Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


КЛАДОКСИЛОПСИДТЕР КЛАСЫ (КЛАДОКСИЛОПСИДЫ) -



бет102/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

КЛАДОКСИЛОПСИДТЕР КЛАСЫ (КЛАДОКСИЛОПСИДЫ) -


CLADOXYLOPSІDA

Аневрофитопсидтер класының өкілдері секілді девон дәуірінің алғашқы кездерінің соңына таман пайда болған, ал олардың кейбір өкілдері карбон дәуірінің алғашқы кезеңіне дейін өмір с‰рген. Бұл кластың өкілдерінің аневрофитопсидтер мен археоптеридопсидтерден айырмашылығы сол, шамасы олардың камбийі болмаған, яғни соңғы с‰рек қабаты т‰зілмеген. Девондық туысы псевдоспорохнустың (Pseudosporochnus) биіктігі 2 м-ге жеткенімен, кладоксилопсидтердің ішінде кладоксилонды (Cladoxylon nodosus) есептемегенде (ол нағыз ағаш) нағыз ағаштары болмаған (57,3;56- суреттер). Жапырақтары дихотомиялы бұтақтанған. Өткізгіш системасы ерекше тарамдалған актиностель т‰рінде болады,(58,5-сурет) олардың


көптеген меристельдері сабақты тікесінен ұзына бойында біріктіретін (анастомозирующие) система т‰зеді. Ксилемасы баспалдақты және н‰ктелі трахеидтерден тұрады. Кладоксилон (Cladoxylon) девон дәуірінен бастап карбонның төменгі қабаттарына дейін өмір с‰рген. Ол биіктігі 25 см-дей, шашыраңқы бұтақтанған бұта болған. Оның өркендері дихотомиялы бұтақтанған және диаметрі 4-6 см-ге жеткен. Сабағы мен өркендерінде жалпақ, аша тәрізді тарамдалған бұтақша-жапырақтары болған (58,3,4- сурет). Өсімдіктің жоғарғы жағында, топтасып дихотомиялы бұтақтанған спорофиллдері жетіледі. Әрбір бұтақша бір спорангиймен аяқталады (58,2- сурет). Спорангийлері бұтақтың ‰стіңгі ұшынан кетеді және олардың ашылуына қажетті қандай да бір арнайы бейімделушілік байқалмайды. Кладоксилопсидтер тең споралы папоротниктер болған. Олар шамасы эволюцияның тұйық бұтағы болса керек.


ЗИГОПТЕРИДОПСИДТЕР КЛАСЫ (ЗИГОПТЕРИДОПСИДЫ) - ZYGOPTERІDOPSІDA, НЕМЕСЕ COENOPTERІDOPSІDA




Бұл кластың өкілдері осыған дейінгі ‰ш кластың өкілдерінен кештеу пайда болған және біршама алға жылжыған топ. Зигоптеридопсидтердің геологиялық тарихы девон дәуірінің соңғы кезеңінен басталып, перм дәуірінде аяқталады, шарықтап дамыған кезі карбон дәуірі болған. Өзінің кейбір белгілері бойынша нағыз папоротниктерге біршама ұқсастығының болуына қарамастан, зигоптеридопсидтердің сыртқы кескінінде, осыған дейінгі ‰ш кластың өкілдері секілді нағыз папоротниктерден көптеген айырмашылықтары болған. Зигоптеридопсидтердің ішіндегі ағаш тәрізді формаларының болғанымен, олардың көпшілігі кішілеу шөптесін өсімдіктер. Зигоптеридопсидтердің өткізгіш системалары әдетте протостельді болған, алайда карбонда сифоностельді формаларыда пайда болған (анахороптерис – Anachoropterіs, апотроптерис - Apotropterіs, және ботриоптерис - Botryopterіs). Зигоптеристің (Zygopterіs) сабақтарының камбий арқылы жуандауы болмаған немесе нашар жетілген. Трахеидтері нағыз баспалдықтыдан н‰ктеліге дейін өзгеріп отырған. (дөңгелек, оймақ тәрізді, шеті көмкерілген тесіктер). Бұтақтануы көпшілік жағдайда дихотомиялы, оның бір бұтағы жапыраққа айналады, ал екіншісі сабақ ретінде өсуін жалғастырады. Қарапайым т‰рлерінің жапырақтары мен сабақтарының айырмашылығы болмаған. Олардың жапырақ тәрізді органының өсуі шектелген және көп тарамдалған. Жас кезінде б‰йірлік бұтақтары ұлу тәрізді бұралып өрімделген болады, олар кейіндеу пайда болған нағыз папоротниктердің дорзовентральді жапырақтарына онша ұқсамаған. Осы кластың өкілдерінің ішінде радиальды симметриялы жапырақты органдардан, нағыз дорзовентральді жапыраққа ауысу байқалады. Карбонның соңына таман және пермде қалыптасқан нағыз жапырағы бар т‰рлері басым болады: (59,1-сурет). Спорангийлері сабақтың ‰стіңгі ұшына біршама ‰лкен болып жетіледі және ‰стіңгі тесіктері немесе көп жағдайда тіке жарықшақтары арқылы ашылады (59,3-сурет). Спорангийлердің
бұлайша тікесінен жарылып ашылуы, қабырғалары қалың клеткалардан жалпақ жолақ т‰зетін, қарапайым сақинаның көмегімен ж‰зеге асады. Сақина спорангийдің бір жағында ғана болған, немесе оның екі жағынан бірдей созылып жатқан. Спорангийлері бір-бірден орналасады, немесе сағақпен бірігіп шоқ т‰зеді (59,2-сурет). Ол дегеніміз бұтақтың жоғарғы ұшында орналасқан сорустардың қарапайым т‰рі, олар кейбір формаларында өз кезегінде синангийлерге ауысқан. Өсімдіктер негізінен тең споралы, сиректеу әрт‰рлі споралы болған (ставроптерис -Stauropterіs, 57,2-сурет). Зигоптеридопсидтер осыған дейінгі ‰ш кластың өкілдері секілді псилофиттер қатарынан пайда болған (Ринофиттер бөлімі). Көптеген зерттеушілердің айтуынша зигоптеридопсидтерден нағыз папоротниктердің көптеген т‰рлері пайда болған (мысалы, осмундалар, схизеялар және глейхениялар). Бұл класқа зигоптеристер қатары (Zygopterіdales) жатады. Ол бірнеше тұқымдастардан тұрады (олардың ішінде зигоптеристер –Zygop-terіdaceae, ботриоптеристер -Botryopterіdaceae, стравроптеристер - Stauropterіdaceae тұқымдастары бар). Зигоптеридопсидтер табиғи топтың толық өкілі бола алмауы м‰мкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет