Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет43/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Морфологиялық құрылысы. Сабақтың көлденең кесіндісі көп жағдайда цилиндр тәрізді болып келеді, бірақ шөптесін өсімдіктерде сабақ үш қырлы (қияқта) төрт қырлы (ерін гүлділер), қанатшалы (орман чинасы), жалпақ (шылаң-рдест) болып келеді.
Сабақтың ұзындығы көп мөлшерде ауытқып отырады. 280-300 м (ротангалы пальманың өрмелеп өсетін сабақтары) -ден 1,5 мм дейін (су өсімдігі вольфия).
Анатомиялық құрылысы. Жер бетінің тіршілік ортасы, топырақтағы ортаға қарағанда алуан түрлі және түсі жағынанда басқаша болып келеді. Сондықтанда сабақтың құрылысының тамырға қарағанда біршама күрделі болып келетіндігі және алуан түрлілігі осы қоршалған ортаға тікелей байланысты болады.
Алғашқы құрылысы. Сабақтың ұшында алғашқы меристема орналасады (өсу конусы). Осы жерде жапырақтың алғашқы бастамасының деңгейінде прокамбий түзіледі. Одан алғашқы флоэмамен алғашқы ксилема пайда болады. Камбийден сыртқа қарай алғашқы қабық, ал ішке қарай өзек орналаады. Өсу конусының ұшындағы клеткалардың қабатынан эпидермис пайда болады. Осылайша сабақтың алғашқы құрылысы қалыптасады. Сабақтың алғашқы құрылысында ұлпаларды, тамырдағы секілді екі комплекске: сырты эпидермиспен қапталған алғашқы қабыққа және орталық цилиндрге бөледі.
Алғашқы қабықты мынадай ұлпалар түзеді: эпидермистің астында орналасқан арқаулық (механикалық) ұлпа колленхима; алғашқы қабықтың паренхимасы, оның клеткаларының көптеген бөлігін хлорипластар алып жатады; эндодерма - алғашқы қабықтың ішкі қабаты, оның клеткаларында көп жағдайда, крахмал дәндері болады, соған байланысты эндодерманы крахмал қынабы деп те атайды.
Орталық цилиндрдің сыртқы қабатын перицикл деп атайды. Ол паренхималық клеткалардың бір немесе бірнеше қатарынан тұрады. Олардан қосалқы тамырлар, қосалқы бүршіктер, екінші реттік меристемалар - камбий және феллоген пайда болады. Кейде перициклде паренхималармен бірге склеренхимада болады (перициклдық талшық). Перициклден ішке қарай прокамбийден пайда болатын өткізгіш системасы орналасады. Ортасында қабықшалары жұқа болып келетін, үлкен паренхималық клеткалардан тұратын өзек орналасады. Онда артық қор заттары жиналады.
Сабақтың алғашқы құрылысындағы байқалатын айырмашылықтар, прокамбийдің түзілу жолдарына байланысты. Жалаңаш тұқымдыларда және қосжарнақты жабық тұқымдыларда прокамбий екі түрлі жолмен қалыптасады. Бірінші жағдайда прокамбийдің жекелеген бөліктері (сілемдері - тяжи) тікелей шеңбердің бойымен орналасады. Яғни өткізгіш ұлпалары сабақтың алғашқы құрылысында шеңбердің бойымен жекелеген шоқ түрінде орналасады және алғашқы өзектік сәулелерді түзетін паренхиманың учаскілерімен бөлініп тұрады. Екінші жағдайда прокамбий цилиндрдің бойымен орналасады. Бұл жағдайда сабақтың алғашқы құрылысында өткізгіш ұлпалары цилиндрдің бойымен орналасады. Дара жарнақтыларда прокамбийдің участкелері (сілемдері-тяжи), сонымен бірге одан дифференциацияланатын сосуд талшық шоқтары орталық цилиндрдің барлық жерлерінде, тіптен өзегінде де біршама еркін және шашыраңқы орналасады.
Тамырдың алғашқы құрылысының сабақтың алғашқы құрылысынан айырмашылығын көрсететін негізгі белгілерге мыналар жатады: тамырдың орталық цилиндрінде көп жағдайда өзек түзілмейді; еш уақытта эпидермасымен колленхимасы болмайды; өткізгіш шоқтары барлық уақытта радиальды болып келеді және орталық цилиндрдің ортасында орналасады; тамырдың көп бөлігін алғашқы қабық қабаты алып жатады.
Соңғы құрылысы. Сабақтың соңғы құрылысы, тамырдағы секілді соңғы меристеманың - камбийдің пайда болуымен байланысты. Сондықтанда ол жалаңаштұқымдыларға және қосжарнақты жабықтұқымдыларға тән. Камбий орталық цилиндрде алғашқы флоэма мен алғашқы ксилеманың арасында түзіледі. Ол прокамбийден және алғашқы өзектік сәулелердің паренхимасынан пайда болады. Камбий сабақтың шетіне қарай соңғы қабықтың элементтерін бөліп шығарады. Соңғы қабықтың өзіне тән гистологиялық элементтері - сүзгілі түтіктері, серіктік клеткалары, тіндік талшықтары, тіндік паренхималары және өзектік сәулелердің паренхималары бар, соңғы флоэмадан (екінші реттік тін) тұрады. Өзекке қарай камбий түтіктерден, трахеидтерден, сүректік талшықтан, сүректік паренхимадан және өзектік сәулелердің паренхимасынан тұратын соңғы ксилеманы бөліп шығарады.
Атап көрсеткен жөн, соңғы сүректің элементтері, әдетте соңғы қабықтың элементтерінен әлде қайда көп бөлінеді. Камбийдің белсенділігінің нәтижесінде сабақ қалыңдап жуандайды. Соңғы құрылысқа ауысқанда сабақтың алғашқы қабығы тамырдағыдай бірден өлмей, тіршілігін жалғастыра береді. Сонымен сабақтың соңғы құрылысы эпидермистен немесе тоздан (пробка), алғашқы және соңғы қабақтан, камбийден, соңғы және алғашқы сүректен тұрады.
Сабақтың соңғы құрылысының алуан түрлілігі, оның алғашқы құрылысының алуан түрлілігіне, сонымен бірге камбийдің белсенділігіне байланысты болып келеді. Сабақтың соңғы құрылысының мынадай типтері ерекше кең таралған: шоқсыз, аралық, шоқты. Құрылысы шоқсыз болып келген жағдайда прокамбий цилиндрдің бойымен түзіліп қалыптасады да, көп ұзамай камбийге айналады. Яғни, сабақтың алғашқы және соңғы құрылысында да флоэма мен ксилеманың элементтері тұтас цилиндрдің бойымен орналасады. Сабақтың құрылысының бұл типі ағаштарға (қылқанжапырақтыларға және жалпақ жапырақтыларға), сонымен бірге кейбір шөптесін өсімдіктерге тән (қызыл бояу, шырмауықгүл, зығыр және басқалар).
Қарағайдың сабағының ортасында аздаған қабықшалары жұқа клеткалардың участогы - өзек орналасады. Өзектен шетке қарай сабақтың көп бөлігін сүрек қабаты (ксилема) алып жатады. Ол трахеидтерден тұратын шеңберлі қабаттар - жылдық сақиналар түзеді. Жылдық сақинаның түзілуін камбийдің жылдық маусымына қарай белгілі бір ырғақпен (ритммен) жұмыс жасауына байланысты болады. Камбийдің ең белсенділік көрсететін уақыты көктем. Осы кезде камбийден қабышалары жұқа, қуысы кең өткізгіштік қызмет атқаратын түтіктер (трахеидтер) пайда болады. Жазда камбийдің белсенділігі біршама төмендейді де, қабықшалары қалың, қуыстары тар, негізінен арқаулық (беріктік) қызмет атқаратын түтіктер түзіледі. Қыста салқынға байланысты өсімдіктердің вегатативтік кезеңі үзіледі. Соған байланысты камбийдің жұмысы тоқтайды. Сондықтанда жазғы сүректен, көктемге өту күрт болғандықтан, жылдық сақиналар жақсы байқалады.
Сүректің барлық жерінде, әсіресе жылдық сақиналардың күздік участкесінде смола жолдары орналасады. Трахейдтердің сілемін (массив) радиус бойынша бірқатар паренхималық клеткаладан тұратын өзектік сәулелер қиып өтеді. Олар арқылы горизонталь бағытта әртүрлі заттардың жылжып ағуы жүзеге асады. Сонымен қарағайдың сүрегінің құрылысы басқа қылқанжапырақтылардағы секілді біртектес және соған байланысты қарапайым болып келеді: бұларда түтіктерде, сүректік талшықтарда жоқ, ал сүректік паренхимасы тек өзектік сәулелердің клеткаларынан және смола жолдарының эпителиалдық клеткаларынан тұрады.
Сүрекпен соңғы қабық қабатының ортасында камбий орналасқан. Соңғы қабық алғашқы және соңғы флоэмадан және прициклдық зонадан тұрады. Електік түтіктерінің серіктік клеткалары болмайды. Олардың арасында біршама үлкен, дөңгелек болып келген тін паренхимасының клеткалары орналасады. Өзектік сәулелері флоэмада да бірқатар клеткалардан тұрады, бірақта олар ксилемадағыларға қарағанда біршама үлкендеу болады. Флоэмадан сыртқа қарай алғашқы қабықтың үлкен паренхималық клеткалары орналасады, олардың ішінде үлкен смола жолдары байқалады. Тозды бір-бірімен алмасып келіп отыратын, қабырғалары жұқа сүректенген клеткалармен, қабырғалары қалың болып сүректенген (ағаштанған) клеткалардың қабаттары түзеді.
Сонымен қылқанжапырақтылардың қабық қабатында екі структуралық ерекшелікті: електі түтіктерінде серіктік клеткалардың болмауын және алғашқы қабағында да, сүргінде де смола жолдарының болуын атап өтуге болады.
Жөкенің сабағының құрылысы қосжарнақты ағаштарға тән болып келеді. Сабақтың ортасында қабықшалары жұқа болып келетін клеткалардан тұратын өзектің аздаған участоктері ораласады. Өзекті қалың болып келген сүрек қабаты қоршап жатды. Сүрек қабатының өзекпен шектескен жерінде кішілеу
төмпешіктер түзіледі. Бұлар негізінен сақиналы және спиральды сосудтардан тұратын алғашқы сүректің участкелері. Соңғы сүректің қарағайдағы секілді жылдық сақиналары болады, олардың көктемгі учаскелері диаметрі үлкен түтіктерден, ал жазғы және күзгі учаскелері трахеидтері басым болып келетін, диаметрі кіші түтіктерден және сүректік талшықтардан тұрады.
Сүректің айналысын камбий қоршап жатады, оның сыртында трапеция типтес болып флоэманың участкелері орналасады. Бұл участкелер серіктік клеткалары бар, електі түтіктердің қабаттарынан және тін талшықтарының қабаттарымен кезектесіп келіп отыратын тіндік паренхималардан тұрады. Флоэманың участкелерінің арасында жалпақ өзектік сәулелер орналасады, олар сүрек қабатында бір қатар клеткаға дейін жіңішкереді. Флоэмамен өзектік сәулелерден кейін, шеңбердің бойымен кезектесіп келіп отыратын тін талшықтарының тобынан (флоэманың участкелерінің қарсысында) және паренхималық клеткалардан (өзектік сәулелердің қарсысында) тұратын перициклдік зона орналасады. Флоэманың участкелері, өзектік сәулелердің паренхимасы және перициклдік зона бірігіп соңғы қабық қабатын түзеді. Соңғы қабықтан сыртқа қарай алғашқы қабық орналасады. Перициклдік зонаға эндодерма жанасып жатады. Ол ағаштарда нашар жетілген және өзінен кейін орналасқан, ішінде көп жағдайда қымыздық (шавель) қышқылы кальцийдің кристалдары (друздар) кездесетін үлкен паренхималық клеткалардан айырмашылығы жоқтың қасында болып келеді. Осы паренхималардың сыртында табақшалы колленхима мен перидерма орналасады. Кейбір өсімдіктердің (емен, тисс және басқалар) жасы ұлғайған сайын, олардың сүрегінің ескі бөлігінде метаболизмнің өнімдері жиналады - илік заттар, смолалар, камедилер, тұздар, соған байланысты оның түсі қараяды. Бұл ядролық сүрек деп аталады. Сүректің қабыққа жақын жатқан ақшыл қабатын шел қабық деп (заболонь) атайды.
Зығырдың сабағының үстінде, сырты кутикуламен жабылған эпидермистің үлкен клеткалары орналасады. Эпидерманың астында ішінде хлорофилл дәндері бар қабықтың паренхималық клеткаларының аздаған қабаты жатады. Алғашқы қабық біршама үлкендеу клеткалардан тұратын эндодерманың толқынды қабатымен аяқталады. Эндодермадан өзекке қарай дөңгелек немесе көп бұрышты қабықшасы қалың болып келген үлкен клеткалардың тығыз тобы жатады. Бұл перициклден пайда болған тіл талшықтары. Зығырды негізінен сонысы үшін егеді.
Тін талшығынан өзекке қарай флоэманың жұқа қабаты, ал одан әрі камбий орналасады. Соңғы ксилема үлкен поралары бар түтіктерден, трахеидтерден және сүректік талшықтардан тұрады. Өзекпен шектескен жерде алғашқы ксилеманың ұсақ сақиналы және спиральды түтіктері орналасады. Ксилеманы қабықшалары сүректенген, тірі паренхималық клеткалардан тұратын, өзектік сәулелер кесіп өтеді. Өзек үлкен клеткалы паренхималардан тұрады, оның ортаңғы бөлігі бұзылып, қуыс түзеді. Сабақтың өтпелі (ауыспалы) құрылысында прокамбий жекеленген (бөлектенген) сілемдер түрінде қалыптасады. Мұндай сабақтың алғашқы құрылысы шоқты болып келеді. Камбий прокамбийден және алғашқы өзектік сәулелердің паренхималарынан пайда болады. Шоқтық камбий соңғы флоэмамен соңғы ксилеманың элементтерін береді. Шоқ аралық камбийде, шоқтық камбий секілді флоэмамен ксилеманың элементтерін береді және бұрынғы шоқтардың арасында жаңа шоқ түзеді. Біртіндеп олардың екеуі де ұлғайып өсіп бірігіп кетуі мүмкін. Шоқаралық камбийдің белсенділігінің нәтижесінде, сабақтың ескі бөлігінде, сүрекпен тіннің тұтас қабаты пайда болады. Шөптесін өсімдіктердің сабағының құрылысы осындай болады (күнбағыс, топинамбур, сар калуен және басқалар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет