ДАМУ ЦИКЛІНДЕ ГАМЕТОФИТІ БАСЫМ ЖОҒАРЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР
М‡КТӘРІЗДІЛЕРБӨЛІМІ(МОХОВИДНЫЕ)-BRYOPHYTA Бұл бөлімге өмір с‰руі ылғалы жеткілікті, көп жағдайда тіпті аса ылғалды ортамен байланысты болып келетін жоғары сатыдағы өсімдіктер жатады. Аздаған м‰к тәрізділер ылғалы жеткіліксіз облыстарда өмір с‰реді. Мысал ретінде оған жасыл м‰к туысының Tortula desertorum және басқада т‰рлерін, Rіccіa-ның көптеген т‰рлерін алуға болады. Бұл м‰ктер жылдың құрғақ мезгілінде тыныштық к‰йде болады да, ылғал т‰сісімен өсуін жалғастырады.
М‰к тәрізділердің қарапайым т‰рлері сабаққа және жапыраққа бөлінбейді, олардың вегетативтік денесі талломнан немесе слоевищеден тұрады. Жақсы жетілген м‰к тәрізділер нағыз жапырақты сабақты өсімдіктер болып келеді. Барлық м‰к тәрізділердің тамырлары болмайды.
Өсімдіктің субстратқа бекінуін және топырақтан ылғалды қабылдау қызметін ризоидтары атқарады. Ризоид дегеніміз сыртқы клеткаларда болатын өсінділер.
Өткізгіш системасы шоқ т‰рінде болмайды, тек кейбір өкілдерінде (жапырақты сабақты м‰ктердің ішінде Polytrіchaceae тұқымдасында) трахеидтер мен с‰згілі т‰тіктерге ұқсас өткізгіш элементтері пайда болады. Олар басқа жоғары сатыдағы өсімдіктердің орталық цилиндрінің құрылысына ұқсас жобада пайда болады.
М‰к тәрізділерді басқа жоғары сатыдағы өсімдіктерден ерекше бөліп тұратын негізгі бір белгі, ол бұлардың даму циклінде гаметофитінің (жыныстық ұрпақтың) басым болуы және спорофитінің (жыныссыз ұрпақтың) біршама нашар жетілуі. Сонымен бірге спорофитінің тіршілігі барлық уақытта гаметофитпен байланысты.
Спорофит м‰к тәрізділерде спорогон деп аталады. Ол ішінде спорасы, төменгі жағында сағағы (тірсегі) бар қорапшадан тұрады. Сағақтың (тірсектің) төменгі жағы емшек тәрізді жуандап келген, оны гаусторий деп атайды.
Осы гаусторий арқылы спорогон гаметофиттің денесіне еніп, одан өзіне қажетті қоректік заттарды алады.
М‰к тәрізділердің спораларынан протонема (алғашқы жіпше, өскінше) дамиды. Ол балдырға ұқсас жіп немесе табақша (пластинка) пішінді денешік. Протонеманың сырт қарағанда толық жетіліп қалыптасқан өсімдіктен айқын айырмасы болады. Кейде ол аса ‰лкен болып жетіледі. Протонема тікелей м‰к өсімдігіне айналады, не болмаса б‰ршіктер т‰зеді. Осы б‰ршіктерден келешегінде нағыз м‰к өсімдігі пайда болады.
Толық жетілген өсімдікте антеридийлері мен архегонийлері пайда болады (көп жағдайда әрт‰рлі особьтарда).
Антеридийлерде екі талшығы бар сперматозоидтар жетіледі.
Ұрықтанғаннан кейін зиготадан спорогон жетіледі.
Bryophyta өте ертеде пайда болған өсімдіктердің тобы. М‰к тәрізділердің қазба т‰ріндегі қалдықтары таскөмір дәуірінен белгілі. Алайда олар к‰мәнсіз ұзақ эволюциялық жолдан өткен, толық қалыптасқан өсімдіктер. Сондықтан м‰к тәрізділердің пайда болған уақытын әлде қайда кейінге - девон немесе силури дәуірлеріне шегерген жөн.
Кейбір риниофиттердің (Horneophyton-ның) м‰к тәрізділерге ұқсас белгілерінің бар екендігі белгілі (спорангийлері сфангумның қорапшасының құрылысына ұқсас). Бұл дегеніміз м‰к тәрізділер мен бізге белгілі риниофиттердің ертеректе туыстық жақындықтарының болғандығын және олардың арғы тегінің бір екендігін көрсетеді. Ал риниофиттердің қалған жоғары сатыдағы өсімдіктердің алғашқы бастамасы болып келетіндігі белгілі. М‰к тәрізділер мен риниофиттер жер бетіндегі өсімдіктердің ең қарапайым т‰рлерінен пайда болған. Шамасы ол өсімдіктердің гаметофиттері мен спорофиттері бірдей дамыған болса керек. Одан әрі дамудың барысында Bryophyta-ның гаметофиті негізінен жақсы жетіліп, ал қалған жоғары сатыдағы өсімдіктерде керісінше спорофиті прогрессивтік бағытта дамып, гаметофиттері редукцияға ұшыраған. Сонымен Bryophyta эволю-цияның дараланған жеке бір бұтағы болып есептелінеді.