Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Базидиомицеттер класы (Базидиомицеты) – Basіdіomycetes



бет20/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Базидиомицеттер класы (Базидиомицеты) – Basіdіomycetes


Түрлерінің жалпы саны 30 мыңдай болады. Мицелийлері көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген гифалардан тұрады. Жыныссыз көбеюі конидийлері арқылы жүзеге асады, бірақ ол сирек болады. Жыныстық процесі екі гаплоидты гифаның бөліктерінің (члеников) қосылуы арқылы жүзеге асады. Арнайы жыныстық көбею органы болмайды. Гетеротальды түрлерінің (олар осы кластың басым көпшілігін құрайды) мицелийлерінің қарама-қарсы белгілері бар (+ және -) особьтарының гифалары қосылады. Бұл жағдайда дикариондар түзіледі, олардың ядролары келешегінде синхронды бөлінеді. Жыныс процесі дикарионның ядроларының қосылуымен, мейозбен және төрт базидиоспорасы бар базидийдің түзілуімен аяқталады. Құрылысы жағынан базидийлер әртүрлі болады: холобазидия - жекелеген бөліктерге (члеников) бөлінбеген, бірклеткалы, түйрегіштің басы тәрізді өсінді; гетеробазидия екі бөліктен тұрады – төменгі кеңейген бөліктен (гипобазидия) және гипобазидияның өсіндісі болып табылатын үстінгі бөліктен (эпибазидия);
Эпибазидия көп жағдайда екі немесе төрт бөліктен тұрады және олар бірқатар түрлерінде гипобазидиядан көлденең перделері арқылы бөлініп тұрады. Мұндай күрделі базидияны гетеробазидия деп атайды. Базидийдің үшінші түрі фрагмобазидия – көлденең перделері арқылы төрт бөлікке (клеткаға) бөлінген болады. Әдетте фрагмобазидия тыныштық қалыпта болатын қабықшалары қалың телиоспора деп аталынатын клеткадан пайда болады, сондықтанда оны телиобазидия деп те атайды.
Базидиомицеттердің өмірлік циклында дикарионды фаза басым болып келеді, ал гаплоидты және диплоидты фазалары өте қысқа. Көптеген түрлерінің базидиоспоралары формасы мен мөлшері әртүрлі болып келетін жемісті денелерінде түзіледі. Концистенциясы жағынан жемісті дене борпылдақ, өрмекшінің торы тәрізді, тығыздалған киіз тәрізді, көн тәрізді және ағаш тәрізді қатты болып келеді. Гимений қабаты көп жағдайда жемісті дененің төменгі жағында орналасады. Ол базидийден, парафизден және цистидадан тұрады. Цистида - гимениальды қабаттың үстінен көтеріліп көрініп тұратын парафиздерге, басқа мүшелеріне (членики) қарағанда біршама үлкен болады. Жемісті дененің гимений түзілетін бетін гименифора деп атайды. Қарапайым өкілдерінде ол жылтыр, ал жоғарғы деңгейде жетілгендерінде формасы тікенек, пластинка, түтікше тәрізді болып келеді. Сол себептенде гимениальды қабаттың үсті біршама ұлғаяды. Кейбір түрлерінің базидийі базидияспоралары мен тікелей мицелидің гифаларында пайда болады.
Базидиальды саңырауқұлақтар үш клас тармағына бөлінеді: холобазидиомицеттер, гетеробазидиомицеттер, телиобазидиомицеттер.
Осы үш клас тармағының ішіндегі маңыздысы және табиғатта кең таралғандары холобазидиомицеттер мен телиобазидиомицеттердің өкілдері. Сондықтанда олардың кейбіреулеріне толығырақ тоқталамыз.
Холобазидиомицеттер класс тармағы – Holobasіdomycetіdae. Бұл класс тармағы холобазидии түзетін саңырауқұлақтарды біріктіреді. Мысал ретінде олардың ең кең таралған туысы шампиньонды қарастырамыз. Шампиньон (Agarіcus campestrіs) - сапрофит ретінде, ылғалы мол топырақта өседі. Оны арнайы теплицаларда қолдан өсіреді. Жемісті денесі тармақталған мицелийінде пайда болады. Ал мицелийі топырақта болатын, бірнеше клеткадан тұратын (членистый) гифалардан құрылады.
Жемісті денесі қалпақтан және түбірден тұрады. Осыған байланысты қалпақты саңырауқұлақтар деген ұғым пайда болған. Жас жемісті денелерінің қалпағының астында тартылып тұратын ақ түсті жұқа жамылғысы болады. Ол қалпақтың айнала шетіне және түбірге бекініп тұрады және қорғаныш қызметін атқарады. Ескі жемісті денелерде жамылғының тек үзінділері ғана түбірде ақ түсті сақина түрінде қалып қояды. Жемісті дененің түбірі, қалпақты жауып тұратын қабықшасы, етженді жұмсақ бөлігі және қалпақтың астынғы бетінде орналасқан пластинка тәрізді гименофорасы плехтенхимадан тұрады. Жас шампиньондардың гименефораларының пластинкаларының сыртының түсі қызғыштау, ал ескіргендерінде қоңыр немесе қарақошқылдау болып келеді. Гименальды қабаты бір қатар базидийден тұрады. Базидияспоралары базидийден пайда болатын стеригмаларының басында отырады. Пісіп жетілген ұсақ, әрі жеңіл споралар стеригмалардан бөлініп шығып пластинкалардың арасындағы қуысқа түседіде, төмен қарай құлайды. Ал оларды ауаның ағыны алып кетеді. Осылайша шампиньонның споралары тарайды. Бұл тек шампиньионға ғана емес, сонымен бірге қалпақты саңырауқұлақтардың барлығына тән нәрсе. Сонымен бірге саңырауқұлақтардың спораларын насекомдар мен моллюскаларда таратады. Саңырауқұлақтармен қоректенетін ақ тиіндер мен қояндарда олардың спораларын таратады. Споралар жоғарыда аталған жануарлардың ас қорыту органдарында қорытылмай, олардың қиымен сыртқа шығып қалады. Ылғалы мол, қарашіріндісі көп топырақта саңырауқұлақтардың споралары өседі. Олардан мицелидің (грибницы) жіпшелері жетіледі. Мицелий өте жай өседі. Қоректік заттардың қорын арттырып грибница жемісті дене түзеді.
Холобазидиомицеттер класстармағына жататын саңырауқұлақтардың ішіндегі аса кең таралғандарына қалпақты саңырауқұлақтар жатады. Қалпақ пен түбір бір - біріне тығыздалып өрімделген мицелийдің жіпшелерінен (гифаларынан) тұрады. Түбірдің барлық жіпшелері бірдей болады, ал қалпақта олар екі қабат түзеді. Жоғарғы қабат сыртқы қабықшамен қапталған және әртүрлі пигменттермен боялған болып келеді, ал төменгі қабатта гименофоралары қалыптасады. Гименофораның екі түрі белгілі: пластинкалы және түтікшелі. Гименофорасы пластинкалы болып келетін саңырауқұлақтарға мына түрлерді жатқызуға болады: Лисичка (Cantharellus), опенок (Marasmіus), сыраежка (Russuta), рыжик (Russula), груздь (Lactarіus); гименофорасы түтікті болып келетін түрлерге - ақ саңырауқұлақ (Boletus), подберезовик (Leccіnum), подосиновик (Leccіnum), нағыз трутовик (Fomes fomentarіus ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет