POLYPODІOPSІDA
Полиподиопсидтер лептоспорангиатты папоротниктердің тобын құрайды. Оларға шамамен 270-тей туыс, 10000-нан астам т‰р жатады.
Полиподиопсидтердің басым көпшілігі көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер, тек аздаған т‰рлері ғана ағаштар.
Полиподиопсидтер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі, алайда олардың т‰рлерінің басым көпшілігі ылғалды тропикалық ормандарда өседі. Ол жерлердің өсімдіктер жабынын т‰зуде папоротниктердің ролі орасан зор. Олар топырақтың бетінде, лиана және эпефит ретінде ағаштардың діңдерінде өседі. Ағаш тәрізді папоротниктер тек ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі. Көптеген папоротниктер сонымен бірге ылғалды субтропикалық аймақтарда өседі.
Қоңыржай климатты облыстарда папоротниктердің ролі онша жоғары емес. Бұл жерлерде олар негізінен к‰н сәулесі т‰се бермейтін, ылғалы мол аймақтарда, көлеңкелі жерлерде кездеседі. Сонымен бірге папоротниктер ормандарда, таудың терең шатқалдарында және батпақты жерлерде өседі. Полиподиопсидтердің басым көпшілігі тең споралы папоротниктер, алайда олардың ішінде әрт‰рлі споралыларыда кездеседі.
Полиподиопсидтер класы 3 класс тармағынан тұрады: Polypodііdae класс тармағына жер бетінде өсетін тең споралы папоротниктер жатады, ал Marsіleіdae және Salvіnііdae класс тармақтарына әрт‰рлі споралы суда және сулы-батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер жатады. Лептоспорангиатты папоротниктер тобының спорангийлері жапырақтың ‰стіңгі бетіндегі клеткалардың бірінен пайда болады және олардың қабықшалары (қабырғалары) бір ғана қабаттан тұрады. Полиподиопсидтер класына жататын папоротниктердің басым көпшілігі өсімдіктердің кейін пайда болған топтары. Яғни қазіргі кезде кездесетін өсімдіктер, олардың геологиялық тарихы карбоннан басталады. Шамасы тікелей зигоптеридопсидтерден шыққан болса керек.
Полиподилер класс тармағы (полиподииды)- Polypodііdae
Бұл класс тармағы мынадай 4 қатардан тұрады: Осмундалар (Osmundales), схизеялар (Schіzaeales), полиподиумдар (Polypodіales), циатеялар (Cyatheales).
Достарыңызбен бөлісу: |