Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Алмалар тұқымдастармағы (яблоневые) – Pomoіdeae



бет182/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   215

Алмалар тұқымдастармағы (яблоневые) – Pomoіdeae


Өмірлік формалары ағаштар мен бұталар. Г‰лдері аналықтың ‰стінде орналасады, г‰лтабаны ойыс. Г‰лсерігі қосарланған, 5- м‰шелі. Аталығының саны көп жағдайда 20 -ға жетеді. Гинецейі ценокарпты, жеміс жапырақшалары әдетте 5, бірақ олар көп жағдайда редукцияға ұшырап 2-3, кейде тіптен 1 -ге дейін қысқарған. Г‰л т‰йіні (жатыны) төменгі, ол бокал тәрізді гипантимен бірігіп кетеді. Г‰лінің формуласы:


Ca (5) Co 5 A G (1-5).
Жемісі жидек тәрізді - алмалар, алмұрттар, айвалар және т.б.


Алма туысы (яблоня – Malus).Туыстың құрамында солт‰стік ендіктің негізінен қоңыржай климатты елдерде ғсетін 30-дай т‰рі бар.
Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында ағаштар мен бұталардың 10 т‰рі, ал Қазақстанда 6 т‰рі кездеседі. Табиғи өсімдіктер қауымдастығында ең көп кездесетін т‰рлері мыналар: орман алмасы (яблоня лесная -М.sylvestrіs). Ол бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігіндегі жалпақ жапырақты ормандарда; Шығыс алмасы (яблоня восточная -M.orіentalіs) Кавказдың жалпақ жапырақты ормандарында; Сиверси алмасы (яблоня Сиверси - M.sіversіі) - Орта Азия мен Қазақстанның таулы және өзен жағалық ормандарында өседі. Бұл т‰рлер кейде таза алма ағашынан тұратын тоғай т‰зеді. Орта Азияның тауларында өсетін, алмадан тұратын бай орманның өндірістік маңызы зор. Жабайы т‰рлерінің жемістері жеуге келеді және оларды өндірісте пайдалануға толық м‰мкіндік бар (кептіруге, вино жасауға, джем жасауға). Недзвецкий алмасы (яблоня Недзвецкого - M.nedzwetzkyana) аса сәнді, оның сабақтары және жемістерінің жұмсақ бөлігі (етженді бөлігі) антоцианды т‰сімен ерекшеленеді. Алма ағашының барлық екпелі сорттарының к‰рделі комплексі "‰й алмасы" (яблоня домашняя - M.domestіca) деген атпен топтастырылады.
Алмұрт туысы (груша -Pyrus). Туыстың құрамында негізінен солт‰стік ендіктің қоңыржай климатты белдеуінде өсетін 20- дай т‰р бар. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 17 т‰рі белгілі, ал Қазақстанда 2 т‰рі өседі. Алмадан қысқарған сабақтарынан пайда болатын тікенектерінің болуымен, формасы қабақ тәрізді сопақша болып келетін жемістерімен және соңғысының жұмсақ бөлігінде (етженді бөлігінде) склереидтердің (тасты клеткалардың) болуымен ажыратылады. Кәдімгі алмұрт (груша обыкновенная - P.communіs) табиғи жағдайда өзгергіш болып келеді. Көп жағдайда ол біртектес таза орман т‰зіп өседі (бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің оңт‰стік батысында және Кавказдың, Орта Азияның, әсіресе таулы аудандарындағы ормандар). Мәдени жағдайда өсірілетін сорттардың барлығы осы т‰рден шыққан. Табиғи жағдайдағы өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуына уссурий алмұртының (груша уссурийская - P.ussurіensіs) (Қиыр Шығыс, Уссурий аймағы) және қырымда өсетін жиде жапырақты алмұрттың (груша лохолистная - P.elaeagnіfolіa) қатысы ‰лкен болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет