Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


М‡К ТӘРІЗДІЛЕРДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ



бет81/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

М‡К ТӘРІЗДІЛЕРДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ


Бауыр м‰ктерінің маңызы өте аз болады. Оларды мал жемейді. Олар тек топырақтың бетін алғашқы жабатын өсімдіктер ретінде өрт шалған ормандарда, жалаңаш жартастарда өседі. Жапырақты м‰ктердің, әсіресе сфагнумдардың адам өмірінде маңызы ‰лкен. Олар батпақтардың бетін т‰гелдей қаптап жауып тұрады және өлгеннен кейін шымтезектің кеніне бастама береді. Шымтезек халық шаруашылығында кеңінен пайдаланылады.


Сфагнумның шымтезегінің к‰лі аз, өйткені ол минералды заттары аз, су режімі көп жағдайда ауадан т‰скен ылғалға байланысты болып келетін, биіктеу жердің батпағынан пайда болады. Сфагнум шымтезегі отын ретінде пайдаланылады. Көптеген электростанциялар толығымен тек шымтезекпен
жұмыс істейді. Шымтезектің қоры жағынан БОР-сы д‰ние ж‰зінде бірінші орын алған. Дәлірек айтсақ шымтезектің қоры БОР-да шамамен 160 млрд.т. жеткен, ол д‰ниеж‰зінің шымтезек қорының 60,8% деген сөз. БОР-да шымтезектің механикаландырылған жолмен дайындау жолға қойылып келген және оның көлемі жылма-жыл өсіп отырған.
Шымтезек отынын жақсартудың әрт‰рлі тәсілдері қолданылады, нәтижесінде оның сапасы жоғарылайды және төзімділігі арта т‰седі (торф брикеті,кокс,газдар). Шымды құрғақ айдау (айыру) кеңінен дамып келеді. Б‰л жағдайда аса құнды өнімдер алынады: балауыз,парафин, фенолдар, карбол қышқылы, қант, спирт (1 т. құрғақ шымтезектен 120 л дейін)
Шымтезек жылуды өте нашар өткізеді, сондықтанда оны құрылысқа кеңінен пайдаланады. Дәлірек айтсақ шымтезекпен ‰йдің шатырының (чердактің) қабырғаларын, этажды ‰йлердің арасын тығыздап бекітеді және тоңазытқыштарға жылу өткізбеу мақсатында да пайдаланады. Шымтезектен құбырларға (трубопроводтарға) және басқада қондырғыларға арналған бірқалыпқа келтірілген (фасонный) жылуды немесе суықты өткізбейтін (изоляционный) бұйымдар дайындалады. Сонымен бірге қағазға және картонға қажетті заттар алынады.
Бойына суды көп жинауға қабілеттілігі, сфагнум шымтезегінің ауыл шаруашылығында кең т‰рде және алуан т‰рлі мақсатта қолдануға м‰мкіндік береді. Оны мал шаруашылығы фермаларында, малдың астына төсеуге және шымтезек шіріндісінен г‰лдер өсіруге қажетті құмыралар жасауға, мульча ретінде пайдаланады. Сонымен бірге тағамдарды консервілеуге және бір нәрсені орауға қажетті материал ретінде де пайдаланады. (жемістерді, көкеністерді, етті және т.б. сақтауға және тасымалдауға).
Шымтезек медицинада Кашин курортында (Ресейдің Калинин обылысы), Миргородта (Полтава обылысы), сонымен бірге емханаларда, поликлиникаларда және тағы басқа жерлерде батпақпен емдеудің бір т‰рі ретінде (торфотерапия) кеңінен пайдаланылады. Шымтезекті ұзаққа созылған аяқ қолдың қақсауынан, құрсақ қуысының суық тиіп ұзаққа созылған ауыруын және басқа ауруларды емдеуге қолданады.
Сфагнумның өз бойынан қышқылдар шығарғыштық қабілетінің болуына байланысты тамаша бактериоцитті материал болып табылады. Ұлы Отан соғысы жылдарында сфагнумды мақтаның орнына кеңінен пайдаланған. Көптеген жасыл м‰ктер жердің бетін тұтас жауып тұрады, әсіресе сайлау жердің батпағында к‰лге бай шымтезек кенін т‰зеді. Өйткені ойпат жердің батпағы әдетте қатты минералданған жер асты суымен қамтамасыз етіліп отырады.
Ойпат жердің шымтезегінің тыңайтқыш ретінде маңызы аса зор. Оны ауыл шаруашылығында кеңінен пайдаланады. Топырақтың құрылысын жақсарту мақсатында шымтезекті егістікке шашады. Сонымен бірге ол топырақты органикалық заттармен байытады (көңді алмастырады).
М‰ктің зиянды жақтарыда бар. Шалғынды жерлерде, ормандарда олар жердің бетін тұтас жауып тұрады да аэрацияны қиындатады. Ол топырақтың қышқылдануына әкеліп соғады, нәтижесінде өсімдіктер
қауымдастықтарында мал азығы ретінде кейбір құнды шөптесін өсімдіктердің жойылуына және батпақтың т‰зілуіне әкеліп соғады. Шалғынды жерден мұндай м‰ктерді сыдырып алып тастауға тура келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет