Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет184/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Өрік туысы (абрикос - Armenіaca). Табиғи жағдайда Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Орта Азияда, Қытайда таралған 8 т‰рді біріктіреді. Кәдімгі өрік (абрикос обыкновенный - A.vulgarіs) өндірістік мақ-сатта арнайы өсіріледі.


Бұршақтар тұқымдасы (бобовые ,или мотыльковые) - Fabaceae, Papіlіonaceae


Бұршақтар тұқымдасы-ның 120 мыңдай т‰рі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш поли-


морфты). Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы
БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солт‰стік қоңыржай және салқын климатты ауданда-рындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор.
Негізгі өмірлік формалары: ағаштар, бұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін т‰рлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан, ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор. Мысалы, олар т‰йнек бактерияларымен симбиоз т‰зіп, ауадағы бос ж‰рген азотты бойына сіңіруге м‰мкіндік алады. Бұршақтар тұқымдасының жапырақтары көп жағдайда к‰рделі болып келеді, олардың қосалқы жапырақтары (жапырақ серігі) бар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Г‰л шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді.
Г‰лі бұршақтың г‰лі типтес. Тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, 5-тісті, дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді). К‰лтесі зигоморфты, 5- к‰лте жапырақшадан тұрады: олардың ‰шеуі бос орналасқан (жел- кенше, немесе жалауша, және екі ескекше, немесе қанатша) және жоғарғы жағынан біріккен екеуі қайықша т‰зеді. Кейбір туыстарында к‰лте жапырақша-ларының бір-бірімен бірігіп кетуі тән. Мысалы, жоңышқа туысында, ескекшелері мен қа-йықшасының, кейде тіптен желкеннің бірігіп кетуі байқа- лады. Андроцейі 10 аталықтың жиынтығынан тұрады. Бір т‰рлерінде аталықтарының 10-ы да бос болады, екінші біреулерінде аталықтары жіпшелері арқылы бірігіп (бір ағайынды андроцей) т‰тік т‰зеді, оның ішінде аналық (пестик) орналасады, алайда көптеген туыстарының аталықтарының 9-ы жіпшелері арқылы т‰тікке бірігеді де, бір аталығы бос орналасады (екі ағайынды андроцей). Тек екі ағайынды аталығы бар г‰лдер ғана шырынды заттар (нектарниктер) бөліп шығарады. Аталықтардың бірігуінен пайда болған т‰тіктер бір жағдайда тігінен, ал екінші жағдайда қиғаш кесілген болады. Гинецейі бірм‰шелі апокарпты, г‰лт‰йіні жоғарғы. Көптеген т‰рлерінің г‰лінің формуласы мынадай:
Ca (5) Co 3+(2) A (9)+1 G1.
Жемісі боб, ол не ішінде дәні көп екі жақтауы арқылы қақырайтын (ашылатын) немесе ішінде бір-бірден ғана дәндері болатын бөліктерге бөлінген, не бір жемісті қақырамайтын болып келеді. Дәндерінің құрғақ салмағына шаққанда ондағы белоктың проценттік мөлшері өте жоғары: асбұршақта (горох - Pіsum) 34% дейін, ноқатта (нут -Cіcer) 31%, люпинде (Lupіnus) 61%-ке дейін болады. Тамаққа пайдаланылатын белоктың сапасы бойынша бірінші орында фасоль (Phascolus) мен жасымық (чечевица- Lens) тұрады. Белоктардың құрамында адамдар мен малдарға аса қажетті аминокислоталар болады.
Бұршақтар тұқымдасының көптеген т‰рлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор. Олар азықтық, жем-шөптік, балжинайтын, сәндік, дәрі- дәрмектік т.б. өсімдіктердің топтарын құрайды. Бұршақтар тұқымдасының азықтық, жем-шөптік сапасы кейде олардың құрамында глюкозидтердің немесе алколоидтардың көп мөлшерде болуына байланысты біршама төмендейді (люпин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет