Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


РИНИОФИТТЕР БӨЛІМІ (РИНИОФИТЫ) -RHYNІOPHYTA



бет82/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

РИНИОФИТТЕР БӨЛІМІ (РИНИОФИТЫ) -RHYNІOPHYTA


Бұл бөлімге тек қазба т‰рінде кездесетін өсімдіктер жатады. Бұлар жер бетінде кездесетін жоғары сатыдағы өсімдіктердің алғашқылары болып есептелінеді. Олар палеозой эрасының силури дәуірінде жер бетіндегі құрлықтардың барлығында кездесіп, девон дәуірінің соңында т‰гелдей жойылып кеткен. Риниофиттердің құрылыстарының біршама к‰рделілігіне және алуан т‰рлілігіне қарап, оларды силури дәуірінде ертеректе пайда болған деп айтуға болады. Бұл бөлімнің өкілдері негізінен батпақты жерде өсетін өсімдіктер болған. Сонымен бірге құрылықта кездесетін және екінші рет суға оралған формалары да болған. Ең алғашқы риниофиттерді 1859 жылы Канаданың геологы Джеймс Досон Канаданың Гаспе деген т‰бегінің девон қабаттарынан тапқан (Psіlophyton туысы). Б‰л жаңалыққа көп уақыттар бойы ешкім көңіл бөле қоймады, тіптен ол туралы ұмытылыпта кетті. Тек 50 жылдан аса уақыт өткен соң (1917ж) бұл өсімдіктерді Шотландияның төменгі және ортаңғы девон қабаттарының тас көмір кендерінен ағылшын палеоботаниктері Р.Кидстон (1852-1924), У.Ланг қайта ашты.


Қазіргі кезде риниофиттер барлық құрылықтардан табылды. Олардың 20-дан астам туысы және көптеген т‰рлері белгілі. Олардың тек спорофиттері ғана табылды, ал гаметофиттері қазіргі кезге дейін белгісіз болып отыр. Олардың көпшілігінің вегетативтік денесі сабаққа, жапыраққа бөлінбеген, тамырлары м‰лдем жоқ. Риниофиттердің вегетативтік денесі қарапайым құрылысты, дихотомиялық бұтақтанған бірнеше біліктік (осевых) бөліктерден тұрады. Вегетативтік дененің бұл біліктері телом деп аталынады. Теломның жоғарғы бұтақтарында спорангийлері дамиды. Теломдарды байланыстырып (жалғастырып) тұратын бөлікті (учаскені) месомдар деп атайды. Өсімдіктің төменгі жағында, оларды жерге бекітіп тұратын, төменгі теломдар жетіледі. Олардан көптеген ризоидтар кетеді. Риниофиттердің бұл төменгі жер асты бөліктерін ризомоидтар деп атайды. Сонымен спорангийлері өсімдіктің жоғарғы, к‰нге қызатын жағында орналасқан және олардың жапырақпен байланысы болмаған.
Дегенменде кейбір туыстарында жапырақтар пайда бола бастаған. Көптеген риниофиттер әлі де болса балдырлар кескінді болып келеді, алайда олардың бірқатары плаундарға, қырықбуындарға және папоротниктерге ұқсас болады.
Риниофиттер суда да және құрлықта да кездесе беретін өсімдіктер болған. Олардың төменгі бөлігі судың астында немесе батпақта дамиды. Ал ‰стіңгі (жоғарғы) бөлігі ауа кеңістігінде жетіледі және олардың даму барысында құрылысы жағынан құрғақта өсетін өсімдіктердің барлық белгілері болған. Олардың өткізгіш шоқтары, қабықшалары көп қабатты
спорангийлері болған,ал споралары қалың қабықшамен қапталған болып келген. Бұл белгілердің ешқайсысы суда өсетін өсімдіктерде болмайды.
Риниофиттердің систематикасы әзірге аяғына дейін жеткізілмеген. Бұл бөлімге систематиктердің басым көпшілігі бір ғана риниопсидтер (Rhynіopsіda) класын жатқызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет