Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет28/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Ядро қабықшасы. Ядроның ішіндегі заттарды цитоплазмадан бөліп тұрады. Ядро қабықшасы екі қабат мембранадан тұрады, олардың арасында перинуклеарлық кеңістік деп аталынатын қуыс болады.
Мембрананың қалыңдығы 10 нм., ал перинуклеарлық кеңістіктің қалыңдығы тұрақты болмайды (өзгеріп отырады). Қабықшаның жалпы қалыңдығы 60-80 нм. тең. Қабықшаның ішкі мембранасы агранулярлы болып келеді, ал сыртқы мембранасына рибосомалар бекінеді. Құрылысы және химиялық құрамы жағынан ядро қабықшасы эндоплазматикалық торға (ритикулум) жақын, оның сыртқы мембранасынан, тіптен цитоплазманың торына өтетін өсінділер түзіледі. Ядро қабықшасының ядролық поралары болады. Бұл диаметрі 30-100 нм. болатын күрделі құрылым, олар арқылы макромолекулалар нуклеоплазмадан гиалоплазмаға және керісінше өтіп жатады. Ядро қабықшасы ядро мен цитоплазманың арасындағы зат алмасуды реттеп отырады және белоктар мен липидтерді синтездеуге қабілетті.
Нуклеоплазма. Бұл ішінде хромосомдар мен ядрошықтар орналасқан коллоидты ерітінді. Нуклеоплазманың құрамына әртүрлі ферменттер, нуклеин қышқылдары кіреді. Ол ядроның органелдерінің арасындағы байланыстарды ғана реттеп қоймайды, сонымен бірге олар арқылы өтетін заттарды тасымалдайды.
Хромосомдар. Бұл тек электронды микроскоппен көрінетін, өте жіңішке (10 нм.) жіп тәрізді құрылымдар. Ядро бөлінген кезде олар спираль тәрізді ширатылады, нәтижесінде қысқарып жуандайды және оптикалық микроскоппен көрінеді. Хромосомдар көптеген бояғыш заттарды (красители) бойына сіңіруге және белсенді түрде боялуға қабілетті болып келеді.
Химиялық құрамы жағынан хромосом ДНК- дан және белоктан тұратын нуклепротеид. ДНК- ның молекуласының құрамдық бөлігі (мономері) нуклеотидтер болып келеді. Нуклеотидтің үш компоненті болады - фосфор қышқылының қалдығы, қант дезоксирибоза және төрт азоттық негіздердің бірі: аденин, гуанин, тимин, цитозин. Нуклеотидтер кез-келген реттегі ұзын тізбекке бірігеді. ДНК- ның молекуласы осындай аса ұзын екі тізбектен тұрады, олар өзара азоттық негіздермен байланысқан. Оның ішінде аденин барлық уақытта тиминмен, ал гуанин цитозинмен байланысады. Осындай қосарланған тізбек өсті айнала орап тұрады. ДНК- ның молекуласының ең қажетті қасиетінің бірі - репликация (самоудвоение- өздігінен екі еселенуі). Бұл жағдайда екі қатар тізбек ажырап кетеді, олардың әр қайсы жоғалтқан бөлігін қайта түзеді. Клеткаға қажетті ерекше (специфический) белоктың синтезделуін қамтамасыз ететін ДНК - ның молекуласының бөлігін геном деп атайды. Әрбір организмге тән, ДНК-ның молекуласындағы нуклеотид-тердің орналасу жүйелілігін (последователь-ность) генетикалық код деп атайды.
ДНК - ның құрамын айқындау жаратылыстануда ерекше жаңалық болды. Оны арнайы химиялық және рентгеноструктуралық тәсілдерді қолдана отырып ағылшын ғалымдары Дж. Уотсон мен Ф. Крик (1953) ашты. Бұл жаңалық тұқымқуалаушылықтың молекулярлық механизмін түсіндіріп берді.
Белок хромосомда ДНК - ның молекуласының үстінде қаптама (футляр) түрінде орналасады. Хромосомның алғашқы тартылған жері болады (спиральданбаған бөлігі), онда центромер орналасады, кейде хромосомның екінші рет тартылған бөлігі де кездесіп отырады. Соңғысы кішкентай спутник деп аталынатын үзіндіні (фрагмент) хромосомнан бөліп тұрады.
Өсімдіктің әрбір түрінің клеткаларындағы хромосомдардың саны әдетте тұрақты болады. Соматикалық клеткаларда бұл сан жұп болады (2n). Ол хромосом саны тақ болып келетін (n) екі жаныс клеткасының қосылуының нәтижесінде пайда болады.
Ядрошық. Ол диаметрі 1-3 мкм. болатын сфера тәрізді денешік. Ол негізінен белоктан және РНК- дан тұрады. РНК- ның молекуласы, ДНК - ның молекуласы секілді нуклеопротеидтердің тізбегі болып табылады. Бірақ РНК - ның нуклеотидінде дезоксирибозаның орнында рибоза, ал тиминнің орнында урацил болады. РНК - ның молекуласының, ДНК-ның молекуласынан айырмашылығы сол, ол нуклеодиттердің бір ғана тізбегінен тұрады.
Ядрошық әдетте хромосомның екінші реттік тартылған бөлігімен байланыста болады. Сондықтанда бұл бөлікті ядрошықты ұйымдастырушы (түзуші) деп атайды, онда рибосомдық РНК-ның матрицалық синтезі түзіледі. Содан соң рибосомдық РНК белокпен қосылады, нәтижесінде рибонуклеопротидтердің түйіршіктері пайда болады. Бұл түйіршіктер рибосомның бастамасы болып табылады, олар алдымен нуклеоплазмаға, содан соң ядро қабықшасының поралары арқылы цитоплазмаға өтеді, осы жерде олардың толық қалыптасуы аяқталады.
Ядрода бір немесе бірнеше ядрошық болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет