген ауру туғызатын бактериялар шыдай бермейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет