Полиподиумдар қатары (полиподиевые) - Polypodіales
Бұл қатарға мынадай 5 тұқымдас жатады: глейхениялар (Gleіchenіaceae), матониялар (Matonіaceae), диптеристер (Dіpterіdaceae), полиподиумдар (Polypodіaceae) және граммитистер (Grammіtіdaceae).
Глейхениялар тұқымдасы (глейхениевые) - Gleіchenіaceae
Бұл тұқымдасқа 160 т‰р жатады, олар негізінен тропикалық және субтропикалық аймақтардың ылғалды және таулы аудандарында, соңдайақ оңт‰стік жарты шеңбердің қоңыржай климатты белдеулерінде кеңінен таралған өсімдіктер. Олардың таралуының солт‰стіктегі шекарасы, Шығыста Жапония арқылы, батыста Мексика арқылы өтеді. Оңт‰стіктегі шекарасы экватордан әлде қайда ары Магелланов шығанағына дейін жетеді. Глейхениялар Малезиялық флористикалық облысында және тропикалық Америкада ерекше көп кездеседі. Қазіргі кезде глейхениялар Солт‰стік Африкада, Европада, Батыс және Орта Азияда, Солт‰стік Америкада (Мексиканы есептемегенде) кездеспейді, алайда осы территорияларда олар бұрынғы геологиялық кезеңдерде аса кең тараған өсімдіктер болған.
Тұқымдастың өкілдері топырақ бетінде өсетін, немесе бір с‰йенішке өрмелеп өсетін жарық с‰йгіш шөптесін өсімдіктер. Глейхенияларды сипаттайтын негізгі белгілердің бірі, олардың тікесінен жарылып ашылатын,
‰лкен қиғаштау шеңбердің бойымен орналасқан спорангийлерінің болуы.
Көптеген т‰рлерінің спорангийлерінің типі, көген тамырсабақ құрылысының қарапайым болуы, олардың сыртын т‰ктерінің жауып тұруы (қабыршақ емес), тұқымдастың қарапайымдылығының бірден-бір белгісі. Схизеялар секілді бұлардыңда спорангийлерінің жамылғысы болмайды, алайда дамуының алғашқы сатысында, олар т‰ктермен немесе қабыршақтармен жабылып тұрады. Спорангийлері қауырсындарының төменгі бетінде орналасқан және олар осы қауырсындардың ортаңғы бөлігіндегі ж‰йкелердің бойымен, сиректеу шеттерінде сорустар т‰зеді. Сорустағы спорангийлерінің саны көп болмайды: глейхенияларда (Gleіchenіa) 2-5, дикраноптеристерде (Dіcranopterіs) 8-15 немесе оданда көптеу. Бір сорустағы спорангийлердің барлығы бір мезгілде жетіледі. Споралары ‰ш жылдық (споры трилетные).
Бұл тұқымдас екі тұқымдас тармағынан тұрады: нағыз глейхениялар (Gleіchenіoіdeae) және строматоптеристер (Stromatopterіdoіdaeae). Нағыз глейхениялар тұқымдас тармағына (Gleіchenіoіdeae) глейхения және дикраноптерис туыстары жатады. Глейхения (Gleіchenіa) туысында 150 т‰р, ал дикраноптерис (Dіcranopterіs) туысында 10 т‰р бар. Строматоптеристер (Stromatopterіdoіdaeae) тұқымдас тармағында бір ғана строматоптерис (Strematopterіs) деген туыс бар. Олардың барлығына бір ортақ нәрсе, сорустардың сыртында жамылғысы болмайды және олар тікесінен жарылып ашылады. Кейбір птеридологтар бұл тұқымдас тармақтарын дербес тұқымдастар ретінде қарастырады.
Глейхениялар тұқымдас тармағының жерге көлденеңінен төселіп өсетін тармақталған, жіңішке тамырсабақтарының ұзындығы бірнеше метрге жетеді. Жапырақтарыда ‰лкен, екі рет немесе ‰ш рет қауырсындалған. Глейхениялардың шашақты қалқан тәрізді т‰ктері болады, ал дикраноптерис туысы әр т‰рлі формадағы тарамдалған т‰ктерінің болуымен сиппаталады, қабыршақтары болмайды.
Глейхениялардың және дикраноптеристердің гаметофиттері жердің бетінде өседі, т‰сі жасыл, формасы таллом типтес (ж‰рек тәрізді, кейіндеу лента тәрізді табақшаға айналады) болады.
Глейхениялардың көптеген т‰рлері Африканың Оңт‰стік- шығысындағы саваннада, Оңт‰стік Америкадағы Анды тауының жар тастарында және верескілер ғана өсетін бос жерлерде, сонымен бірге Тынық мұхиттың таулы аудандарында кездеседі.
Дикраноптерис туысынің өкілі (Dіcranopterіs fulva), Ямайка аралдарында аса қалың және биік қопа т‰зетіндігі сонша, адам өзіне жол салмай (туннель) өте алмайды. Кейбір жерлерде папоротниктердің матасқан жапырақтары топырақтың бетін пружина тәрізді жауып қалатындығы сонша олардың қалыңдығы 1 метрге дейін барады.
Строматоптеристер тұқымдас тармағына жалғыз т‰р – таспиқ тәрізді строматоптерис (с.четкообразный-Stromatopterіs monіlіformіs) жатады. Бұл т‰р жаңа Каледонияның құрғақ, жарық жақсы т‰сетін учаскелерінде және көлеңкелі жаңбырлы ормандардың әрт‰рлі субстраттарында өседі.
Спорофиттің жер асты бөлігі бірнеше рет дихотомиялы бұтақтанған, көлденең өсетін тамырсабақтардан тұрады. Олардан жоғары қарай
жапырақтары, төмен қарай ризоидтармен сирек тамырлары кетеді. Строматоптеристің ксероморфты жапырақтарының ұзындығы 15-30 см. жетеді, алғашқы кезде олар ұлу тәрізді бұралған болып келді. Нағыз глейхениялардан айырмашылығы сол, олардың жапырақтары бірақ рет қауырсындалған (71- сурет) және тік өседі, сорустарындағы спорангийлерінің саны 6-дан 33-ке дейін болады (әдетте олардың саны 25- 30). Споралары бір жылдық.
Строматоптеристің гаметофиті жердің астында жатады, ұзындығы 2-см дей болады. Гаметангийлері мен ризоидтары оның ‰стінде бірдей орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |