Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Маршанциялар класс тармағы (маршанциевые) –Marschantііdae



бет66/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Маршанциялар класс тармағы (маршанциевые) –Marschantііdae


Бұл класс тармағына ‰ш қатар жатады: Marschantіales, Sphaerocarpales және Monocleales. Осы ‰ш қатардың алғашқы екеуінің өкілдері табиғатта кең таралған.




Маршанциялар қатары (маршанциевые) -Marchantіales


Маршаниялар қатары кең тараған, ол 33 туыстан және 400-ден астам т‰рден тұрады. Олардың барлығы талломды өсімдіктер, бірақ анатомиялық құрылысы к‰рделі болып келеді. Бұл қатардың өкілі ретінде біздің флорада бірден-бір кең тараған бауыр м‰гі ретінде кәдімгі маршанцияны (Marchantіa polіmorpha) алып қарастырамыз. Маршанция батпақты жерлерде, орманда, өрт шалған жерлерде аса көп кездеседі. Оның лента тәрізді талломы дихотомиялық бұтақтанған болып келеді. Олар жерге төселіп өседі, ұзындығы 5-20 см дейін жетеді, ал ені 1-2 см аспайды (4-сурет).


Талломдарының ‰стіңгі жағында ойықтары болады, осы жерлердегі шұңқырларда ұсақ меристемалық өсу н‰ктесі болады. Олардың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде таллом өсіп отырады. Талломның
‰стіңгі жағы қара-көк т‰сті болып келеді. Онда талломның ұзына бойына созылып жататын ортаңғы ж‰йке айқын көрініп тұрады. Ол тереңдеу болып келген сай т‰зеді.
Талломның ‰стінгі беті тор секілді болып келеді және ол көп бұрышты бөліктерге бөлінген (ауа қуыстары). Осындай бөліктердің әрбіреуінде қара н‰ктелер болады (5-сурет).
Қара-көк т‰сті бөліктер бір-бірінен ақшыл жолақтар арқылы бөлініп тұрады. Талломның төменгі жағы қоңыр-қызыл т‰сті болып келеді. Ортаңғы ж‰йкенің ұзына бойынан көптеген бір клеткалы ризоидтар кетіп жатады. Олар сонымен бірге талломның ортаңғы ж‰йкесінен тыс жерлеріненде кетіп жатады, бірақ бұл ризоидтарда талломға тығыз жабысып жатады.
Талломның ‰стінгі жағында ризоидтардан басқа лупамен айқын байқалатын ерекше өскіндері болады, оларды бір қабат құрсақ қабыршақтары немесе амфигастрилер деп атайды. Амфигастрилері ортаңғы ж‰йкенің бойында екі қатар, ал талломның шетінде бір қатар болып созылып жатады (5,1-сурет).
Маршанциялардың ризоидтары екі т‰рлі болады, қарапайым және тілше тәрізді (5,2-сурет). Қарапайым ризоидтардың қуысы кеңдеу болып келеді. Олардың клеткаларының қабықшалары жылтыр. Қарапайым ризоидтар
негізінен ортаңғы ж‰йкенің бойына орналасқан. Олар тік өседі де жерге еніп топырақтан сумен онда еріген көптеген минералды заттарды бойына сіңіреді және маршанцияның талломын жерге бекітіп тұрады.
Тілше тәрізді қарапайым ризоидтардың қуыстарының ішінде емшек тәрізді, тілше тәрізді өскіншілері болады. Осы емшек тәрізді өскіншілер өзара матасып тор т‰зіп, талломның шетін бойлай тікесінен созылып жатады. Олар талломға амфигастрилері арқылы жабысып тұрады. Тілше тәрізді ризоидтарымен және олардың аралық қуыстарымен білтенің бойымен ж‰ргендей болып талломның бойына су ж‰ре бастайды. Тілше тәрізді ризоидтардың осындай бөліктері талломның әрт‰рлі өскіндеріне өтіп отырады (көтермеге өтеді).
Маршанцияның талломының анатомиялық құрылысы біршама к‰рделі. Талломның көлденең кесіндісінен жоғарғы және төменгі эпидермистермен бірге, олардың арасында орналасқан ұлпаларын айқын байқауға болады. Төменгі эпидермистен ризоидтар мен амфигастрилері кетеді. ‡стіңгі эпидермистің кейбір жерлерінде устьицелер кездеседі. Олардың формасы ерекше ағаш бөшкеге ұқсас болып келеді де, бірінің ‰стіне бірі орналасқан төрт қатар клеткалардан тұрады. Устьиценің төменгі клеткалары көп жағдайда устьица қуысына терең еніп жатады. Б‰л жерде ешқандай көмкерме клеткалар (замыкающие клетки) болмайды. Устьице тек талломның ауасын жаңартып тұру ‰шін ғана қажет. Ал судың булануын реттеуге оның ешқандай қатысы болмайды (5,1б - сурет).
Эпидермистің астында ауа қуыстары болады, олар бір-бірінен 1-2 қабат болып орналасқан ‰лкен т‰ссіз клеткалармен бөлінген. Ауа қуыстарының т‰бінен жоғары қарай тарамдалған жіпшелері - ассимиляторлары көтеріледі. Олар хлорофилл дәндері бар дөңгелек клеткалардан тұрады. Осы клеткалар маршанциялардың негізгі ассимиляциялық аппараты болып саналады және талломның ‰стіңгі бетіне қара-көк т‰с беріп тұрады. Ақшыл жолақтар қуыстарды бөліп тұратын клеткаларға дәл келеді. Талломның ауа қуыстарының астында т‰ссіз жалпақ паренхималық клеткалардан тұратын ұлпа болады. Оның клеткалары көп жағдайда крахмалға толы болып келеді. Осы ұлпаның кейбір клеткаларының ішінде ‰лкен қою к‰ңгірт т‰сті, қосымша заттары болады. Ол дегеніміз май тамшылары бар майлы денешік. Сиректеу шырыш жолдары - қуыстары кездеседі. Олар жақын жатқан клеткалардың ыдырауынан пайда болады және шырышқа толы болып келеді. Клеткаларында майлы денешіктер мен шырыш жолдарының болуы бауыр м‰ктерінің барлығына тән қасиет. Төменгі эпидермис паренхималық ұлпалардан айқын бөлектеніп тұрмайды. Одан өскіншелер т‰рінде тілше тәрізді және қарапайым ризоидтар кетеді. Осы жерге амфигастрилері бекініп тұрады. Олардың көлденең кесіндісінен амфигастрилердің бір қатар пластинкалар т‰рінде берілгендігін аңғарамыз.
Сонымен маршанцияның талломында өткізгіш ұлпалары болмайды. Өсімдіктердің өсіп отыратын бөліктеріне судың өтуін, бұл жерде сыртқы өткізгіш системалары реттеп отырады. Ол деп отырғанымыз тілше тәрізді ризоидтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет