Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет40/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107
Морфологиялық құрылысы. Тамырдың алуан түрлілігі. Шығу тегіне қарай тамырды үшке бөледі: кіндік, қосалқы және жанама тамырлар.
Кіндік тамыр, тек ұрықтың тамыршасынан пайда болады. Қосалқы тамырлар сабақтан, жапырақтан немесе олардың өзгерген түрлерінен кетеді. Кіндік тамыр мен қосалқы тамырлардан жанама тамырлар кетеді. Соңғыларынан жанама тамырлардың екінші және одан кейінгі қатарлары тарамдалып кетіп отырады.
Формасы жағынан тамырлар алуан түрлі болады: жіп тәрізді, бау тәрізді, конус тәрізді, ұршық тәрізді, репа тәрізді және басқаша болып келеді.
Субстратқа қарай тамырларды: топырақтағы, судағы, ауадағы және гаусторилер (паразит өсімдіктердің емшекшелері) деп бөледі.
Жоғарыда келтірілген классификация тамырдың түрлерінің барлығын бірдей қамтымайды. Мысалы, қысқарып отыратын тамырлар (контрактильные корни) болады. Олар өсімдіктің сабағының түп жағын, бүршіктермен қоса топыраққа тартып ендірді. Сонымен бірге шашақ тамырларды бөлуге болады. Олар қысқа уақыт өмір сүретін жіңішке жіп тәрізді тамырлар. Әдетте мұндай тамырлар жердің бетіне жақын жерде маусымға байланысты немесе суғаруға байланысты ылғалдың артуынан пайда болады.
Тамыр системасы. Ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығын тамыр системасы деп атайды. Тамыр системасының негізгі үш түрі бар: кіндік тамыр системасы, ол ұрықтың тамыршасынан пайда болады және кіндік тамырдан (өстің алғашқы қатары), сонымен бірге одан кететін жанама тамырлардың әртүрлі қатарларынан тұрады. Қосалқы тамырлардың системасы, ол сабақ пен жапырақтың кез-келген бөлігінен пайда болады; аралас тамырлардың системасы ол бір мезгілде қатар өсетін кіндік тамырдың және қосалқы тамырлардың системалары.
Тамырдың мөлшері өсімдіктің өмірлік формасына (ағаш, бұта, шөптесін өсімдік) және сыртқы ортаға (экологияға) байланысты болады. Суда және батпақта өсетін өсімдіктердің тамыр системасы үлкен болмайды. Құрғақ жерде өсетін өсімдіктердің (мысалы шөлейттің немесе шөлдің) тамыр системасы аса жақсы жетілген болады. Мысалы, богарада (суғарылмайтын жерде) егілген бидайдың жерасты бөлігінің салмағы (массасы) жер бетінің салмағынан 140 есе артық болады. Формасы жағынан тамыр системасы кіндік тамырлы болады, бұл жағдайда кіндік тамырдың өсі басқалардан мөлшері жағынан айқын басым болып келеді (бұршақ тұқымдастарда); шашақ тамырлар ситемасы, бұл көптеген мөлшері жағынан бірдей тамырлардан тұрады (астық тұқымдастардың тамырлары). Бұтақталған тамырлар системасы, бұл жағдайда қосалқы тамырлармен жанама тамырдың бірінші қатары, жуандығы және ұзындығы жағынан кіндік тамырдан көп кіші бола бермейді (ағаштарда).
Анатомиялық құрылысы. Кіндік, жанама және қосалқы тамырлардың анатомиялық құрылысы біршама ұқсас болады.
Тамырдың зоналары. Тамырды ұзына бойында құрылысы әртүрлі болып келетін және әртүрлі қызметтер атқаратын бірнеше зоналарға бөлуге болады. Клетканың бөліну зонасы, созылу зонасы, сору зонасы (тамыр түктерінің зонасы), өткізу (бұтақтану) зонасы.
Клетканың бөліну және созылу зоналары тамырдың ең ұшында орналасады. Бұл сырты жылтыр, ұшында тамыр оймақшасы бар кішілеу участок. Тамыр оймақшасы қабықшалары жұқа клеткалардан тұрады. Ол өсу конусын топырақтың түйіршіктерімен зақымданудан сақтайды. Тамыр оймақшасының сыртындағы клеткалары түлеп түсіп отырады, ол тамырдың алға қарай жылжуын жеңілдетеді. Оймақшаның астында клетканың бөліну зонасы орналасады, ол алғашқы меристеманың клеткаларынан тұрады.
Одан жоғарылау клетканың созылу зонасы орналасады. Бұл жерде клеткалар бөлінуін біртіндеп тоқтатады да ұзындыққа созылады,(нәтижесінде олардың) көлемдері ұлғаяды. Кейде бұл екі зонаны біріктіріп өсу зонасы деп атайды. Сору зонасы созылу зонасынан жоғары орналасады. Бұл жерде тамырдың үстінде көптеген бүгірлер пайда болады, олар келешегінде созылып, тамырдың түктеріне айналады. Әрбір тамырдың түгі жекелеген сыртқы клетканың ұзын (0,15-1мм) өсіндісі болып табылады. Түктің қабықшалары жұқа целлюлозадан тұрады, ядро әдетте оның ұшында орналасады.
Тамыр түктері топырақтан минералды заттардың ерітіндісін бойына сіңіреді. Олар 10-20 күн ғана өмір сүреді. Зонаның жоғарғы жағында тамыр түктері үнемі өліп отырса, төменгі жағынан қайтадан түзіліп отырады. Сондықтанда сору зонасы барлық уақытта төмен қарай жылжып, ауысып отырады және үнемі тамырдың ұшына жақын жатады. Оның ұзындығы бірнеше миллиметр болады. Тамыр түктерінің пайда болуымен бірге, осы зонаның ішкі ұлпалары да дифференциацияланады.
Одан әрі өткізгіш зонасы орналасады. Ол тамырдың мойнына дейін созылады және тамырдың көп бөлігін түзеді. Бұл жерде тамырдың түктері болмайды, сыртын жабын ұлпасы жауып тұрады. Тамырдың осы участогінде бұтақтану жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет