Шетен туысы (рябина - Sorbus). Солт‰стік ендікте өсетін 80-дей т‰рі белгілі. Бұрынғы ССРО -ның флорасында 34-т‰рі, ал Қазақстанда 3 т‰рі кездеседі. Аса кең тараған т‰рі кәдімгі шетен (рябина обыкновенная - S.aucuparіa), оның ақ т‰сті г‰лдері ‰лкен қалқанша тәрізді г‰л шоғырына жиналған. Жемістерін жинап кулинарияда пайдаланады (варенье, қақ, компот). Шетеннің осы т‰рінен И.В.Мичурин қош иісті тәтті жемістері бар сорттар шығарды.
Қараөріктер тұқымдас тармағы (сливовые) - Prunoіdeae
Ағаштар, бұталар. Г‰л табаны ойыс, бірақ ол г‰л т‰йінімен (жатынмен) бірікпеген. Гинецейі бір ғана жеміс-жапырақшасынан тұрады, тұқымб‰рі -2, оның тек біреуі ғана жетіледі. Г‰лінің формуласы: Ca (5) Co 5 A G 1.
Жемісі шырынды, сиректеу құрғақ, с‰йекті.
Шиетуысы(вишня-Cerasus).Бұл туыстың 150-дей т‰рі белгілі, бұрынғы БОР-ның флорасында 10 т‰рі, ал Қазақстанда 7 т‰рі кездеседі. Жемісті бақтарда бақ шиесін (вишня садовая - C.vulgarіs) және құс шиесін (черешня - C.avіum) кеңінен отырғызады. Бақ шиесі өсімдіктердің табиғи қауымдастықтарында м‰лдем кездеспейді. Құс шиесі Украинаның Карпат тауларында, Кавказда, Молдовада табиғи жағдайда қалың тоғай т‰зеді. Шие ағашының биіктігі 30м-ге дейін жетеді.
Қараөрік туысы (слива, терн - Prunus).Бұл туыста 35 т‰р бар. Кәдімгі қараөрік (слива домашняя - P.domestіca). Қараөрік мәдени жағдайда көптеген аудандастырылған және жергілікті сорттардың арғы тегі ретінде (исходная форма) кең таралған өсімдік. Табиғи жағдайда белгісіз. Алша (алыча - P.dіvarіcata) биіктігі 9-10 м болатын ағаш немесе бұта. Кавказда және Орта Азияда өседі. Осы жерлерде көп жағдайда тікенекті қараөрікті (терн - P.spіnosa) отырғызады. Ол өте тікенекті бұта, көп жағдайда к‰н жақсы т‰сетін к‰нгей беткейлерде, орманның арасындағы ашық жерлерде, бұталы қопаларда және жыралар мен сайларда өседі (БОР-дың европалық бөліктерінің орталық және оңт‰стік зоналарында, Кавказда, Батыс Сібірде).