ҚАБЫРШАҚТЫ Г‡ЛДЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ (ЧЕШУЕЦВЕТНЫЕ) - GLUMІFLORAE
Табиғатта және халық шаруашылығында маңызы аса зор, жоғары деңгейде маманданған топ. Көптеген т‰рлері мен т‰рлерінің компликстері шөлейттің, шалғынның, батпақты жерлердің, прерийдің, саваннаның өсімдіктерінің негізін т‰зеді. Өмірлік формасында көпжылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді. Оларға бұтақтанудың ерекше т‰рі, т‰птеніп өсу тән. Жер беті сабақтары сирек бұтақтанады. Жапырақтары кезектесіп орналасады, қынапшалы болып келеді немесе қынапшалары
м‰лдем болмайды. Г‰лсерігі қарапайым немесе желмен тозаңдануға ауысуына байланысты редукцияға ұшыраған. Ол қабыршықтардан, тікенектерден, талшықтардан тұрады, кейде г‰лдері жалаңаш болып келеді.
Қияқөлеңдер тұқымдасы (осоксвые) – Сyperaceae
Т‰рлерінің жалпы саны 5600 (120 туыс). Бұлар ұзын немесе қысқа, симподиальды өсіп отыратын тамырсабағы, тығыз т‰птер- шымдар (кусты- дернины) немесе шоқалақтар т‰зетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сиректеу т‰йнектер т‰зетін немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер болып келеді. Д‰ниеж‰зінің барлық құрлықтарында кең таралған. Көптеген т‰рлері тропикалық елдерде өседі. Қоңыржай, және салқын климатты белдеулерде кейбір т‰рлерінің особьтарының саны көп болады және өсімдіктер жабынының әсіресе батпақты жерлердің, аса маңызды компоненттері болып табылады. Сабақтары ‰шқырлы, сиректеу цилиндр тәрізді (өлеңшөп туысы- Scіrpus), ішінің қуысы болмайды буындары мен буынаралықтары нашар байқалады. Жапырақтары сабақтың жоғарғы жағында орналасады, таспалы немесе таспалы-ланцетті, көп жағдайда шеттері төмен қарай қайрылған, қынапшасы барлық уақытта жабық болып келеді, тілшесі болмайды. Г‰лшоғыры жай немесе к‰рделі масақ немесе агрегатты, жапырақ тәрізді немесе көн тәрізді г‰ласты жапырақшаларының қолтығында орналасқан көпг‰лді, сиректеу бірг‰лді масақтардан тұрады. Г‰лінің г‰лсерігі болмайды (сәлемшөп-сыть-Cyperus, қиякөлең-осока-Carex туыстары) немесе ол редукцияға қатты ұшыраған және 6 немесе саны одан аз, жұқа пленкалардан (өлеңшөп туысы-қамыш-Scіrpus), сиректеу көп мөлшерде ‰лпектерден тұрады (ұлпабас туысы-пушица –Erіophorum). Андроцейі әдетте, бір шеңбердің бойына орналасқан 3 аталықтан тұрады. Гинецейі 3 немесе 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Г‰лт‰йіні жоғарғы, 1-ұялы, 1 тұқым б‰ршігі болады. Аналықтың мойны (столбик) 3 немесе 2 біршама ұзын, жіп тәрізді болып келген аналықтың аузын (рыльца) жоғары көтеріп тұрады. Г‰лдері қосжынысты (сәлемшөп, өлеңшөп, ұлпабас туыстары) немесе даражынысты (қияқөлең туысы). Соңғы жағдайда өсімдік бір‰йлі, сиректеу екі‰йлі болып келеді. Бір‰йлі қиякөлеңдердің аталық және аналық г‰лдері былай орналасады: г‰лшоғыры тек аталық немесе аналық г‰лдерден тұрады; г‰лшоғыры қосжынысты, яғни оның бір жағында тек аналық г‰лдері, ал екінші жағында тек аталық г‰лдері орналасады. Г‰лдің т‰п жағында т‰рі өзгерген, жабындық қабықшақ деп аталынатын, г‰ласты жапырақшасы орналасады. Қияқөлеңнің г‰лін, жабындық қабықшақтан басқа, екі г‰ласты жапырақшаларының бірігуінің нәтижесінде пайда болған қапшықша қорғап тұрады. Қапшықшаның формасы мен мөлшері- маңызды систематикалық белгілер болып табылады. Г‰лдердің негізгі типтері берілген. Жемісі
‰шқырлы, шар тәрізді немесе формасы жалпайып- жаншылғандау болып келетін жаңғақша.
Достарыңызбен бөлісу: |