С‰мбілдер тұқымдасы (адиантовые) -Adіantaceae
С‰мбілдер морфологиялық жағынан алуан т‰рлі болып келетін типтердің басын біріктіретін ‰лкен тұқымдас. Негізінен олар жердің бетіне жақын төселіп өсетін тамырсабақтары бар тропикалық папоротниктер. Тамырсабақтарының сыртын қабыршақтар немесе сиректеу т‰ктер қаптап тұрады. Тұқымдастың барлық өкілдеріне тән нәрсе олардың сорустарының нағыз жетілген жамылғысы болмайды. Сорустары жапырақтың астыңғы бетінде, ж‰йкенің ұзына бойына, немесе жапырақтың шетіне жақын ж‰йкелердің ұшында, көп жағдайда тұтас бір т‰зудің бойына орналасқан болып келеді. Соңғы жағдайда сорустарды жапырақтың қайырылған шеті қорғап тұрады, немесе олар ерекше бороздкада (сайда) жатады (68- сурет). Олардың спорангийлері тік шеңбердің бойымен орналасқан,
қабықшалары қалың клеткалардан тұрады. Спорангийлердің ішінде тетраэдрлық ‰ш тігісті споралар т‰зіледі, алайда олардың кейбір топтарында билатеральды споралар жетіледі. Бұл папоротниктердің спорофиттерінің алуан т‰рлілігіне, олардың гаметофиттерінің алуан т‰рлілігі сәйкес келеді. Бұл тұқымдаста белдік тәрізді, ж‰рек тәрізді, б‰йрек тәрізді гаметофиттер кездеседі. Көптеген туыстарының гаметофиттері ассиметриялы болып келеді және олардың латеральды меристемалардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде пайда болған б‰йірлік өскіндері болады. Осындай алуан т‰рлілігіне қарамастан бұл папоротниктердің хромосомдарының санының тұрақтылығы таңқалдырарлық. Тұқымдастың осы уақытқа дейінгі зерттелген өкілдерінің барлығының хромосом саны диплоидты немесе полиплоидты болып келеді. Х=29 немесе 30.
Птеридологтардың арасында тұқымдастың көлемін және с‰мбілдерге жататын папоротниктердің әрт‰рлі топтарының дәрежесін (ранг) анықтауда бірауыздылық жоқ. Өйткені бұл өсімдіктердің ‰лкен өзгергіштік (полиморфизм) қасиеті, оларды айқын категорияларға бөлуге м‰мкіндік бермейді. Бұның әсіресе нағыз с‰мбілдер тұқымдас тармағына жататын туыстар топтарына бірден-бір қатысы бар. Дегенмен с‰мбілдер тұқымдасын мынадай төрт тұқымдас тармағына бөледі: с‰мбілдер (Adіantoіdeae), виттариялар (Vіttarіoіdeae), птеристер (Pterіdoіdeae), цератоптеристер (Ceratopterіdoіdeae).
Достарыңызбен бөлісу: |