Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет22/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107
Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Саңырауқұлақтар табиғаттағы зат алмасу процесінде ерекше орын алады. Олар органикалық заттарды ыдыратып минералдық заттарға айналдырады. Әсіресе өсімдіктердің қалдықтарын шірітіп, топырақта қарашіріндінің түзілуін қамтамасыз етеді. Спирттік ашу туғызатын саңырауқұлақтар, нан жабуда, спирт алуда, шарап, сыра, квас, айран ашытуда кеңінен пайдаланылады. Сонымен бірге ашытқы саңырауқұлақтары тамаққа, малға азық ретінде және емдік өнім ретінде пайдаланылады. Қалпақты саңырауқұлақтар тамаққа жиі пайдаланылады. Алайда олардың гифаларының қабықшалары нашар қорытылады, сондықтанда мұндағы белоктар түгелдей дерлік сіңбейді деседе болғандай. Дегенмен саңырауқұлақтарды негізінен астың дәмін кіргізу мақсатында пайдаланады.
Европаның, Азияның орманды белдеулерінде, Қазақстанның таулы аймақтарында жеуге келетін саңырауқұлақтар көптеп кездеседі. Көкек айының соңынан мамыр айының ортасына дейін алдымен сморчоктар мен строчоктар, содан соң шампиньондар көріне бастайды. Маусымның ортасына таман қара бидайлар бас алған кездерде қайың саңырауқұлақтары шығады. Олардың артынан майқұлақ саңырауқұлақтары, сыроежкалар пайда болады. Жаздың екінші жартысынан алғашқы суық (қазан) ұрғанға дейін саңырауқұлақтардың барлық түрлері жемісті дене түзеді. Күзде ең соңынан опята көрінеді. Ауа райы құрғақ болған жылдары саңырауқұлақтардың жемісті денесі жаздың соңына қарай пайда болады. Ал салқын ерте түскен жылдары олар өсуін тоқтатады. Саңырауқұлақтарды тергенде жеуге келетін саңырауқұлақтарды улы саңырауқұлақтардан ажырата білу қажет. Әсіресе сұр паганка, мухомор, желочты саңырауқұлақ, жалған лисичка және жалған опята улы саңырауқұлақтар. Сұр паганка шампиньонға біршама ұқсас, бірақ оның қалпағының астынғы жағының түсі көкшілдеу - ақ болып келеді, ал шампиньонның қалпағының астынғы бетінің түсі қызғыш.
Мухоморды қалпағының үстіндегі ашық қызыл түсті бояуымен және ондағы ақ түсті теңбілімен оңай ажыратуға болады. Кейде қалпағының түсі сұр болып келетінде мухоморларда кездеседі.
Желочты саңырауқұлақ, ақ саңырауқұлаққа ұқсас, бірақ оның түбіртегінің жоғарғы бөлігі қара немесе қоңырлау - сұр түсті торлы өрнектермен жабылған болып келеді, ал етженді жұмсақ бөлігін сындырсақ қызарады. Жалған лисичкалар жеуге келетін лисичкаларға ұқсас, бірақ олардың қалпақтарының үсті тегіс, түсі жеуге келетін лисичкалардың қалпақтарының түсіндей ашық - сары емес, қызғыштау - сары және жалған лисичканың қалпағының сынған жерінен ақ түсті сүт (шырышты сұйық) шығады.
Опятаны жинағанда, оның түбіртегіне зер салып қарау керек. Жеуге келетін опятаның түбіртегінде жыртылған жамылғының қалдығынан түзілген сақинасы болады, ал жалған опятаның мұндай жамылғысы болмайды және қалпағының астындағы пластинкаларының түсі көкшілдеу болады.
Саңырауқұлақтармен уланып қалмау үшін, оларды жинағанда мұқият болу керек. Егер терілген саңырауқұлақ улы саңырауқұлаққа ұқсас болса, егер сіз оның жеуге келетін саңырауқұлақ екендігіне күмән келтірсеңіз, онда мұндай саңырауқұлақты жинамағаныңыз жөн. Жеуге келетін саңырауқұлақтардың жемісті денесі де улы болуы мүмкін.
Сморчоктарды, строчоктарды және бірқатар басқада саңырауқұлақтарды жеудің алдында оларды екі рет қайнату керек, ал әр қайнатқаннан кейінгі суын төгіп тастап отыру керек. Төгілген сумен бірге осы саңырауқұлақтарда болатын улы заттарда шығып қалады. Көптеген саңырауқұлақтардың жемісті денесінде адамға қажетті қоректік нәрлі заттар болады. Олардың ішінде белоктар, минералды тұздар және басқада заттар бар. Сондықтанда көп уақыттан бері кейбір қалпақты саңырауқұлақтарды мәдени жағдайда арнайы өсіреді.
Көкөніс шаруашылығында ТМД-нің үлкен қалаларының маңында шампиньонды өсіреді. Арнайы теплицаларда төрт ярусты стелаждар (полкалар) жасалынады. Олардың үстіне құнарлы топырақты жайып мицелийлерді отырғызады. Теплицадағы температураны, ауаның және топырақтың ылғалдығын жемісті денесі тез пайда болатындай қалыпта ұстау қажет. Сонда ғана топырақтың 1 кв.м-нен шампиньонның 20 кг. жемісті денесін жинауға болады. Жылына саңырауқұлақтан 5 рет өнім алынады.
Антибиотиктер өндіруде саңырауқұлақтардың маңызы ерекше. Екінші жағынан саңырауқұлақтардың көбісі ауылшаруашылық дақылдарын әртүрлі ауруларға шалдықтырады. Ағаштардың діңдерін бүлдіретін саңырауқұлақтар (трутовиктер) халық шаруашылығына үлкен нұқсан келтіреді. Бірқатар саңырауқұлақтар адамдарды және жануарларды әртүрлі ауруларға шалдықтырады және оларды уландырады. Саңырауқұлақтар қышқылдық реакциясы бар организмдердің денесінде паразит ретінде өмір сүреді, оларға көптеген ауру туғызатын бактериялар шыдай бермейді.


Пысықтау сұрақтары:


  1. Өсімдіктер дүниесінің таксономиялық бірліктері қандай болады? Бинарлық номенклатураның мәні неде?

  2. Төменгі сатыдағы өсімдіктер мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің негізгі айырмашылықтары неде?

  3. Көк-жасыл балдырлардың құрылысының ерекшеліктері неде? Олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?

  4. Саңырауқұлақтардың денесі қалай құралған?

  5. Саңырауқұлақтардың жыныссыз және жыныстық көбеюінің жолдары қандай?

  6. Төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің қандай формалары болады?

  7. Төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірлік циклы қандай ядролық фазаларда өтеді?

  8. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелиінің құрылысы қандай? Хитридиомицеттердің мицелиінің құрылысының ерекшеліктері қандай?

  9. Хитридиомицеттердің жыныссыз және жыныстық көбеюлері қалай жүреді? Ольпидиум мен синхитриумның өмірлік циклдары қандай?

  10. Оомицеттердің жыныссыз және жыныстық көбеюінің ерекшеліктері қандай? Фитофтораның өмірлік циклы қандай?

  11. Зигомицеттердің жыныссыз көбеюі қалай жүреді? Олардың жыныстық көбеюінің ерекшеліктері қандай?

  12. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелиінің құрылысы қандай?

  13. Қалталы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында ядролық фазалар қалай алмасады? Аскомицеттердің өмірлік циклының көп бөлігі қай фазада өтеді?

  14. Ашытқы саңырауқұлағының құрылысы мен көбею ерекшеліктері қандай?

  15. Жемісті дененің қандай типтері болады?

  16. Қастауыштың өмірлік циклы қандай? Склероций дегеніміз не, оның құрамында қандай зат болады?

  17. Базидиомицеттердің өмірінің көп бөлігі қандай ядролық фазада өтеді?

  18. Базидийдің қандай типтері болады?

  19. Бидайдың қатты қаракүйесі мен тозаңды қаракүйесінің өмірлік циклдары қандай? Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

  20. Пукцинияның өмірлік циклы қандай, оның ерекшелігі неде?

  21. Жетілмеген саңырауқұлақтардың басты ерекшеліктері қандай? Олардың классификациясы неменеге негізделген?

  22. Кілегейлілердің талломы не деп аталынады?

  23. Плазмодиофора қандай өсімдіктердің паразиті болып табылады? Оның өмірлік циклы қандай?

  24. Балдырларға қандай бөлімдерді жатқызады?

  25. Балдырлардың көбеюі қалай жүреді?

  26. Әртүрлі талшықты балдырлардың талломының құрылысы қандай?

  27. Вошерияның жыныссыз және жыныстық көбеюлері қалай жүреді?

  28. Диатомды балдырлардың клетка қабықшасының химиялық құрылысының ерекшеліктері қандай?

  29. Диатомды балдырлардың жыныссыз және жыныстық көбеюлерінің ерекшеліктері неде?

  30. Қоңыр балдырлардың жыныссыз және жыныстық көбеюлері қалай жүреді?

  31. Қызыл балдырлардың клетка қабықшасының химиялық құрылысының ерекшеліктері неде?

  32. Қызыл балдырлардың репродуктивтік органдарының құрылысы мен жыныстық процесінің ерекшеліктері неде? Олардың жыныссыз көбеюі қалай жүреді?

  33. Жасыл балдырлардың эволюциясының бағыты қандай?

  34. Хламидомонада мен улотрикстың жыныстық көбеюінің жолдары қандай?

  35. Коньюгация процесі қалай жүреді және ол қандай балдырларға тән?

  36. Хара балдырлардың талломының құрылысы мен жыныстық көбею органдарының ерекшеліктері қандай?

  37. Балдырлардың өмірінің көп бөлігі қандай ядролық фазада өтеді? Қандай балдырлардың өмірлік циклінде диплоидты және гаплоидты фазалардың- гаметофит пен спорофиттің дұрыс алмасуы байқалады?

  38. Қыналардың тұтастай организм ретінде құрылысының ерекшелігі неде? Қыналар қайда өседі?

  39. Қыналардың қандай талломы гетеромерлі, ал қандай талломы гомомерлі болып есептелінеді? Гонидиальды қабат дегеніміз не?

  40. Қыналардың екі компоненттеріне де ортақ және олардың әрқайсысына тән көбеюінің қандай жолдары болады?

6 ДӘРІС. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ГИСТОЛОГИЯСЫ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет