Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Классификациясы. Bryophyta



бет65/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   215
Классификациясы. Bryophyta бөлімі 3 класқа бөлінеді: бауыр м‰ктері класы (Hеpatіcopsіda), антоцероттар класы (Anthocerotopsіda) және жапырақты сабақты м‰ктер класы (Bryopsіda). Айта кеткен жөн бірқатар бриологтар антоцероттарды бауыр м‰ктеріне жатқызып, оларды осы кластың бір тармағы немесе қатары ретінде қарастырады.
М‰к тәрізділерді инвентаризациялау әлі к‰нге дейін аяқталмаған, әсіресе бриологтар тропикалық және оңт‰стік жарты шар аймақтарын нашар зерттеген. Д‰ние ж‰зі бойынша шамамен 22000-нан 27000-ға дейін м‰к тәрізділердің т‰рлері кездеседі. Олардың 8500 дейін бауыр м‰ктері (280 туыс), 14500-ге дейін (кейбір авторлардың мәліметтері бойынша 18000- дейін) жапырақты-сабақты м‰ктер (700-ден аса туыс) және 300-дей т‰рін (3 немесе 6 туыс) антоцероттар т‰зеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде т‰рлерінің саны жағынан м‰к тәрізділер г‰лді өсімдіктерден кейінгі екінші орынды алады.


БАУЫР М‡КТЕРІ КЛАСЫ


(ПЕЧЕНОЧНЫЕ МХИ, ПЕЧЕНОЧНИКИ) - HEPATІCOPSІDA,

HEPATІCAE


Бұл кластың өкілдері вегетативтік денесінің дорзовен-тральды болып келуімен ерекшеленеді. Б‰ларға талломды формаларымен қатар жапырақты сабақты өсімдіктерде жатады. Алайда соңғыларының вегетативтік денесі жапыраққа және сабаққа бөлінгенімен дорзовентральды қалпын сақтайды. Бауыр м‰ктерінің кейбір клеткаларында (талломды және жапырақты сабақты өкілдерінде) бір, екі немесе бірнеше майлы денешіктер болады. Олар әзірге сферокарпуста және антоцероттарда белгісіз. Майлы денешіктер клеткалардың ішінен шығатын артық заттар (секреты). Химиялық құрамы жағынан, олар эфир майларының қоспасы, шамасы өсімдіктерді малдың жеп қоюынан қорғайтын болса керек.


Бауыр м‰ктерінің аздаған бір тобының жапырақтары мен сабақтары болады. Олардың вегетативтік денесінің құрылысы радиальды болып келеді (Haplomіtrіales).
Спорофиттің қорапшасында спорадан басқа элатералар болады, олар споралардың шашылуына ‰лкен әсерін тигізеді.
Бауыр м‰ктерінің протонемасы нашар жетілген және көп жағдайда ол қысқа жіпше немесе пластинка т‰рінде болады.
Бауыр м‰ктері класы класы мынадай екі класс тармағынан тұрады: Marschantііdae және Jungermannіdae.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет