Бамбук тәрізділер тұқымдас тармағы (подсемейство бамбуковидные)
- Bambusoіdeae
Тропикалық және субтропикалық аймақтарда шоғырланған 600дей т‰рлері бар. Тамырсабақты ағаштанған өсімдік. БОР-да саса (Sasa) туысының тек 3 т‰рі ғана өседі. Бұл салыстырмалы т‰рде алғанда, онша ‰лкен болмайтын өсімдік (сабағының биіктігі 3 м диаметрі 1см), Сахалинде және Куриль аралдарында өседі. Негізгі таралған жерлерінде, бамбуктер биіктігі
40 м дейін баратын, ‰лкен өсімдіктер. Масақтары бір-,көпг‰лді болып келеді. Г‰лдері қосжынысты: аталықтары әдетте 6(3+3), кейде көп (20-30), аналығы1, аналықтың мойны (рыльце) 2 (сиректеу 3). Жемісі- дән, кейде жидек тәрізді болып келеді. Бамбуктердің практикалық маңызы аса зор,
әсіресі құрлыс жұмыстарына және әрт‰рлі бұйымдар жасауға пайдаланады (су ж‰ретін трубалар, көптеген тұрмыстық бұйымдар), сонымен бірге овощ ретінде тамаққа пайдаланады. Бамбуктерді әдетте тамырсабақтарымен оңай көбейтеді. Олар тез өсуге қабілетті. Қолайлы жағдайда 4-6 аптаның ішінде кейбір т‰рлері 15-20м биіктікке дейін жетеді. Грузияның батысында бамбуктердің филлострахис (Phyllostahys) және арундинария (Arundіnarіa) туыстарының т‰рлерін себеді.
Қоңырбастар тұқымдастармағы (подсемейство мятликовые) -
Poaeoіdeae
Масақшасының 2 масақтық қабықшасы болатын көпг‰лді немесе бірг‰лді өсімдіктер. Бұл тұқымдастармағына экономикалық жағынан маңызы аса зор тамаққа пайдаланылатын жарма алынатын және нан пісіруге қажетті ұн алынатын, сонымен бірге малға азық болатын өсімдіктер жатады.
Бидай туысы (пшеница - Trіtіcum). 19 т‰рі бар, олардың тек 4-уі ғана табиғи жағдайда белгілі, қалғандары мәдени жағ- дайда өсетін немесе жабайы жағдайға ауысқан өсімдіктер болып келеді. БОР-дың территориясында 13 т‰рі бар, негізі- нен Грузияда (т‰рлерінің ең көп кездесетін орталығы, бидайдың шыққан жері болуы да м‰мкін). Өмірлік формасы - біржылдық - және екіжылдық шөптесін өсімдіктер. Жел арқылы өздігінен және айқастозаңданатын өсімдіктер. Масағы жалғыздан, оның 3- тен 7-ге дейін г‰лі болады. Дәндері әдетте 2-3 төменгі г‰лдерінен пайда болады. Г‰лшоғыры к‰рделі масақ. Д‰ниеж‰зінің ауылшаруашылық өндірісінде негізгі нан өнімдерін беретін дақыл. 4 мыңнан астам сорттары белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |